жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспары 9 сынып биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4.Эволюциялық ілім |
Мектеп: Күршім ауданы, Қарой негізгі орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Ерболова Мадина Ерболқызы |
|||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.2.5.2 Эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвиннің еңбектерінің рөлін түсіндіру |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвиннің еңбектерінің рөлін түсіну. Оқушылардың басым бөлігі: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидаларын талқылап, ажырата алу. Кейбір оқушылар: Эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвиннің еңбектерінің рөліне баға беру. |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
Эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвиннің еңбектерінің рөлін түсіндіреді |
|||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар ... істей алады. Эволюция ілімінің қалыптасуындағы Ч.Дарвиннің еңбектерін мәтіннен оқып, сурет бойынша тақырыпты түсіндіреді.(оқылым, тыңдалым, айтылым) Видеоматериалды тыңдап, сұрақтар дайындайды, сұрақтарға жауап береді.(тыңдалым жазылым) |
|||||||||||||
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, тұқымқуалайтын өзгергіштік, көбею шексіздігі, тұқымқуалаушылық. |
||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер |
||||||||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Өзгергіштік болса, тұқымқулаушылық болмаса эволюция үрдісі болуы мүмкін бе? Иа, өйткені... Жоқ, өйткені... |
||||||||||||||
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Табиғи сұрыпталу мен тұқымқуалайтын өзгергіштік арасында байланыс бар. Неліктен екенін айта аласыз ба? |
|||||||||||||
|
Жазылым бойынша ұсыныстар: Ч.Дарвин еңбектерінің эволюция ілімінің қалыптасуындағы рөлі зор, себебі... |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
МЕ идеясы құндылықтарынан: «Тарихтың, мәдениет тілдің біртұтастығы»: оқу тапсырмаларын орындау кезінде өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы»: топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, ортақ пайдалану құндылылықтары дамытылады.
|
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
География 7 сынып. Ұлы географиялық ашылулар. Тарих 6 сынып.Күй аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөздері
|
|||||||||||||
АКТ |
Интербелсенді тақтаны видео мен жұмыс орындағанда пайдаланады. |
|||||||||||||
Бастапқы білім |
7.2.2.1 адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерді зерттеу. 7.2.2.2 белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру. 8.2.4.1 тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін дәйектеу. 9.2.5.1 К.Линней мен Ж.Б.Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу. |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут
4-9 |
І. Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын құру Оқушылар бөлініп ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбердегі оқушы сағат тілімен айнала сыртқы шеңбердегі оқушыға тілек тілейді. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Велосипед шыңжыры»
Шағын топтарға топтастыру. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Мозайка» Оқушыларға ғалымдардыі қима суреттері таратылады. Оқушыларды мозайканы құру арқылы 3 шағын топтарға топтастырамыз. 1 топ. Ч.Дарвин 2 топ. Ж.Б.Ламарк 3 топ. К.Линней
Үй тапсырмасын сұрау Тапсырма 1. Оқушылардың әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде оқушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Қалташадағы сұрақтар». |
Қосымша 1 |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-8 минут
21-30 минут
32-36 минут |
Жаңа тақырыпты ашу Суреттерге қарап жаңа сабақтың тақырыбын болжап анықтаңыз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Суреттер арқылы болжау». Тапсырма 2. Оқулықтағы 254-257 беттерді түсініп оқыңыз, мәтінге сәйкес берілген суреттерді сөйлетіңіз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Суреттер сөйлейді» әдісі (визуалды ойлау, көре білу). Дескриптор:
ҚБ: «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі Тапсырма 3. Оқушыларға бейнефильм көрсетіңіз. Экранда кадрды тоқтата тұрып, сұрақтар дайындап алуға уақыт беріңіз( видео біткенше тоқтатып, жалғастыру). Әр оқушы бір-біріне сұрақтар дайындайды. Сұрақтарды топ ішінде сол жақ көршісіне айналдыра сұрақ қойып шығады. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Стоп кадр» Дескриптор:
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі Тапсырма 4. Мынадай жағдай моделін жасаңыздар: «Сарғыш арыстандар жұбының 3 мысықтың бірі ақ болып туды».
Бұл неге мысал бола алады? Дескриптор:
ҚБ: «+,-,керемет» әдісі |
Қосымша 2
Оқулық Биология 9-сынып
https:/bilimland.kz/kk/courses/biology-kk/ehvolucziya/ehvolucziyalyq-ideyalardyng-damuy/lesson/darvin-teoriyasy
Сурет 1 |
||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 минут
|
Кері байланыс:
Үйге тапсырма: эволюция ілімінің пайда болу теориясына интернет көздерін пайдалана отырып, қызықты мәліметтер жинап келеміз.
|
Кері байланыс парағы
|
||||||||||||
Қосымша ақпарат. Bilimland.kz |
||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||||||||||
Саралауды топқа бөлуде қолдандым. -Оқушылардың қабілет деңгейлері ескеріле отырып, құрылымдалған аралас топ құрамын. -бекітуде оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, модельдеу арқылы оқушылардың деңгейлері бағаланды. Терең білім алуға деген ынталарын арттыру мақсатында жаңа тақырыпты түсінуге «суреттер арқылы болжау» әдісі қолданылды. |
Менің жоспарлап отырған қысқа мерзімді жоспарымда: «екі дұрыс, бір бұрыс», «бағдаршам»,«+,-,керемет» әдісі, «Стоп кадр», «Қалташадағы сұрақтар», «Суреттер арқылы болжау», «Велосипед шыңжыры» әдістері қолданылады. Оқушылар бір-бірін бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы жүреді.
|
Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау |
||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1:
2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? |
||||||||||||||
Қосымша 1
Қосымша 2
Сурет 1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген