Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары " Мінез адам көрсеткіші" 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Көктемнің ханшайымы мен ханзадасы»
Мақсаты :
-оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
-бір-бірімен тіл табысу мәдениетін қалыптастыру;
-оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешіліктерін дамыту;
Барысы: 1. «Кел, танысайық!» (жұптардың таныстыруы)
-
«Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)
-
«Ата –дәстүр – асыл қазынам» (салт-дәстүрлерден сұрақтар)
-
«Түсін мені» (ыммен түсіндіру)
-
«Жарнама» (көрмей тұрып жарнама жасау)
-
«Көңілді аспазшы» (қыздар салатты жасау, ұлдар түсіндіру)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті асыл аналар, ардақты ұстаздар, қыз – қызғалдақтар. Көгіміздегі бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді.
Ана! Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол
мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар. Асыл аналар! Көктем
бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!
Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп ұзақ өмір
сүрулеріңізге тілектеспіз. Бүгінгі 8 «а»-сынып оқушылар
арасында оздырылып отырған «Көктемнің ханшайымы мен ханзадасы
» атты сайысқа қош келдіңіздер. Әрі қарай сөз тізгінін
жүргізушілерге ұсынамын.
1-
жүргізуші
Армысыздар замандас, оқушы –ұстаз!
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Біздерде ойын- сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі « көкемнің ханшайымы мен ханзадасы» атты жұптар сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз,- дей отырып, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. ( жұптар шығады ортаға)
1-жүргізуші:
Сайысымыз басталмас бұрын « Әділқазы береді,
Өздеріңе сыйлықты
Өз көзімен көреді,
Кім өнерші, кім мықты?- деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды- демекші кештің ашылу құрметіне әуелеген ән
жолданады.
Ән:
Орындайтын: Жансая
1-жүргізуші:
Деген екен қазақ халқы «Сәлем –сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу- ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың?
Ары қарай әр жұп өзің жалғайсың.
2 –
жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз(Әр жұп өздерін таныстырды, жоғарғы
ұпай -10 ұпай)
2-жүргізуші: әділқазылардан бағасын
сұраймыз
1-жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, биді билеп, жасап жатсаң текемет.
Өнеріңді көрсетіңдер, ортаға сап, ал жұптар
Тамашалап, қолпаштасақ, көрермендер керемет, деп «Өнерлі өрге жүзер» кезеңін бастаймыз. Әр топ рет-ретімен өз өнерлерін көрсетеді. Жоғрғы ұпай -10 ұпай
1-жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Түрлі сауал жұптарға біз берейік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік- деп келесі кезең «Ата –дәстүр асыл қазынам», яғни салт-дәстүр бойынша сұрақтар қойылады.
-
Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)
2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
(келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
3) Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
4) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну,
соғыс.)
5) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)
6)Ақ сүйек ойыны туралы не білеміз?
7) бастаңғы деген не?
(толық дұрыс жауап 10 ұпай)
2-жүргізуші:
Биші болам болашақта Шарадай,
Төземін мен қиын жолға қарамай,
Деп талмай тынбай би билеп жүрген
оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Жансая мен Жұлдыз.
Би:
1-жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар. Бәріміз тамаша бимен
бір жадырап қалған шығармыз, олай болса осындай көтеріңкі көңілмен
келесі кезеңімізді бастасақ: «Түсін мені» кезеңі, жұптағы әр оқушы
тақтадағы суретті ыммен түсіндереді де, екіншісі оның не екенін
табуы қажет.
-
Кенгуру
-
Тышқан
-
Принтер
-
Бантик
-
Қасқыр
-
Аю
-
Глобус
-
Шошқа
-
Шаңғы
-
Көзілдірік
-
Ине-жіп
-
Құмырысқа
2-жүргізуші: ой жарайсыңдар, қандай керемет. Енді осы кезең бойынша әділқзылардан ұпайларын сұрайық. Белсенді, жақсы ыммен түсіндіре біліп, жақсы таба білген топқа 10 ұпай қойылады.
1-жүргізуші:
Шыр айналған дүние затқа толы,
Сол заттардың бағасыда сан қилы.
Ал оларды жарнамалап байқасақ,
Аңғармайсыз сол заттардың әр құнын,-дей келе келесі кезең жарнама кезеңі. Бұл кезеңде жұптар заттың аауын көрмей-ақ бірлесе жарнама жасайды. Қай топтың жарнамалауы басым болып, көңіліңізден шығып, сол затты алғыңыз келетіндей әсер қалса. Ол жұп белсенді жұп болады. Яғни 10 ұпайды еншілейді. Олай болса, жұптардың шеберлігін тамашалайық.
-
Галош
-
Горшок
-
Емізік
-
Қой
-
Шұжық (колбаса)
-
Тіс щеткасы
2-жүргізуші:
Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» – деп кезекті сыныбымыздың әншісене
береміз
Ән: «Анашым-әкешім»
Орындайтын: Аяжан
1-жүргізуші:
Рахмет, қошеметтейік. Міне, бізге көңіл күй сыйлап, шабытқа бөледі, әрі қарай келесі кезеңіміз «Көңілід аспазшылар». Жұптағы кыздар салат жасап әкелген, енді сол салатты ұл балдар түсіндірулері керек. Түсіндерген соң қыздар дұрыс – бұрыстығын айтып шығады. Бұл кезеңде де жоғарғы ұпай 10 ұпай.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.
2-жүргізуші:
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.
Көрерменім көбейсін күннен –күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
Осымен кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайық!
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Күзгі бал – 2014»
сайысы
Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін,
күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да
сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар
қуанышты көңіл күй сыйлау үшін
шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы –
құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз
қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз
бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе,
құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық
басталады,
Тамаша күй тартылып ән
салады.
Қошеметтеп қол соғып
отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы
шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған
мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен
«Ханшайымын» іріктеп
шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу
жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа
таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең
ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып
ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы
жұптарды шақырамыз.
----------------------
Жүргізуші:
Әділ – қазы
береді,
Өздеріңе
сыйлықты.
Бізге айтып
береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы
алқасымен таныстырып
өтейік.
Әділ – қазылар
мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық
біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық
біз.
Ал, енді сіздер рұқсат
етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық
біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп
байқау шарттарымен таныстырып
өтелік
1 – тур:
Таныстыру
2 – тур: «Күзгі
вальс»
3 – тур: «Өнерің өрге
жүзсін»
4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш
үлгісі
5 – тур: Көрме. Үздік сурет және
икебана.
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз
«Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші
жұп!
Жүргізуші:
Шалқып, тасып
әніміз,
Жадырасын
жанымыз.
Бүгінгі күз
кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур:
«Күзгі вальс»
Ортаға үш жұпты билеуге шақырамыз. Содан
кейін келесі үш жұп билейді. Әділ қазылар әр тур өткен сайын
бағалап отырады.
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу
керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң
текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым,
қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе
«Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап
келген өнерін ортаға
салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп
отырайық.
Жүргізуші:
Модельер болу оңай
ма?
Қиналып жатсаң
мұңайма.
Әр мамандық
өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте
«Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек,
сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі
киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да
болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода
көрсетеді.
Ал ендеше ортаға әр жұптың сынып жетекшілерін
шақырамыз. Сынып жетекшілер! Қазір сіздер өз қыздарыңызға
шаштаразшы боласыздар. Шаштарына сәндейсіздер, ендеше тапсырма
түсінікті болса,
бастаймыз.
- Ал көрермен ата - аналар, сіздер ойын
ойнауға қалай
қарайсыздар?
- Дайынбыз, жақсы ойнайық (ата - аналардың
жауабы)
- Онда ортаға қатысушы жұптардың ер балалары
мен және олардың аналарын
шақырамын.
Жүргізуші:
Тапсырма мынадай: менің қолымда жеміс –
жидектердің аты жазылған жапырақтар бар, соның біреуін таңдап алып,
өз балаңызға ыммен түсіндіру керексіз. Түсіндіріп, баласы дұрыс
жауап бергендер ойыннан шыға
береді.
Жүргізуші:
5 – тур: Көрме. Үздік
сурет және «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының
ең соңғы қорытынды
байқауы!
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен
тұратын,
Өмір күрес, жеткізе
мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп
ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен
ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ
қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ
қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне
жетті. «Күзгі бал - 2013» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде:
Хазрет Байқадам – Қайырғали Айсұлуды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып
отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен
«Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да
анықталды.
«Күз
ханзадасы»:
«Күз
ханшайымы»:
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын
бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын
бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар
жолдарда,
Ұстауым менің, достарым
менің
Бәрінде аман
болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды!
Көріскенше, қош - сау
болыңыздар!