400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары " Еңбек – өмір мәні." 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін ашу және оқушыларды еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:


Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзiм: 14.10.2016ж.

Сабақ: 7

Тақырып: Еңбек – өмір мәні.

Құндылық: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: еңбекқорлық, жауапкершілік, табандылық

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 9 «ә»

Оқушылар саны: 24


Мақсаты: оқушылардың еңбек, шығармашылық түсініктерін кеңейте отырып, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

Білімділігі: оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін ашу

Тәрбиелігі: оқушыларды еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, үнтаспа, слайд, дәйексөз

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?


Үй тапсырмасын тексеру


Ә.Кекілбаевтың «Әлди» шығармасын оқып, ана махаббатын сезіну.


Дәйексөз


«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады»

А.Құнанбаев

(Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді)

Қорытынды: Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.


Әңгімелеу

Аңыз

Сұрақ:

Қалай ойлайсыздар, егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?

Сіздер ата – ана болсаңыздар, балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіздер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс


«Еңбек түбі – береке» тақырыбында шығарма жазу


Топпен ән айту

Армансыз күнім болмайды

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды

2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


Үйге тапсырма

Аңыз әңгімені оқи отырып, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну.


Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымымызды есімізге түсірейікші. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі