Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары , Сан аралығы 7 cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары оқу мақсатына толық жетуіне көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Новокубанка орта мектебі

Күні: Мұғалімнің Т.А.Ә: Хайса Зүлфия

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Сан аралықтар.Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы.

Оқу мақсаты:

6.2.2.7 Сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;

6.2.2.8 Сан аралықтарды кескіндеу;


Cабақтың мақсаты:

Барлығы:

  • Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндейді және кескінделген сан аралықтарын белгілеулер арқылы жазады,оқиды.

Көпшілігі:

  • Сан аралығын кескіндеп теңсіздік түрінде жазады.

Кейбірі:

  • Модульмен берілген теңсіздіктердің шешімдер жиынын табады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану

Бағалау критерийлері:

  • Сан аралықтарын кескіндейді,жазады,оқиды.


Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика және терминалогия:

Сан аралығы,интервал,кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле,қатаң, қатаң емес.

Пәнге қатысты сөз тіркестері:

Сан аралықтары, координаталық түзу, сан аралықтарының бірігуі , сан аралықтарының қиылысуы

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік ел»-Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Пәнаралық байланыстар:

Тарих

Алдыңғы білім:

Координаталық түзу. Теңсіздіктер

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.

  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Гүлмен тілек».Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді.

  • Оқушылар гүлдің астына жазылған сан аралықтарының атаулары арқылы (интервал,кесінді,жартылай интервал,сәуле) 4 топқа бөлінеді.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады;

.




Карточка









Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы


3минут











8 мин

















6 минут





































10минут














































3 минут







7 минут

















Сабақтың соңы


3 минут





Ұжымдық жұмыс.

I.Cабақ басында жаңа тақырыпты игеру мақсатында «алдын-ала берілген атаулар» тәсілі қолданылады. Тақтаға жаңа сабаққа қатысты терминдер жазылып,оқушыларға олардың мағынасын анықтауын сұрайды. Кейін мұғалім топ басшысынан пікірлерін сұрайды.


ҚБ: Мұғалім барлық оқушылардан терминдерді толықтыруына мүмкіндік беріп,кері байланыс жасайды.


II.«Белсенді оқу» тәсілі бойынша әр топ оқушылары оқулықтан өздерінің атаулары бойынша (интервал,кесінді,жартылай интервал,ашық сәуле). бойынша сан аралықтарының кескіндеу,сан аралықтарының оқылуы мен жазылу ережелерімен танысады.

«Айналмалы бекет »әдісімен әр топтағы оқушылар келесі топқа өз атауларын түсіндіреді.

ҚБ:Мұғалім дайын болған оқушыдан қол көтеруін сұрайды.Әр топтан дайын болған бір оқушы атауларды түсіндіреді.




Жұптық жұмыс.

«Үштік әдіс »(ойлан,жұптас,бөліс) тәсілі бойынша оқушылар жұпқа бөлініп ,кесте түріндегі тапсырма карточкалары беріледі,кейін берілген кестені толтырады.



теңсіздік

х<2

х≥-3

-1<у<5

2≤у≤4

кескінделуі





жазылуы







Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім дұрыс жауаптары бар кестені тақтаға көрсету арқылы жұптар өзара бағалайды, оқушылар ауызша кері байланыс жасайды

.III. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану.

Жеке жұмыс.


1 тапсырма

Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер:

  1. [-1;4]; 2) (2;6]; 3) [-6;0);

  2. 4) (2; 3); 5) [-1;+∞).


Дескриптор:

Білім алушы

  • Сан аралығын координаталық түзуде кескіндейді;


2 тапсырма

Қос теңсіздіктің шешімдерінің жиынын координаталық түзуде кескіндеп, сан аралығын белгілеңдер:


  1. -2,5≤x≤1; 2) -4≤х<3; 3) 0,2<y<5; 4) -3<у≤0.


Дескриптор:

  • Қос теңсіздіктің шешімдерінің жиынын координаталық түзуде кескіндейді.

  • Сан аралығын белгілейді.





3 тапсырма


Теңсіздікті шешіңіз

Шешімдер жиынын сан аралығымен жазыңдар.


а) >7; ә) ≤3; б) >1

.

Дескриптор:

- модулді ашады

- теңсіздіктің/ теңсіздіктердің шешімін координаталық түзуде кескіндейді.

-шешімін сан аралық түрінде жазады.

Оқушылар тапсырмалар орындап жатқанда мұғалім нұсқау беріп мақсатқа жетелейді.


ҚБ: Бағалау жүргізу үшін әр топтан бір оқушы тақтада шығып тапсырма шешімін жазады.Оқушылар өзін өздері бағалайды.

IV. Ширату жаттығуы.

Қазақ хандығының құрылған жылын, Қазақстанның Тәуелсіздігін алға жылын сан аралығында көрсет.

Мысалы: (1456;1468); (1990;2001)

ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы.


Шағын топтық жұмыс.

V. «Қар кесегі» әдісін пайдаланып, бірінші топ оқушылары қағазға өздері құрастырған кескінделген сан аралығына байланысты тапсырма жазады,екінші топ оқушылары келген тапсырманы яғни кескінделген сан аралықтарын теңсіздік түрінде жазып,үшінші топқа лақтырады.Үшінші топқа келген сан аралықтарының теңсіздік түрін белгілеуін жазады.Солай төртінші топқа лақтырады,бұл топ сан аралықтарының белгілеуін оқиды.Солай сағат тілінің бағытымен іске асады. Бұл тапсырма нәтижесінде көзделген сабақ мақсаты толық қамтылады.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар бірін-бірі «Бутерброд» тәсілі арқылы бағалайды.


Үйге тапсырма:Әр топ оқушылары үстелдегі ілініп тұрған қағаздағы жаттығулары бар шарларды жарып алады.


Рефлексия.Барлық оқушылар шариктерге аты-жөндерін жазып осы сабақта қай деңгейге жеткендерін жасыл,сары,қызыл түсті қорапшаларға салып анықтайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2021
629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12