400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 9-сынып Желілік этикет ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән : Информатика  

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС


Мектеп: №124 ЖББМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кобебаева Аманғайша Ерғазықызы

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Желілік этикет

Оқу мақсаты

9.4.2.1 - желіде жұмыс істеу барысында этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: желіде жұмыс істей алу және этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы өз ойларын айту;

Көпшілік оқушылар: желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылуына жол бермеу;

Кейбір оқушылар: ҚР-ның ақпарат алмасуға байланысты заңдарын білу.

Бағалау критерийлері:

  • желіде жұмыс істей алу және этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы өз ойларын айта алады;

  • желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылуына жол бермейді;

  • ҚР-ның ақпарат алмасуға байланысты заңдарын, құқықтық нормаларын біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Этикет, нетикет, құқықтық ереже, флейм, оффтопик, оверквотинг, флуд

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

әлемдік қауымдастықта рухани мәдениетті дамыту, ынтымақтастық ортаға баулу

Пәнаралық  байланыс

Ағылшын, Адам.Қоғам.Құқық.

Алдыңғы  білім 

Желі ұғымымен таныс, желіде жұмыс жасай алады


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған қызмет




Ресурстар



Сабақтың басы

3 мин





















4 мин























1 мин









2 мин

Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа әзірліктерін тексеру;

«Көрмей таңдау» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді (түрлі түсті стикерде жасырылған сөздерді таңдау арқылы қай топқа отыратынын біледі):

1-топ: «Флейм»

2-топ: «Флуд»

3-топ: «Оффтопик»

«Жылы жүрек» әдісі арқылы сыныпта оқушылар топ бойынша бір-біріне жүректің сұлбасын ұсыну арқылы жылы сөздер мен тілектерін білдіре отырып психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топ басшысын жасырын стикер арқылы анықтау.



Үй тапсырмасын тексеру;

«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы жүзеге асады, яғни тақырыпқа сай бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады.

Мысалы, 1. Бұлттық технологиялар (Интернет желісінде электрондық түрде ақпаратты сақтау, өңдеу және деректермен бірлесіп жұмыс істеуге арналған есептеуіш ресурстар.)

2. Microsoft Live@edu және Google Apps Education Edition (Қазақстандық білім беру жүйесінің тәжірибесінде қолданылатын бұлттық қызметтер)



Қалыптастырушы бағалау. «Жарық жұлдыздар» әдісі арқылы әр дұрыс жауапқа топтар бір-біріне 1 жұлдыз беріп отырады.





Оқушыларға әр түрлі желідегі хаттардың суреті бар парақтар таратылады және осы арқылы оқушылар өз ойын айтады. Оқушылардың ойын тыңдай отырып жаңа сабаққа өтіп, тақырыпты ашамын.




















































Сабақ ортасы


3 мин

 














































10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 









1 мин






5 мин















2 мин












4 мин


Жаңа сабақты презентация арқылы түсіндіремін.

Желілік этикет – кибернетикалық кеңістікте қабылданған коммуникативтік мінез-құлық нормалары. Желілік этикет – сетикет, нетикет – ағылшынның net «желі» және француздың etiquette «этикет» сөзінен шыққан. Желілік этикет көпшілік пайдаланатын Интернет-қоғамдастықтың дәстүрлері мен мәдениетін, мінез-құлық ережелерін, желілік қарым-қатынасты білдіреді.

Интернет-коммуникацияның этикеті «вебте» әңгімелесу ережелерін, электрондық хат алмасуды басқару, сөйлесу бөлмелері мен форумда өзара әрекеттесуді қамтиды.

Нетикеттің қағидаларын түсіну өте оңай – негізгі мәселелерді біліп, сыпайылықтың қарапайым заңдарын сақтау жеткілікті.

Жиі кездесетін желілік этикеттің бұзылуы әртүрлі қорлауды, қоғамның осы тақырыбынан қасақана кетуді, үшінші тарап мазмұнын жарнамалауды білдіреді. Сондай-ақ, жеке веб-порталдарда жала жабу, зиянды жалған ақпарат, плагиат.


IMHO, имхо – «In My Humble Opinion» – «менің пікірімше».

LOL – «Laugh Out Loud» – «мен қуаныштан шаттанып дауыстап күлемін».

BTW – «By The Way» – «айтпақшы».

AFAIK – «As Far As I Know» – «Менің білуімше».

NFC – «No Further Comments» – «Мен бәрін де айттым».

WBR – «With Best Regards» – «Ізгі тілекпен».

ASAP – «As Soon As Possible» – «Мүмкіндігінше тезірек».

AKA – «Also Known As» – «Сондай-ақ».


Оффтопик – бұл нақты тақырыпты немесе әңгімелерді, программалауды талқылауға арналған форум.

Оверквотинг (overquoting) – бұл хаттың шамадан тыс зиянды дәйексөзі. Мүмкіндігінше, одан аулақ болу керек.

Флейм (Жалын) – бір-бірімен сөйлескен кезде келеңсіз жағдайлар туындап, нәтижесінде қатты дауға айналады. Төмендегі жағдайлар:

• адамдар әңгімелесу барысында өздерінің жеке басы туралы әңгіме жүргізсе;

• жеке, ұлттық, діни немесе кәсіби сипаттағы келеңсіз әңгімелер қозғаса;

• жанжал шығару үшін дөрекі, қызба, дау-дамай жүргізгенде флейм пайда болады.Флеймге (Жалынға) ешқашан қолдау көрсетпеңдер, дау-дамайға ілесуден аулақ болыңдар.

Флуд (Су тасқыны) – бұл ешқандай мағынасы жоқ, өзіне назар аударту үшін қолданылатын хабарлар ағыны. Флуд (Су тасқыны) кезінде беттердің жүктелуі баяулайды, қажетсіз ақпараттардың саны артып, шығындар артады.


Топпен жұмыс.

Әр топ берілген тақырып бойынша постер қорғап түсіндіруі керек.

1-топ. Электоронды поштада, чатта жұмыс жасағандағы этикет;

2-топ. Телеконференцияларда, желілік қауымдастықта қолданылатын этикет;

3-топ. ҚР «Ақпараттандыру туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу» заңында бекітілген негізгі міндетті қағидаттар.


Дескриптор: Білім алушылар

-электронды поштадағы және чаттағы этикетті білді;

-телеконференциялар мен желілік қауымдастықтағы этикетті білді;

-ҚР «Ақпараттандыру туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу» заңында бекітілген негізгі міндетті қағидаттарды білді;

- Желідегі құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айта алды;



Қалыптастырушы бағалау. Әр топ бір-бірін «Себетке алма салу» әдісі арқылы бағалайды. Яғни әр топ алма стикері арқылы дескрипторларға қарай отырып бір-біріне баға береді.



Жұппен жұмыс.

«Жағымды желі» әдісі арқылы оқушыларды деңгейіне қарай жұпқа бөлемін. Содан соң жұптағы оқушылар бір-бірлеріне ұялы телефондары арқылы өздері қалаған желіде желілік этикетті сақтай отырып хат жазады.

Дескриптор: Білім алушылар

  • Желілерді қолдана алды;

  • Желілік этикетін сақтай отырып хат жаза алды;

  • Мәтінге сай смайликтер қолдана алады;



Қалыптастырушы бағалау. «Смайлик» әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.


Сергіту сәті: «Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды. Көзімізді ашып-жұмамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!


Сабақты бекіту:

«Socrativ» әдісі арқылы тест алып бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.

Тест жұмысы.

  1. Желіде өзара байланыс жасауға қажетті ережелер қалай аталады?

А) флум

В) флейд

С) этикет

Д) құқықтық нормалар

2. Еtiquette «этикет» сөзі қай тілден шыққан?

А) ағылшын

В) француз

С) неміс

Д) араб

3. Желідегі WBR – «With Best Regards» қысқартылған сөзі нені білдіреді?

А) айтпақшы

В) Сондай-ақ

С) менің пікірімше

Д) Ізгі тілекпен

4. Оверквотинг (overquoting) дегеніміз не?

А) бұл хаттың шамадан тыс зиянды дәйексөзі

В) бұл нақты тақырыпты немесе әңгімелерді, программалауды талқылауға арналған форум

С) бір-бірімен сөйлескен кезде келеңсіз жағдайлар туындап, нәтижесінде қатты дауға айналуы

Д) бұл ешқандай мағынасы жоқ, өзіне назар аударту үшін қолданылатын хабарлар ағыны

5. . . . кезінде беттердің жүктелуі баяулайды, қажетсіз ақпараттардың саны артып, шығындар артады.

А) Оффтопик

В) нетикет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
3594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі