Сабақ жоспары " Денсаулық құпиялары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары " Денсаулық құпиялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулық туралы айту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Молдағалиева Назерке Молдағалиқызы

Санаты: Педагог-модератор

Пәні: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Адам өмірі отбасынан басталады»

Сыныбы: 9 «Ж»





















Өзін –өзі тану пәні
Мұғалімі: Молдағалиева Н.М

Сынып: 9 Ж
Тақырыбы: Адам өмірі отбасынан басталады. (Дөңгелек үстел)
Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту, рөлін ерекшелендіру, тәрбиенің маңыздылығына аса мән беруге көңіл бөлу.
Отбасы – отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Мұғалім:
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым –менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына азаматтық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп , әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана –отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраусышы, қамқоршысы. Ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
«Отбасы кішкентай мемелекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы –жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата-анам –өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе «Түп қазығың –Отаның , ар-намысың –тілің, кәусар бұлағың –ұстазың, қамқоршың –әкең, ақылшың -анаң» деген сөздері көңілімде жатталып қалыпты. Ата-анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын.
Құрметті оқушылар бүгінгі біздің «Адам өмірі отбасынан басталады» атты дөңгелек үстелге хош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері:
Шаттық шеңберінде әрқайсымыз өзіміздің есіміміздің алғашы әріпінен басталатын жылы сөздер айтып көрейікші. Мысалы, Назерке- нұрлы.



Ендігі сөзді оқушылар сіздерге берсем деймін.
Оқушылардың өлең жолдары
«Сен бақытты ұлансың!»
1.Анаң – күнің, жүрегің
Әкең –өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
2.Әжең- асыл ардағың.
Атаң –дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
3.Ағаң –қамқор асқарың.
Інің –мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
4.Қарындасың - қанатың
Ел –Отаның –жаннатың
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Мен қазақ баласымын
1.Бұтағы – бабасының ,
Ұрпағы – атасының ,
Шуағы – әжесінің ,
Тұяғы – әкесінің
2.Тілегі – анасының ,
Тірегі – ағасының ,
Түлегі –даласының,
Дарытқан бар асылын,
Мен қазақ балсымын!
3.Жерінде – бабасының.
Елінде –атасының,
Көңілде – әжесінің,
Қолында –анасының,

4.Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласыммын!
Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді




І-кезең: Ой қозғау
Оқушыларға сұрақ:
- «Ата –анаң сен үшін кім?»
1.Отбасындағы ең бірінші қағида қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
3. Ата-ананы қуанту үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз?
ІІ кезең:
1.Отбасы туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? Мағынасын ашып беріңдер?
2.Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?
3.Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар?
ІІI –кезең:
Өнегелі отбасы сызбасын толтыру.
ІV-кезең : Топтастыру

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

АНА



Shape7 Shape6 Shape5



Y. Қорытынды (Видео көрсету)
Құрметті оқушылар бүгінгі сөзімді Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осы.
Сіздердің тілектеріңізге көп рахмет. Отбасыларыңызға аманшылық, сүйіспеншілік, бақыт тілеймін.
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын –Ана.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін- сіздер!



















Іс-шара кезіндегі көріністер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2020
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі