жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары " Өзіңді жақсылықпен таразыла"
Өзін-өзі тану
Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiмі:07 11 2018 № 9- сабақ
Мұғалiм: Амангалиева Ақмарал Сайлауовна
Класс: 2 Оқушылар саны: 30
Тақырып: «Өзіңді жақсылықпен таразыла»
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді, сыпайылық
|
Сабақтың мақсаты: Балалармен жақсылық жасаудың адам өмірінде маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Сабақтың міндеттері: Жақсылық жасау мүмкіншіліктерін ой елегінен өткізу арқылы кішіпейілділік қасиетінің маңыздылығын үйрету; Кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру; Бір- бірін тыңдай білуге, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу; |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi. Сабақ ережесі 5 Т 1.Тәртіп. 2.Талап. 3.Тыныштық. 4.Тазалық. 5.Татулық. 2.Тыныштық сәтi. Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті»ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар? 3.Үй тапсырмасын тексеру . «Жүре алмайтын бала» Василий Сухомлинский мәтінін оқу Сұрақтар: Павлик Василекті қалай қуантты? Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар? Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді? Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімге бөленесіңдер? |
Сабақ барысын талқылау: |
|
4. Дәйексөз. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе». Ы. Алтынсариннің Нақыл сөзінің мағынасын түсіндір (2 рет ер балалар, 2 рет қыз балалар,барлығы қосылып 2 рет ) Дұрыс әрекет құндылығын қалай тағы түсінуге болады? |
|
|
5.Әңгiмелеу "Рақмет, ата! "Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт - бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп: -Бұл жерде неғып тұрсың? Дедім. -Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой. -Ой айналып кетейін, көп жаса! Атың кім? -Гүлнар. Кімнің баласысың?-Әжемнің баласымын. Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім. -Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! - деп жүзіме қуана қарады. Кіш - кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
|
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс. «Жақсылық гүлін» жасау онда жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек соны жазады. |
|
|
7.Топпен ән айту Болайықшы осындай Өлеңі мен әнін жазған: Айымгүл Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады .Қайырмасы: Еңбекшіл осындай, Болайықшы досым-ай. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. |
|
|
8.Үй тапсырмасы. 10-сабақ 34-бет |
|
|
9.Сабақтың қорытынды минуты. - Енді осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген