400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары " Алгоритм түрлері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы арқылы педагогтардың іс-тәжірибесін тарату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Команда бойынша.Алгоритм түрлері

Мұғалімнің аты-жөні: Бекмағамбетова Қ

Күні: 18.01.2019ж

Сынып: 5в, 5 д, 5 е

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

  1. Алгоритмнің сызықталған, тармақталған және циклдік түрлерімен танысу.

  2. Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету

Сабақ нәтижесі:


Барлық оқушылар

Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіре алады және практикалық және теориялық түрде берілген тапсырманы орындай алады.

Оқушылардың көбісі

Түсінеді, талдайды, білімін қолданды:сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритмдер құруды меңгереді.

Оқушылардың кейбіреуі

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, рефлексия жасайды.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар алгоритм түрлерін ажырата алады.

Пәндік лексика және терминалогия:

Алгоритм,цикл

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру,постер қорғау, кері байланыс

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы оқу

Алгоритм ұғымы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

3 минут





5 минут

Ұйымдастыру бөлімі: а) сәлемдесу

ә) түгелдеу

Топтарға бөлу.

Үй тапсырмасы

«Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы берілген үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазылған қағазды таратамын

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм атауы кімнің атымен байланысты аталған?

3. Алгоритмнің қасиеттерін ата?

4. Алгоритмнің жазылу жолдарын ата?

5. Алгоритм орындаушылары кімдер ?

6.Алгоритмге мысал келтір

Әр топ өз тобын бағалайды






Сабақтың ортасы

22 минут












Жаңа сабақ

Жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.Алгоритм орындалуына байланысты қандай болуы мүмкін?(Яғни орындалатын әрекеттер тізбектеле,қайталанып және белгілі бір шартқа б/ты орындалады. )

Қысқаша тақырып туралы Bilimland сайтынан бейнекөрсетілім(2 минут)

Берілген мәтін бойынша білімдерін жинақтау және талқылау (10 минут)

Алгоритм терминімен біз таныспыз.Алгоритм-қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар.Алгоритм орындалуына байланысты әртүрлі болып келеді.Алгоритмнің үш түрі бар:

-сызықтық алгоритм

-тармақталған алгоритм

-циклдік алгоритм

Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады.Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.


Бутерброд дайындау алгоритмі:

Басы

Нанның бір тілімін кесемін

Май жағамын

Ірімшіктің бір тілімін кесемін

Нанның бетіне қоямын

Соңы


Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбекетеле орындалады.

Тармақталған алгоритм-белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.Күнделікті өмірде кейбір жағдайлар белгілі бір шартқа байланысты орындалады.Мұндай жағдайда бізге тармақталған алгоритм қажет.Тармақталу алгоритімінде тармақтардың бірінің орындалуы шартқа байланысты болады.Егер шарт орындалса, алгоритм бірінші қадам бойынша, ал егер орындалмаса, екінші қадам бойынша орындалады. Тармақталған алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады.


Ауа райына қарай киіну алгоритмі:

Басы

Егер сыртта жаңбыр болса,

Онда етік киемін,

Болмаса туфли киемін

Соңы.


Көптеген алгоритмде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады.Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі.Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанатын болса, ондай үдерісті цикл деп атайды.Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады.Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқада да нұсқа жазуға болады.Қайталану бөлігінде қайталану(циклдік) командалары қолданылады.

Тақырып бойынша постер қорғау (10 минут)

Оқулықтан оқушылар мәтінмен танысып, постерге өз ойларын түсіреді. Топтар топ ережесін сақтап, кезек - кезекпен ортаға шығып түсіндіреді.

Үш топ постер қорғап болғаннан кейін бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.



bilimland диск







Оқулық,

мәтіндер







































































Плакаттар, маркерлер

Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Алгоритм тақырыбына арналған тапсырмалар


Тест жұмысы



bilimland

Сабақтың соңы

3 минут








«Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия

Үй тапсырмасы: §15 Алгоритм түрлері.

Алгоритмнің 3 түріне мысалдар келтіру.


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға ілу







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1009
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі