400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары 7 сынып Қыран жетпеген жерге қиял жетеді

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әд көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Қазақ тілі

Сабақтың

тақырыбы: Қыран жетпеген жерге қиял жетеді

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кубашева Г.А

Мектеп:

№ 5 ЖОББМ

Бөлім атауы

Ғылыми фантастика.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.1.1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.3.4.1. эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасын жазады;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтіндегі оқиғаның дамуын болжайды, эссе жазады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Эссе жазуда мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәселенің оңтайлы шешімі мен себептеріне өз көзқарасын білдіре отырып,эссе құрылымын сақтап жазады;

Бағалау критерийлері

  • мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаның дамуы мен аяталуын болжайды;

  • құрылымын сақтап эссе жазады;

  • мәселенің шешіміне өз көзқарастырын білдіреді;




Ойлау дағдылары

Түсіну, талдау.


Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қиял, арман ,мақсат


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қиял дегеніміз не?

  2. Қиял не үшін керек?

  3. Армандар орындалуы мүмкін ба?

  4. Қиял мен арманның айырмашылығын атаңдар.


Ишара: мақтау, қол соғу.

Алдыңғы оқу:

Қиял туралы түсініктері бар

Құндылықтарға баулу:

Алға қойған мақсатына жету, армандай білу, қиялдай білу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басы

(4 минут)

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық жағымды ахуал орнату. Шеңбер құрып «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

2.Топқа бөлу. Қиял, арман, мақсат сөздері жазылған қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.









Ортасы

(30 минут)


































































































































Сабақтың соңы:

6 мин





«Миға шабуыл » әдісі арқылы түрткі сұрақтар

  1. минут)

  1. Қиял дегеніміз не?

  2. Қиял не үшін керек?

  3. Армандар орындалуы мүмкін ма?

  4. Қиял мен арманның айырмашылығын атаңдар.


ҚБ: смайликтер


1-тапсырма.Т/Ж Бағытталған оқу. (8 минут).


  1. Мәтіннің бөлімдерін мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.


2.Ертегінің дамуы мен аяқталуын қатысты болжамыңызды айтыңыз.

  1. топта талқылап, бір ертегіні оқып беріңіз

Саралау. Диалог және қолдау көрсету. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.


Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде хан өзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге «он күн бойы інінен шықпасын» деген хабар айту үшін тездетіп жолға шығарады.

Уақыты келіп, хан өзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді.

 

1. Оқиға қалай дамиды деп ойлайсыз?

2. Құмырсқа ханның бұйрығын неге тыңдамады?

   — Мен бұлардың барлығына ескертпеп пе едім?! Құмырсқалардың менің айтқанымды тыңдамай сыртта жүргендері қалай? Құмырсқалардың патшасын алдыма алып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы ханның алдына келгенде хан:

   — Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды.

 — ”О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік” деп құмырсқаның патшасы жауап береді.

   Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де:

1. Хан құмырсқаларға қонаққа бара ма?

2. Ханның құмырсқалар туралы ойы қандай?

3. Оқиға әрі қарай қай бағытта дамиды?

   — Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді қалай тамақтандырмақсыңдар, қалай шөлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз көп. Ол жайлы ойландыңдар ма?

 — ”Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады” деді құмырсқаның патшасы.

   Бұл сөзге таңданған хан күліп жібереді.

1.Құмырсқа патшасы не айтқысы келді?

2.Ханның күмәні орынды ма?

3.Ертегінің негізгі идеясы қандай?

   — ”Жарайды. Біз барамыз сендерге” деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады.

   Сонымен хан мен оның әскері құмырсқалардың арнайы тігілген шатырына келеді. Аттарды ат байлайтын орынға байлайды. Құмырсқалардың патшасы өзінің маңындағы құмырсқаларға нанның қиқымын, бір шөптің қиқымын және судың тамшысын әкелуді бұйырады. Бұйрықты тыңдаған құмырсқалар жан-жаққа кетіп, біразу ақыттан соң тапсырылған нан ұнтағын, судың тамшысын және аттарға арналған шөптің қиқымын алып келе бастайды.

1. Құмырсқаларға қандай мінездеме бере аласың?

2. Ертегі қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

3. Өз нұсқанды ұсыныңыз


Содан біраз уақыт өткенде шатырдың алдында наннан тау жасалады, шөптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, хан мен оның әскері және аттары тойғандарынша тамақтанып, шөлдері қанғанша судан ішеді.

   Міне осылай өзін ең ақылды санаған хан өз ісінен ұялып, әскерін ертіп еліне қарай шаба жөнеледі.



Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді

  • оқиғаның өрбуін болжайды

  • топта талқылап, бір ертегіні оқып береді.



ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.





2- тапсырма: Ж/Ж «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, мәтін мазмұны бойынша пікірлеріңді жазып, топта талқыла.

(8 мин)

1.Өзіндік пікір –бір сөйлем

2. Дәлел-екі сөйлем

3.Өз пікірін дәлелдейтін мысал-бір сөйлем

4. Өз пікіріне қарсы пікір-бір сөйлем

5. Қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал-екі сөйлем.

6. Қорытынды-екі сөйлем


3-тапсырма. Ж/Ж ( 10 мин ) Берілген тақырыптардағы мәселелердің оңтайлы шешімдеріне өз көзқарасыңды білдіре отырып, эссе жаз. Саралау.

Диалог және қолдау көрсету.Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

1.Кіріспе бөлім: Оқырман назарын аударатын сөйлемннен тұрады.

2. Негізгі бөлім: Абзацтардан тұрады. Әр абзац аңдатпа, мазмұндау, қорыту сөйлемдерінен тұрады.

3. Қорытынды бөлім: Айтылған ой қорытындыланады.

1. Қиялдың шегі бар ма?

2. Арманға жету жолдары

3.Мақсатсыз өмір сүретін адамдарға айтарым...

Критерий:

  • сөз құрылымын (70-80 сөз ) сақтау;

  • -мәселелердің шешілу жолын талдап ұсыну;

  • .өз көзқарастарын білдіру;

ҚБ: « Карусель» әдісі бойынша топ бір-бірінің эссесін тексеріп, «жұлдызшалар» арқылы бағалайды.

Әр топ сәтті шыққан эссесін оқиды.


«Жуан жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардан сұраққа жауап алу арқылы сабақты қорытындылаймын.(3минут) Саралау.


Қиялcыз өміp cүру мүмкін бе?

Қиял адамға қаншалықты қажет?

Шексіз қиял дегенді қалай түсінесің?

Қыран жетпеген жерге қиял жетеді дегенді қалай түсіндің?

Қиял, аран, мақсат үш ұғымды қалай орналастырар едің?


ҚБ: «отшашу» әдісі арқылы бағалау


Кері байланыс «Құпия жәшік» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерімен бөліседі.






















«Қазақша ертегілер» жинағы












































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
2543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі