жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары 8 сынып. Шынайы білімнің нұры.
Пән: Өзін – өзі тану
Күні:
№: 5
Мұғалімі:
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Шынайы білімнің нұры
Құндылығы: ақиқат
Қасиеттері: адалдық, дарындылық, саналық
Мақсаты: оқушыларға «шынайы білім», «жанды білім», «ішкі білім» ұғымдары туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушылардың шынайы білім туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: ғылыми зерттеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: өзін- өзін тануға ұмтылуға, өз бетімен іздеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: Мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқулық, «Мөлдір бұлақ» хрестоматиясы, сандар1,2,3 |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Жағымды көңіл-күйге келу Бaяу музыкa opындaлaды. Тыныс алу жаттығуы. Балалар, тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің миымыз дем алады. Ауаны жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне дайындалайық балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды алдарыңа қоямыз. Демал....., шығар......(жаймен 9,10 рет). Әрқашан тыныштық пен қуанышты бойымызда сақтауға тырысайық Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар: 1. Айғаным әже ауыл ақсақалдарын тоқым қағарға не себептен шақырды? 2. Дабашинский Шыңғыс ауылына қандай мақсатпен келді? 3. Шыңғыстың «Шоқанжан, енді артыңа емес, алдыңа қара. Өмірің өрі алдында» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? 4. Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер. |
Сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Үш топқа түрлі сандар арқылы бөлінеді.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау. |
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Білімдінің сөзі – ем, Мейірімі көп, өзі кең». Мағжан Жұмабаев. Сұрақтар:
|
Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігімен талдау. |
Он сұраққа бір жауап
Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген: 1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен. Сұрақтар:
|
Пікір алмасады, сұрақтарға жауап береді. |
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Өлеңді құрастыру. 1 – топ: ...
- ... бар жұрттар
(Өнер-білім
бар жұрттар 2 – топ: ...,
... - жанған шырақ, ойласаң.
(Оқу,
білім - жанған шырақ, ойласаң. 3 – топ: Өнер
...! Ез емес басты ....
(Өнер
қару! Ез емес басты баққан. |
Топпен бірлесіп тапсырманы орындайды. |
Ұстазым менің ұстазым Өлеңін жазған Аманжол Шамкенов Әнін жазған Әбілахат Еспаев Тұлғаңды
арманыма ұксатқанмын |
Бәрі бірігіп әнді ерекше көңілмен айтады. |
7. Үй тапсырмасы. Келесі сабақ. №6, «Тапсырма» мәтінін оқып келу. |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде. |
Сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген