400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары " Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі" бөліміне орта мерзімді жоспар.

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа химия пәнінен "Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі" бөліміне орта мерзімжі жоспарымды осы пәннен сабақ беретін мұғалімдерге бағыт беру мақсатында ұсынып отырмын. Орта мерзімді жоспарымда жеті модулді кіріктіре отырып, әдіс- тәсілдерді енгізуді көрсетіп өттім.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Орта мерзімді жоспар

Пәні: Химия №93 Ғ.Мұратбаев атындағы жом

Сыныбы: 7а Мұғалім: Мелдебаева Гульжамал

Осыған дейін меңгерілген білім:

7.1A Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Контекст

Оқушылар алдыңғы бөлімде алынған білімдеріне сүйенеді және түрлі химиялық заттармен таныса бастайды. Бұл бөлімнің барлық блоктары құрал-жабдықтар мен химиялық заттардың «көрсетілімін» қарастырады, заттардың агрегаттық күйлері,химиялық және физикалық құбылыстармен танысады.

Осы бөлімдегі «Химия пәнінің тілдік мақсаты

Оқушылар үшін академиялық тілге сәйкес келетін тіл мақсатының мысалы төменде берілген

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар орындай алады:

-заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу;


Заттардың түрлі агрегаттық күйлерін сипаттау бойынша түйінді терминдерді дұрыс пайдалана алу;  Күй өзгерісіне қатысты өз бақылауларын көрсету және түсіндіру;


Заттардың күйі, қатты, сұйық, газ тектес, физикалық, химиялық, құбылыстар, реакцияға түсу, булану, еріту,қату, қайнау, булану, салқындау.

Мен заттарды... бойынша жіктедім,себебі... оларда ең маңыздысы ...себебі ... … еріген / буланған / конденсацияланатын кезде, ол … Түрлену не ...не ... Материя жағдайы ... Мен ... физикалық түрленуін айналдыра аламын Химиялық қайта түрленуі ... Біздің топ … деп ойлайды Біздер … байқадық

Қысқаша шолу:Оқушыларға химиялық реакция нәтижесінде түзілген қосылыстар туралы түсінік берілді. Олар реакция жүргендігі туралытуралы белгілерді біледі және физикалық құбылыстар қайтымды болатындығын түсінеді.Бөлім соңына қарай олар элементтер, қосылыстар мен қоспалардың негізіг ерекше белгілерінің кестесін құра алулары керек.






Тақырыбы

Оқу мақсаттары / Сабақ мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Бағалау

Ресурстар

Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері»

Заттардың агрегаттық күйлері


7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Зертханалық жұмыс арқылы химиялық және физикалық құбылыстарды зерттей отырып, тұжырым жасайды. Олар жану (көмір), еру және булану, қайнату/буландыру, түсін өзгертуді (мысалы нан (крахмал)+ йод, сіріңкенің жануы, ас содасы мен сірке қышқылының әрекеттесуі) қамти алады. Оқушылар өз бақылауларын мұғалім ұсынған кестеге жазып алуы керек. Тәжірибені топта талқылау, ой қорыту.Мына сұрақтарға жауап береді: «Бұл құбылыс уақытша ма немесе тұрақты ма?», «Мен өзгерісті кері бағытта жеңіл жүргізе аламын ба? Қалай?». «Ой қозғау»-« Үш сұрақ»әдісі, «Миға шабуыл» әдісі (СТО), АКТ, ОүБ және ОБ



Бағдаршам әдісі арқылы тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар жасыл,түсінбеген оқушылар қызыл түсті көрсетеді.



7-сынып оқулығы, А4 парағы, стикерлер, бағалау парақтары, тәжірибе үшін реактивтер, интернет желісі.

Заттардың агрегаттық күйлері

7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу;



Заттардың агрегаттық күйлеріне ( қатты, сұйық, газ) шолу жасау. Оқушылардың бөлшектер және олардың күйі туралы білімдеріне шолу жасау және олар қатты заттар, сұйықтықтар мен газдар үшін нені білдіретін Қатты заттар, сұйықтықтар мен газдар қасиеттерін анықтау үшін оқушылармен тәжірибелер туралы әңгімелер өткізіңіз. Оқушылармен бақыланатын қасиеттерді бөлшектер теориясы тұрғысынан (қатты денелердегі, сұйықтықтардағы және газдардағы бөлшектердің орналасуын қарастыру) қалай түсіндіруге болатынын талқылаңыз. Талқылау қатты денеде бөлшектер орналасуының жақсы үлгісін беретін Петри табақшасына сабын ерітіндісін пайдаланумен көпіршіктер құрайтынын оқушылар көре алады. Топтық жұмыс. Қатты заттар, сұйықтар мен газда бөлшектер қозғалысын, сондай-ақ температураның артуы не төмендеуінің бөлшектер қозғалысына қалай әсер ететіндігін көрсету үшін модельдеуді пайдалану.

Сұйық, газ, қатты заттардың құрылымы туралы түсінік беру. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Оқушыларға пакеттегі шайды қолданып, ыстық және суық сумен тәжірибе жасауды ұсыну. Оқушылар пакетті салған сәттен бояудың қарқынды бөлінгенге дейінгі уақытты өлшеулері керек. Оқушылардан өздерінің бақылауларын түсіндіруді сұрау.

Тәжірибені талқылау, нәтижесін жазу. «Ой қозғау» (СТО), АКТ, «Фишбоун», ОүБ және ОБ, ЖАДА диалог құру,

Сұхбат арқылы бағалау.

Өзара бірін- бірі бағалау.



Сұхбат арқылы бағалау.





Өзін-өзі бағалау



Бесбармақ арқылы бағалау









Өзара бірін- бірі бағалау.


7-сынып оқулығы, А4 парағы, стикерлер, бағалау парақтары,

Салқындану процесі.

4-зертханалық жұмыс. «Салқындану процесін зерттеу».

7.1.1.5 -салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;


Оқушыларға натрий хлоридінің салқындау процесінің қисығын салуды ұсыныңыз.

Энергия жүйеге сырттан қосылған кезде қандай процестер орын алады?

«Ой қозғау»,«Сұрақ-жауап» әдісі (СТО), АКТ, ОүБ және ОБ, Диалог:мұғалім-оқушы «Ассоциативті қатар».

Бірін – бірі бағалау



Бағдаршам арқылы бағалау


А4 қағазы, стикерлер.


Қыздыру процесі

5-зертханалық жұмыс.

«Судың қайнау процесін зерттеу».






7.1.1.6 - судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру;


Оқушылар суды қыздыру қисығын сызады.

Энергия жүйеге сырттан қосылған кезде не болады?

Оқушылар қайнау процесін түсіндіру үшін бөлшектер мен энергия туралы өз білімдерін пайдаланады.

«Серпілген сауал» әдісі(СТО),Осы тақырып көлемінде зерттеушілік әңгіме өткізу. (Диалогті оқыту), Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралау жасау,(Дарынды және талантты балаларды оқыту), ОүБ және ОБ

Сұхбат арқылы бағалау



Басбармақ арқылы бағалау





Бағдаршам арқылы бағалау





















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі