400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. 9 сынып. Қазақ тілі. Адам құқы.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.5.1 мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орынбекова Ж.О

02.12.2024ж

Қазақ тілі

9 сынып

Бөлім:

Адам құқығы мен бостандығы

Сабақтың тақырыбы:

Адам құқы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

Сабақтың мақсаты

Мәтіндегі ойға өзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға береді

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагог іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру

2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпта оқушы зейінін шоғырландыру арқылы жайлы атмосфера қалыптастыру

Оқушы назарын сабаққа аударады






Сабақтың басы 5 мин

Алдыңғы білім.

Жалпы сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ-жауап әдісі.

Құрмалас сөйлемнің түрлері.

Алдыңғы сабақта үйренген білім мен қалыптасқан дағдылар туралы еске түсіреді.


Қалыптастырушы бағалау: сұрақтарға жауап беріп, белсенділікпен қатысқан оқушыға “Жарайсың!” “Керемет” деген мадақтау сөзімен ынталандыру


3 мин

Сабақ мақсатын оқушылармен талдайды

Сабақ мақсатына қатысты ойларын түсіндіреді



Жаңа сабақ

20 мин























































Білім бекіту

7мин

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінде көтерілген мәселенің себептері мен салдарына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма

Ішкі мәдениеті жоғары.

Біздің қоғамға ішкі мәдениеті жоғары адамдар қажет-ақ. Ішкі мәдениеті жоғары адам ата-анасымен тәрбиеде айтылмаған, әдептілік қағидаларында жазылмаған тәртіпке өз түйсігімен, тәжірибеде жиған парасаттылығымен келеді. Ішкі мәдениеті жоғары адам үшін әр жанның өмірі, бақыты өзінікіндей құнды. Сәйкесінше әркімнің сезімдерін өзінікіндей сыйлап, кісі көңіліне қарап сөйлейді. Әркімнің қалауын сыйлағандықтан ғана өз пікірін өзгеге танып, таңдауына араласып, арман-мақсатына кедергі болмайды. Әркімнің еңбегін өзінікіндей сыйлап, біреудікін пайдаланып кетуге, тегін алуға құмар болмай, оны лайықты бағалайды. Ішкі мәдениеті жоғары адам өзінің осы өмірде бар болуымен ешкімге артық салмақ салмайды. Ішкі мәдениеті жоғары жанның адамдармен қатынастағы басты қағидасы – қуанту, жылулық сыйлау. Ең болмағанда жүзімен, сөзімен, әрекетімен зиянын тигізбеу. Оның әр басқан қадамы ізгілік. Сыртқа шыққанда көше, сырттан келгенде үй іші ішкі мәдениеті жоғары, жанашыр жандарға толы болғанда қандай бақытты халық болар едік!

Мәтінде көтерілген мәселенің +

Мәтінде көтерілген мәселенің -

Көзқарасы


ЕББҚ -тапсырма

Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді мұқият тыңдап, топта талқылайды. Берілген кестені жеке толтырады.



Оқушылар жеке жұмыс жасайды






















































Дескриптор: /3/

Мәтіндегі ойды түсініп, топта талқылауға қатысады -1балл

Берілген кестеге өз көзқарасын жазады-2балл


Интернет желісін пайдаланып аудио тыңдау.





Таратпа материалдар

№2 тапсырма. Жеке жұмыс. ПОПС формуласы.

Мен, ішкі мәденитім өте жоғары адаммын.

Себебі ...

Дәлелі...

Мынадай қорытындыға келдім...

Оқушылар мәтіндегі ойға сүйене отырып, өзіне сыни баға береді. Дәптерлеріне ПОПС формуласын жазады.


Дескриптор /2/

Қасиеттерді жазады-1б

Өзіне сыни баға береді-1балл


Дәптер

Таратпа материалдар.


3-тапсырма. Берілген мәтіннен құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап, сөйлем мүшесіне талдаңдар.

1.Шуыл көбейіп, сендер қалыпты көше бастадыңдар. 2.Сепкен тұқым тез өну үшін, біз себер алдында оны сулап аламыз. 3.Жаңа ғана еңсесін басқан ауыр ойлар серпіліп, қыз көңілі сергіп қалды. 4.Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді. 5.Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады

Тартпа қағазда жазылған мәтінді дәптерлеріне көшіріп, құрмалас сөйлемнің түрлерін табады, сөйлем мүшелеріне талдайды.

Дескриптор5балл Әр сөйлем дұрыс талданса 5 балл беріледі. Түрін анықтайды. Сөйлем мүшесіне талдайды.


Үй тапсырмасын беру. 5 мин

67-бет. 5 - тапсырма

Ережені қайталап, жаттығуды дәптеріне жазып келеді.



3 мин

Кері байланыс ,,Менің термометрім,, Оқушылар жазба жұмысын жазу барысында нені үйрене алғандарын, не нәрсе қиын болғанын, не нәрсе ерекше қызығушылық тудырғанын айтады

Оқушылар кері байланыс береді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі