400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары - "Қазақ отбасының дәстүрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: қазақ тілі мен әдебиет

Мұғалім: Ажибаева А.У.

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ отбасының дәстүрлері

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде отбасылық дәстүрлер жайлы толық ақпарат беруге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгерту.

Дамытушылық:

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақша мәтіндер арқылы отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы

Жетістік критерийлері:

Оқушының төмен жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақ отбасындағы дәстүрлер жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде отбасындағы жақсы дәстүрлерді сипаттайды, қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында қазақ тілінде сыныптастарымен тілдеседі, диалог құра алады, қарапайым үлгілер арқылы сөйлесімге келеді.

Жаңа сөздер:

Дәстүр, кеңес береді, қамқоршы, құрметтеу

Сабақта қолданатын материалдар:

Интерактивті тақта, отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жайлы слайдтар, плакат, маркерлер, доп, парақ, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, «Менің отбасым» дидактикалық ойыны, класстер, диалог, синквейн, жағдаяттық тапсырмалар, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:

Мұғалімнің «шаттық шеңберін» ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: - Балалр, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?- деп сұрайды.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру:

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне класстер құру.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.

ІІ. Мағынаны тану

  1. Сөздікпен жұмыс.

А) мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

2) Мәтіналды жұмыс.

А) Оқылым. Жазылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Диаграммаға отбасына қатысты туыстық атауларды, «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диаграмманы пайдаланып, өз отбасы туралы мәтін құрап жазады.

Б) Оқылым. Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, өлеңдегі туыстық атауларды табады, мағынасын анықтайды, мазмұнын түсіндіреді.

В) Айтылым. Оқулықтағы жағдаяттық тапсырманы (4-тапсырма)орындатады.

Айтылым. Өзотбасылары туралы диалог құрады.

3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгертеді.

Тәуелдік жалғауының жекеше түрін меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапс орынырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады,қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады.

Ә) Жазылым. Оқушыны дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру үшін 6,11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, синквейн дайындайды.

Б) Оқылым. Айтылым. Дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексереді.

В) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырып жазады, сұрақтарға жауап береді.

Г) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп айтады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 12,13,14-тапсыраманы орындатады.

Жазылым. «Бинго» ойынының шартын орындайды, мәтінді толықтырып жазады, 12-14 үнқатымнан тұратын диалог құрастырады.

6. Мәнерлеп оқу.

А) Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында өлеңді мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды, жаттайды.

Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер.

«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.

7. Сергіту сәті. «Менің отбасым» диактикалық ойынын ойнатады. Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді.

Оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтыра отырып, отбасылары жайлы жақсы сөздер мен тілектер айтады. Мысалы, менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.

ІІІ. Ой толғаныс

Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц ойынын (15-тапсырма) ұйымдастырады.

Әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таныстырады.

ІV. Бекіту

Оқулықтағы 16-тапсырманы орындатады.

Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі