сабақ жоспары № 5 «Кітап – білім көзі.»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары № 5 «Кітап – білім көзі.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға кітап- білім көзі екенін түсіндіре отырып, кітап туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ---------------



Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Ғасырлар даналығы

Педагогтің аты-жөні

Сайлаубек А. Қ.

Күні:

04.10.2021

Сынып: 3

Қатысушылардың саны: 12

Қатыспағандардың саны:

сабақтың тақырыбы

5 «Кітап – білім көзі.»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

- Онда жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қарапайым түсінігі бар;


Құндылығы:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға кітап- білім көзі екенін түсіндіре отырып, кітап туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

1. Оқушылардың  білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру.

2. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

3.. Оқушыларды кітапты ұқыпты күтіп ұстауға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


1.Жағымды көңіл-күй

2 мин

Амандасу, 5Т ережесімен таныстыру , оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.


Амандасу, оқушылар сабаққа дайындалу.



2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

5 мин

Кітаптың 23 беттегі « Жүз мәрте» әңгімесін оқып келу берілген .

Қойылатын сұрақтар:

- Әңгіме не туралы екен?

- Кітапты бірнеше рет қайтара оқудың пайдасы қандай?

-Өзің кітапты қалай оқисың ?


Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беру .


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме

6 мин

Дәйексөз.

«Кітап – білім бұлағы ».

Мақал

Талдау сұрақтары:

Дәйексөзден не түсіндің?

Дәйексөз талқылап, сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту.


4. Оқиға айту (әңгіме)

7 мин

«Кітаптар мұңы»


Ей, бауырым тұрсаңшы! 
(Ата тілі) - Біз қайда келдік өзі? 
(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы. 
(Математика) - Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді ғой? 
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен. 
- Ой, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің. 
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ата тілімін ғой. Мені басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым ғой. 
- Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім. 
- Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін! 
- Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді, бетімді, сызып шимайлайды ғой. 
- Әр оқушы өз кітапбына ұқыпты болса ғой әттең. Әрине әдепті балалар көп. Мысалы менің бір досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды. 
- Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды естіген балалар болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп үміттенемін. 
- Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.


Оқушылар мұғалімді мұқият тындап, сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

5.Шығармашылық жұмыс

10мин

« Мен сүйікті кітабым» тақырыбында шығарма жазу.

Берілген тапсырмаларды орындайды.


6. Жобалау қызметі

10мин

Өз кітапшанды жаса. Ат қой. Кітапшаның мұқабасына сурет сал, ішкі беттерін безендір. Оған даналық сөздер жазып, достарыңа оқып бер.


Берілген тапсырмаларды орындайды


7. Үй тапсырмасы

2мин


Кітаптың 26 беттегі Қ. Толыбаевтың «Қайнар» әңгімесін оқып келу .

Үй тапсырмасын жазып алады.


8. Сабақтың қортынды сәті

3мин

-Оқушылар сабақтан не түсіндік, не білдік? Сұрақтарға жауап берейік .

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Оқушылармен рефлекция өткізіледі.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2021
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі