400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары. 9 сынып Адам генетикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
биологиядан сабақ жоспары.Дәстүрлі сабақ. Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам генетикасы. Адам генетикасын зерттеу әдістері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға адам генетикасы және оның зерттеу әдістері жайлы

білім беру;

2. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ойлау-сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба;

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, кесте, интерактивті тақта;

Сабақтың барысы:

І.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мутациялар деген не?

2. Олардың себептері неде?

3. Доминантты және рецессивті мутациялардың ерекшеліктері қандай?

4. Қандай мутагенді факторлар бар?

5. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологты қатарлар заңы нені түсіндіреді? Ол заңды кім дәлелдеді?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Адам генетикасы-адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, қалыпты белгілердің және түрлі аурулардың тұқым қуалау ерекшеліктерін, ол аурулардың қалыптасуындағы генетикалықфакторлар мен орта факторларының рөлін зерттейді.

Дегенмен кәзіргі кедде адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштігін зерттеу жұмыстары қарқынды жүріп, жақсы нәтижелер көрсетуде;

АShape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 дам генетикасын зерттеудің әдістері

Генеологиялық цитогенетикалық егіздерді салыстыру биохимиялық модельдеу

Генологиялық әдіс. Бұл әдістің ерекшелігі-адамның ататегіне шежірелік сызбанұсқа құрылып, оған талдау жасалынады. Бұл әдіс зерттеу жүргізуге өте қолайлы.

Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы дене жасушасындағы хромосомалардың саны мен құрылысы зерттеледі. Зерттеу үшін көп жағдайда адамның қан лейкоциттерін бөліп алып, оны арнайы қоректік ортада өсіріп, оларды микроскоппен қарайтын арнайы препараттар жасалады.Препаратты зерттеу нәтижесінде хромосомаларжиынтығының толық екендігі, артық немесе кем болуы анықталады. Мысалы, дені сау адамның қалыпты жағдайдағы кариотипі 46 ХҮ, 46 ХХ деп белгіленсе, хромосомалық аурулар кезінде кариотип 47 ХХҮ, 45 ХО, 47 (21+), т.б. болып өзгереді. Бұл жағдай адамның хромосомалық ауруларға ұшырағандығын көрсетеді.

Егіздерді салыстыру әдісі. Егіз туылған балаларды бір-бірімен салыстыру арқылы кез келген жағымды белгінің немесе аурудың, кемістің пайда болу себебі анықталады. Мұндай белгілер генотипке немесе сыртқы орта жағдайларына байланысты болуы мүмкін.

Егіздер бір жұмыртқалы немесе екі жұмыртқалы болады.

Біржұмыртқалы егіздер ұрықтанған бір жұмыртқа жасушасынан түзілген зиготаның екіге бөлінуінен дамып жетіледі. Сондықтан олардың генотиптері ұқсас екеуі де ұл немесе екеуі де қыз болады.

Екі жұмыртқалық егіздер жеке-жеке ұрықтанған екі жұмыртқадан дамып жетіледі. Олар бірдей жынысты да екі жынысты да болып, бөлек туған ағасы мен қарындас немесе әпкесі мен сіңілісі сияқты болып көрінеді.

Қандайда бір белгі бойынша егіздердің ұқсастығын конкорданттылық, ал белгі олардың тек біреуінде болып, екіншісінде болмаса дискорданттылық деп аталады.

Биохимиялық әдіс. Бұл әдістің көмегімен мутациялар нәтижесінде пада болған гендік ауруларды, яғни зат алмасу бұзылының ауруларын анықтайды. Жиі кездесетін ауруларға қантты диабет галактоземия, феникетонурия т.б. жатады.

Сабақты бекіту: Суреттермен жұмыс;

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі