САБАҚ
ЖОСПАРЫ
ӘБ жетекшісі: Сүлейменова
Г.М.
Мектеп: Шымкент қаласы
физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі
Мерзiм: 12-16.02.2018 №21
сабақ
Тақырып: Табиғат - тал бесігің,
аялай біл!
Құндылық: дұрыс
әрекет Қасиеттер:
мәдениеттілік,
жауапкершілік, сыйластық.
Мұғалiм:
Куандыкова
А.К. Класс: 8
Оқушылар
саны: 20
Кәсіби даму
мақсат: оқушылардың шығармашылық
бастамасын қолдау арқылы өзара белсенді әрекетті
дамыту
|
Сабақтың
мақсаты: оқушылардың табиғатпен
үйлесімділік, табиғатты аялау арқылы
дұрыс
әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушылардың табиғат тіршілік
бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат
заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін
кеңейту;
- оқушыларды табиғат тазалығын
сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге
үйрету;
- ізгілікті, жауапкершілікті,
ұқыпты болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер) И.Крутой «Мелодия для души»
mp3
|
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi (3
мин)
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат
(Қосымша 1).
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
-
Әңгімелесу
(7 мин)
Оқулықтағы «Ойланайық,
пікірлесейік» айдары оқушылардың білім деңгейін анықтап, жаңа
сабаққа бағыттауға мүмкіндік береді.
Мұғалім төмендегі сұрақтар
бойынша пікір алмасу жүргізеді және өзі
қорытындылайды:
1. Табиғат сені қандай әсерге
бөлейді?
2. Адам мен табиғат арасында
үйлесім бар ма?
3. Жер бетінде табиғи
апаттардың етек алып кету себебі
неде?
4. Табиғатты сақтап, қорғау не
үшін қажет?
|
Әңгімелесу сұрақтары арқылы
оқушылар бір-бірімен пікір алмасады және жаңа сабаққа бағыттауға
мүмкіндік береді
|
|
3. Мұғалімнің
сыйы (5 мин)
Табиғатты қорғау туралы
білімдерін кеңейту мақсатында "Табиғатты қорғайық, аялайық"
бейнебаянын көру ұсынылады.
|
Тақырыптың мазмұнын ашатын
сұрақтарға оқушылардың жауаптарын толықтырып, мұғалім бейнебаяндағы
негізгі құндылықтарды атап
өтеді
|
|
4. Шығармашылық
тапсырма (10+13
мин)
Сабақ тақырыбы бойынша
оқушылардың білім-біліктерін кеңейту үшін, сондай-ақ бейнебаяннан
алған мәліметтерін пысықтау үшін шығармашылық жұмыс ұсынылады.
Шығармашылық тапсырма бойынша оқушылар суреттерге қарап, табиғат
апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба ұсынылады. Суреттер
төмендегідей мазмұнда ұсынылады:
1. Чили. Сантьягода ауаның
ластануынан адамдар зардап шегуде.
2. Жапонияда болған күшті жер
сілкінісі, Рихтер шкаласы бойынша 7.2
балл.
3. Арал
теңізі
Оқушылар өз беттерімен таңдап,
жобаларын қорғайды.
|
Оқулық
|
|
5. Үй тапсырмасы
(1 мин)
Оқушы дәптеріндегі 2
тапсырманы орындау беріледі.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
күнделікке және дәптерлеріне белгілеп
алады
|
|
6. Соңғы тыныштық
сәтi (1 мин) Соңғы тыныштық сәтінде
И.Крутойдың «Музыка для души» бейне баянының көмегімен
жүргіземіз.
|
|
ӘБ жетекшісі: Сүлейменова
Г.М.
Қосымша
1
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
(Оқушылардан еркін отыруды, қолдарын тізесіне
немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз.
Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка
қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз
және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Денеңізді босатыңыз. Бірнеше
секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе
жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына,
шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды
сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде
дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін
келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның
арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің
арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу
қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді
арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама
ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді
анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен
қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім
бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз
әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап
түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.
Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері
қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.
Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап
саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз
және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз,
осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға
тырысыңыз.