400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. 8сынып. Химия пәні. Оттек және озон

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары химия пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

8.2D. Сутек. Оттек және озон

30. Сабақтың тақырыбы: Оттек және озон БЖБ №3

Жамбыл облысы. Тараз қаласы.

Мектеп:Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:Туймеева Гульмира Халиковна

Күні:

СЫНЫП: 8 Химия

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.4.2.4 -оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;

8.4.2.5 -Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру

Сабақ нәтижесі:


  • Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:оттектің аллотропиялық түр өзгерістерін, озон мен оның қасиеттерін, озон қабатының бұзылу себептерін біледі.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: оттек және озонның құрамының, қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіре алады. II деңгейдегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: оттегі және озонның алынуын, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеуін қолдана отырып есептер шығара алады, оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Бағалау критерийі

  • аллотропия анықтамасын біледі;

  • озон оттегінің алотропиялық түрөзгерісі екенін біледі;

  • оттегі және озонның қасиеттерін салыстырады;

  • озонның алыну реакциясын жазады және оны алуда қолданылатын приборды біледі;

  • озонның маңызы және қолданылуын біледі;

Тілдік құзіреттілік

Катализатор, оксидтер, жану, фотосинтез, тыныс алу

Ресурстар

Тарқатпа материалдар, интернет желісі: «Білімленд» сайты, рефлексия, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Физика, биология, география – Атмосфера, озон қабаты

Математика - массалық үлесті анықтау, пропорция

Алдыңғы оқу

7 сынып. Жану үдерісі

8 сынып. Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. № 4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».

3 практ. жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

 «Ой қозғау»

5 минут


Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру

«Есептер мен жаттығулар»

I деңгей

1. Мына заттардың:

a) судың, сынап (II) оксиді және калий хлоратының айырылу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

б) Осы үш заттың айырылуы қандай жағдайда тез жүреді?

в) Оттек өнеркәсіпте қалай алынады?

II деңгей

2. Калий перманганаты КМnО4; калий хлораты КСІО3; сынап (II) оксиді HgO,натрий нитраты NaNO3 құрамындағы оттектің массалық үлесін {%) табыңдар. Оларды оттектің массалық үлесі арту ретімен орналастырыңдар.

III деңгей

3. 98 беттегі 4. Массасы 24,5 г бертолле тұзы КСІО3 айырылғанда бөлінетін оттектің массасын есептеңдер.




Бағдаршам әдісі

Жаңа білім

Топпен жұмыс

7 минут











1 топ –Озонның ашылу тарихи, алынуы, қолданылуы.

Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады.

Озонды ең алғаш рет 1785 жылы голланд физигі және ботанигі Мартин Ван Марум ашқан.

Озон (грек тілінен ozon – аңқығыш дегенді білдіреді.

Химиялық формуласы: О3.

Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 км аралығындағы биіктікте орналасқан. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым, оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. Тоннадан астам ғана.

Озон молекуласы үш атомнан тұратын оттектің аллотропиясы.

Алынуы: Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі

Лабораторияда озонды озонатор дейтін құралмен алуға болады

Реакция теңдеуі: 3О2 → 2О3

Оттек Озон

Қолданылуы:ауа мен ауызсуды озондауға, өндірістің ағын суларын залалсыздандыруға, зымыран отынын тотықтыруға және ағартқыш зат ретінде қолданылады. Озон қабаты Жердегі тіршілікті ультракүлгін сәулелерден қорғайды.

2 топ. Физикалық және химиялық қасиеттері

Физикалық қасиеті: Түсі – қою көк, өткір иісті газ, ал сұйық озон – күлгін көк түсті. Балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С.

Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та). Молекулалық массасы — 47,998 а.е.м.

Озонның газ күйі — диамагнитен, ал сұйық күйі — слабопарамагнитен деп аталады.

Озон табиғаты. Озон – үшатомды оттек, газ, көктүсті. Төменгі температурада қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатсақ анық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты.

Химиялық қасиеті:Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс:О3 →О2

Озон газының химиялық белсенділігі оттектен жоғары. М: кәдімгі жағдайда күміс пен сынап озон әсерінен тотығады, скипидар, спирт, эфирлер тұтанады, бояғыш заттар түссізденеді.

Сапалық реакция: Озонды иод-крахмал қағазының түсінің өзгеруі бойынша анықтайды: O3+ +2KІ+H2O=І2(көк)+O2+2KOH.

Кәдімгі оттек О2 КІ-мен реакцияға түспейді.




https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/ottek-zhane-ozon

Сергіту сәті

2 минут

«Химиялық ойын» металл оксидтері аталғанда оқушылар оң қолын көтереді, ал бейметалл оксидтері аталғанда сол қолдарын көтереді.

Оқушылар сергіп қалады.

Сабақтың аяқталуы


3+20минут

Сабақты бекіту.

Вен диаграммасы: Оттегі және озонның ұқсастығымен айырмашылығы

Қолдану БЖБ №3

Үйге тапсырма: §29, 2-4

Басбармақ әдісі

Жиынтық бағалау

Бағалау

Кері байланыс

1 минут

3:2:1 әдісімен кері байланыс өткіземін.

1- маңызда ақпарат, 2 ұнаған іс- әрекет, 3-қиындық тудырған мәселе.

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация сабақтың

көпшілігі үшін жеке жұмыс орындау кезінде жүргізіледі.Қабілеті төмен оқушыларға жоспар бойынша жүргізілетін тәжірибеде қолдау көрсету, ал барынша үлгеретіндерге қосымша тапсырмалар арқылы олардың білімдерін кеңейту.

Бұл сабақта бағалау жай және күрделі заттар? Олардың айырмашылығына қажетті түсініктерді еске түсіру үшін сұрақтар қою кезінде, топқа бөлу, топтық және жекелеме жұмысты орындау барысында жүргізіледі

Оқушылардың денсаулығымен өміріне байланысты қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Қарым – қатынас жасау қабілетін қолдау 

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
2281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі