400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары " Жануарлар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Суреттерде берілген жануарлар мен аңдар, құстар туралы зерттеу кестесін толтырыңыздар. Берілген тірек сөздерді пайдаланыңыздар:
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: қазақ тілі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағалиева Айдана

Сынып: 5 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақтың тақырыбы

№ 1 сабақ. Жануарлар әлемі.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырып

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1 Болжау Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

ӘТН 4.2; Грамматикалық норма Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 1) Тақырыпты иллюстрациялар арқылы болжайды;

2) Мәтіннен зат есім сөздерді табады.

Көптеген оқушылар: 1) Болжауда тірек сөздерді қолданады;

2) Зат есімдерді түрлендіре қолданады.

Кейбір оқушылар: 1) Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді;

2) Зат есімнің түрленуіне түсінік береді, ереже шығарады.

Бағалау критеийлері

Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:

тақырыпты болжау барысында өз ойын дәлелдейді;

тірек сөздерді түрлендіреді.

Әдеби тілдік норма бойынша:

сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады;

әр жалғау қызметін ажыратады және дұрыс қолданады.

Тілдік міндеттер

Тақырыпқа байланысты тірек сөздер: үй жануарлары, түз тағысы, жыртқыш, төл атаулары - абылай, алан, бөлтірік, марғау, көгілдір, баршын, құралай, еңлік, т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін

Үй тапсырмасын тексеру

Ым-ишара арқылы қойылым қою

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут




Қызығушылықты ояту

  1. Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

  2. Бейнематериал тамашалау. (2 мин 30 сек)

  3. - Ал сіздер қаншалықты жануарларды жақсы білесіздер? (5-6 жұмбақ шешу)

  4. Сабақтың тақырыбын болжау.

  5. Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

https://www.youtube.com/watch?v=ToueETPS7ns (2 мин 30 сек) http://balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/53

Сабақтың ортасы































35 минут

Мағынаны тану

Тыңдалымалды тапсырмасы:

Берілген жануарлардың, аңдардың, құстардың төлдерінің суреттері, тірек сөздер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.







Топтасу. Қар кесегі арқылы топтастырамын

Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмалары таратылады.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма. Суреттерде берілген жануарлар мен аңдар, құстар туралы зерттеу кестесін толтырыңыздар. Берілген тірек сөздерді пайдаланыңыздар: үй жануарлары, түз тағысы, жыртқыш, төл атаулары - абылай, алан, бөлтірік, марғау, көгілдір, баршын, құралай, еңлік.

Бағалау критерийі:

Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады.

Зерттеу кестесі

1-топ

Жануарлар мен құстар

Қай жерді мекен етеді?

Қалай қоректенеді

Төлдері қалай аталады?

Аю

даланы

Балмен,жемістермен,

қонжық

мысық

үйді

Сүтпен,тышқанмен

марғау

Қасқыр

даланы

Етпен,жануарлармен

бөлтірік





2-топ

Жануарлар мен құстар

Қай жерді мекен етеді?

Қалай қоректенеді

Төлдері қалай аталады?

Аққу

көлді


көгілдір

жолбарыс

даланы

Жануарлармен, малдармен

алан

Қоян

даланы,үйді

сәбізбен

көжек







Топ арасында бағалау.

Тыңдалым тапсырмасы

«Жануарлар мен аңдардың төл атаулары» видеомәтінін тыңдай отырып, зерттеу кестесіне өзгеріс енгізіңіздер. Жұмыс барысында екі түсті қалам қолданыңыздар.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Құстардың біріне төлқұжат дайындаңыздар. Таңдаған аң мен жануарға немесе құсқа ат қойып, шағын сипаттама беріңіздер.

Үлгі:

Аты: Қасқыр

Бала кездегі аты: Бөлтірік.

Әкесі: Арлан.

Анасы: Құртқа

Сипаттамасы:

Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Бөлтірікті анасы мен атасы кішкене кезінен өз тамағын тауып жеуге баулиды. Түрі көкшулан, көзі сұр түсті болады.

Жазылым тапсырмасы (жеке жұмыс)

Жануарлардың төлдеріне ат беріп, «Менің құралайым» немесе «Бөлтірік пен Аланның достығы» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңыз.

Бағалау критерийлері

















































https://www.youtube.com/watch?v=oBEDcJ7x76w Мәтін тақырыбы: «Жануарлар мен аңдардың төл атаулары»







Сабақтың соңы



Рефлекторлық экран

«Даналық ағашы»



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Жұмыстың барлық түрінде оқушылардың қабілеті мен тілдік деңгейлері ескерілді.



Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Формативтік бағалау, жұптық бағалау

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, дүниетану, экология

Қауіпсіздік ережелері:

АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақтадан таныстырылым, бейнематериал, кесте
Құндылықтармен байланыс: қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық көрсету.







Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
4745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі