400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 7 сынып. Тамырын жайып тереңге

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


ӘБ жетекшісі: Сүлейменова Г.М.

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзiм: 20-21.11.2017 №11 сабақ

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: мәдениеттілік, жауапкершілік, сыйластық.

Мұғалiм: Куандыкова А.К. Класс: 7 Оқушылар саны: 20

Кәсіби даму мақсат: оқушылардың шығармашылық бастамасын қолдау арқылы өзара белсенді әрекетті дамыту

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығын сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.


Міндеттері:

  • Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

  • Өз туған үйлері мен отбасына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

  • Өз туған үйлері мен отбасын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)И.Крутой «Мелодия для души» mp3

"Боз орамал" бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=PY0X3EJaRbA

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi (3 мин)

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз (2 мин)

Сабақтың дәйексөзі ретінде М.Әуезовтің «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый» қанатты сөзі қолданылады.

Мұғалім дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіріп береді.


Мұғалім оқушыларға дәйексөздің мағынасын түсіндіреді, туындаған сұрақтарға жауап береді

  1. Мұғалімнің сыйы (15 мин)

П.Джонның "Боз орамал" шығармасын бейнебаяннан "Стопкадр" әдісі арқылы жүргізу.


Сұрақтар:

1. Бейнебаянды тамашалағанда қандай сезімде болдыңдар?

2. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

3. Оның сағынышының сыры неде?

4. Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңіздер?

Мұғалім бейнебаян бойынша оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылайды.

  1. Шығармашылық, топтық жұмыс (15 мин)

Оқушылар суреттердің көмегімен 4 топқа бөлініп:

1. Отбасы бақыты

2. Отбасы құндылықтары

3. Отбасылық дәстүрлер

4. Отбасымды мақтан етемін...

Тақырыптарында шығармашылық жұмыс жасайды.

Әр топ жұмыстарын таныстырып, мәнін ашады.


Топтық жұмыс

  1. Топпен ән айту (3 мин)

Топпен Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнін бейнебаянның көмегімен орындау.

Ш.Қалдаяқов "Ана туралы жыр" мр3


  1. Үй тапсырмасы (1 мин)

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындау және "Өз ата-әжелеріңнен ұрпақтарына қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы" сұрап, қысқаша шығарма жазып келіңдер.

Оқушы дәптері

  1. Соңғы тыныштық сәтi (1 мин) Соңғы тыныштық сәтінде И.Крутойдың «Музыка для души» бейне баянының көмегімен жүргіземіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі