400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Нәруыздың құрылысы мен қызметімен оқушыларды таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дидактикалық материалдар

1- қосымша

Қан топтары

Қан құю кезінде донор (қан беруші) мен реципиенттің (қанды қабылдаушы) қан топтары сәйкес келмесе иммундық реакция байқалады.

Эритроциттердегі кейбір антигендік қасиеттердің жалпылығы бойынша барлық адамдар белгілі қан тобына тиістілік бойынша бөлінеді. Әр адамның қан тобы ерекше. Белгілі қан тобына тиістілік адамның өмір бойы өзгермейді. Қан «AB0» жүйесі бойынша төрт топқа бөлінеді.

Адам қанындағы эритроциттерде антигендер деп аталатын арнайы нәруыздар болады. Ал плазмада антиденелер деп аталатын нәруыздар бар. Антиген – бұл өзіне қарсы иммундық жауапты немесе Т-жасушаларының бетінде орналасқан рецепторлармен, антиденелермен әсерлесуін тудыратын кез-келген зат. Антиген мен антидене бір-біріне сай келсе байланысу жүреді. Нәтижесінде антиген мен антидене жабысып қалады. Осы процессті агглютинация дейді.

Желімдену (агглютинация) – аттас агглютиноген мен агглютинин кездескен кезде орын алады. Мысалы: «А» «» мен немесе «В» «β» мен. Эритроцитте агглютиногендер, ал сарысуда агглютинин бар болуынан қан топтарының келесі сипаттамасы берілген.

І қан тобының эритроцитінде агглютиногендер жоқ, ал плазмасында «» және «β» агглютинин бар – І (О) β.

ІІ қан тобында агглютиноген «А», ал сарысуында агглютинин «β» бар – ІІ «Аβ».

ІІІ қан тобының эритроциттерінде агглютиноген «В», ал сарысуында агглютинин «» бар – ІІІ (В) .

ІV топ эритроциттерінде агглютиноген «А» және «В» бар, ал қан сарысуында агглютининдер болмайды – ІV (АВО).

Резус фактор


Сонымен қатар эритроциттердегі антигендердің тағы тобы резус (D) болады. Резус деген нәруыз резус- макака маймылының қанынан алғаш табылған нәруыз. Бұны резус фактор деп атайды. Осы нәруыз плазмада болса оң Rh+, болмаса теріс Rh– деп белгілейді. Адамдардың 85%-ның қаны Rh+ болып келеді. Ана жатырындағы ұрық пен ананың резустары сай келмегенде резус – конфликт туындайды. Нәресте қанында эритроцит саны кеміп гемолитикалық ауру туындайды. Резус конфликтіні болдырмау үшін бұндайда арнайы емдеу шарасы жүргізіледі. Ол үшін нәруыз - Rh иммуноглобулинді ұрық қанына еңгізеді. Кейде резус-теріс (Rh-) әйел босанғаннан кейін 72 сағаттың ішінде резус-антиденені (анти D) иньекциямен жібереді. Сонда жіберілген антиденелер резус-антигендермен байланысып әйелдің өзінің лимфоциттері оларды танымай өткізіп жібереді.

Пайдаланған ақпарат көзі: Тейор,Грин, Стаут Биология в 3-х томах, 2 -том.








2- қосымша

Жұмыс парағы

Құрал -жабдықтар:

Сынауық -16дана;

Қызыл ас бояуы-1дана;

Көк ас бояуы-1дана;

Қызыл, көк, қара түсті қаламсаптар.

Қан топтары кестесі

   

А

В

АВ

О

А





В





АВ





О





Жұмыс барысы

  1. 16 сынауыққа жартылай су құйыңыз.

  2. «А» деп жазып, 4 сынауыққа аздаған қызыл бояу салыңыз.

  3. «B» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк бояу салыңыз.

  4. «AB» деп жазып 4 сынауыққа аздаған көк және қызыл бояу салыңыз.

  5. «О» деп жазып қалған 4 сынауыққа ештеңе қоспаңыз.

  6. 4 оқушыны шақырып, әрқайсысына А, В, АВ және О деп жазылған бейджиктер беріңіз.

  7.  Әр оқушыға 4 түрлі сынауықты беріңіз.

  8. Олар осы 4 сынауыққа өз қан тобының сынауығындағы ерітіндіні кезекпен құяды. Егер де түс өзгермесе қан тобы сай келеді, өзгерсе сай емес. Сай келсе кестеге + сай емес болса – белгісін қояды.

Кестедегі нәтижеге қарап қан құю сызбасын сызыңыз





















(А деңгейі) Терминдерге анықтама беріңіз:


Агглютиноген -

Агглютинин -

Донор -

Реципиент -

Агглютинация -

(В деңгейі).

1-тапсырма. Бос орындарды қан топтарына сай толтырыңыз:


Қан топтары

Эритроциттерде болатын антигендер

Қан плазмасында болатын антиденелер

І



ІІ



ІІІ



ІV




2-тапсырма. Қан топтарын құюда сәйкессіздік орын алудың салдарын түсіндіріңіз

...........................................................................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................


(С деңгейі). Суретте көрсетілген 1,2,3- жағдайларды зерттей отырып, қорытынды жасаңыз. Туындау себебі, салдары, профилактикасын сипаттаңыз. Мысалы, некелесуден бұрын бұл мәселенің алдын алу мүмкіндігі бар ма?



...........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................




4-қосымша

қазақша

ағылшынша

Агглютиноген

Agglyutinogen


Агглютинин


Agglutinating substance

Антидене

Antibodies


Резус -фактор

Rhesus factor


Реципиент

Recipient


Донор

Donor


Қан құю

Blood transfusion



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
968
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі