400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ә дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп: №34 орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Бошанова Г.А.

Сыныбы: Мектепалды даярлық сыныбы

Пәні: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Ә дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету. Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін.

Қайырлы күн, қайырлы!

Өткенді еске түсіру. Әжесіне қонаққа бара жатқан немересін аңдардан құтқарып көмек беру.

1. Аюдың тапсырмасы. «Кім жылдам?» ойыны қай қатар өткен дыбыстарға сөз құрайды тез, әрі көп сөз құрау.

1 - ші қатарға ж дыбысына сөз құрау.

2 - ші қатарға ғ дыбысына сөз құрау.

2. Түлкінің тапсырмасы. «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.а...шы, са...ат, .....ата, ор....м ,

3. Қасқырдың тапсырмасы. Кеспе әріптермен жұмыс.

І – нұсқа: Ағаш (2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс)

ІІ – нұсқа: Ін (1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс)

4. Сергіту сәті: «Қарлығаштар» (музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)

5. Қоянның тапсырмасы.

 -І дыбысына байланысты 5 сөзді ата. - І дыбысы қандай дыбыс?

-Неліктен дауысты дыбыс дейміз? -Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.

«Келесі буынды тап?» ойыны

Жаңа сабақ.1.Суретке қарап:

- Әже деген кім? - Сен әжеңе кім боласың? -Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? 2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс.Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны

... ке, ... демі, с...нді, ... н, д... рі

Сабақты қорытындылау.

- Не үйрендің; не білдің?

Әженің тапсырмалары:

а) Шашылған дыбыстардан сөз құра(т, ш, е, ә) әтеш(к,ә,е) әке

- Әжелерің сендерді қалай жақсы көреді?

- Әжелеріне ә дыбысы бар қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Мадақтау жұлдызша, төртбұрыш «Ақылды үкі» Балалардың өзін – өзі бағалауы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі