400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары " Дене мүшелері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарын тәжірибе тарату мақсатында Республиканың басқа да мұғалімдері пайдалана алу үшін қолжетімділікті арттыру үшін жарияладым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-бөлім:Тәні саудың

жаны сау

Күні: 16.01

Сынып:2

Сабақтың тақырыбы:

Дене мүшелері

Оқу мақсаты:

2.3.1.1 Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу.

2.3.2.1.Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.

2.3.4.1. Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру.

2.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен сөздік анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алу.

2.5.2.2. Қазақ тіліне тән дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс айту/жазу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу. Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. Мұғалімнің көмегімен сөздік анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алу.

Көбі: Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажырату.

Кейбірі: Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту/жазу.

Жетістік критерийлері:

Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқиды. Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. Мұғалімнің көмегімен сөздік анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алады.

Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажыратады.

Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап береді. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады/жазады.

Тілдік мақсаттар:

Тақырыпқа қатысты сөздік қор.

Бас- голова, қол- рука, құлақ - уши, мұрын - нос, көз - глаза, аяқ- нога.

Құндылықтарды дарыту:

Өз - өзіне үнемі күтім жасап, үнемі таза жүруге, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім:

Санамақ

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар:

Сабақтың басы:

Амандасу.

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

(МК)Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:

 1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.
 2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.
 3. Қолдың саусақтарын айқастырады.
 4. Аяқтарын  айқастырады.
 5. Көзбен шеңбер сызады.
 Оқушылар орындарына отырады.
  -Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.
 Жаттығу жасаған кезде біз:
 - көзімізбен көрдік
 - құлағымызбен естідік
 - қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.
 - Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»
Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)
2-топ: « Ептілер » (көк түсті)
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)




Сабақтың ортасы:




























































1.Оқушылар "Дене мүшелері"атты мәтін оқиды. Мұғалім: - Ал, балалар, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берейік.

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелері - бас, көз, мұрын, құлақ, ауыз, қол, аяқ. Адамда бір бас, екі қол, бір мұрын, екі құлақ, екі көз, екі аяқ болады. Адам көзбен көреді, мұрынмен демалады, құлақпен естиді, аяқпен жүреді. Барлық дене мүшелері адамға қажет.

Сұраққа жауап беру

1. Адамның дене мүшелері нелер?

2. Адам көзбен не істейді?

3. Адам мұрынмен не істейді?

4. Адам құлақпен не істейді?

5. Адам аяқпен не істейді?

2. Сөздік жұмысы:

Бас- голова

қол- рука

құлақ – уши

мұрын – нос

көз – глаза

аяқ- нога

3.Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма

2-тапсырма «Кім тапқыр» ойыны.

4. Жұмбақ шешу.

1. Күмбір-күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. (құлақ)

2.Пұшық келсін,
Дөң келсін,
Жаманы жоқ,
Дем берсін. (Мұрын)
3. Ти десем, тимейді,

Тиме десем, тиеді. (Ерін)

СЕРГІТУ СӘТІ.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

(Д, Т) Дәптермен жұмыс

5.«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын.

Кімнің сұлбасы?

Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды.

Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.

Топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағалайды.

6. Топпен жұмыс.

Анаграмма  

1.Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз.  

ОМЫЙН, ЗӨК, АСБ, АСУАСҚ, ЯҚА, ЗУАЫ, ҚҰҚЛА, НРЕІ, ҚЛО, ІТЛ

7. Айтылым. 5-тапсырма. Сәйкестендір. Оларды ата.

Кері байланыс.














Слайд









Слайд


















Маркер, плакаттар


















АКТ

Маркер, плакаттар

Сабақтың соңы:

Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу?
(Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)

Үйге тапсырма: 3-тапсырма (8-бет)

-Оқушылар сендерге сабақ ұнады ма?
<<Бағдаршам>> әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын бағдаршам түстерін көрсету арқылы ауызша айтады
Жасыл түс- мен барлығын түсінді
м

Сары түс-менің әлі де сұрақтарым бар
Қызыл түс - мен мүлде түсінбедім










«Бағдаршам» әдісі

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының

сақталуы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
2591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі