Сабақ жоспары. АӘжТД 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. АӘжТД 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ. Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау. Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымы және оның міндеттерімен таныстыру. Азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымы туралы білімді қалыптастыру; әскери емес азаматтық қорғау құралымдары туралы түсінікті дамыту; бастамашылдыққа, тапқырлыққа, өздігінше әрекет ете білуге дайын болуға тәрбиелеу. 1.Шаруашылық жүргізу (білім беру мекемелері) нысанындағы азаматтық қорғауды ұйымдастыру құрылымы және оның міндеттері. 2.Әскери емес азаматтық қорғау құрылымдары, олардың мақсаты және жабдықталуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық 10а; 10ә; 10б;

АӘТД пәні мұғалімі: Ауелов Г.Е.

2 сабақ. Тақырыбы: Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау



Оқу мақсаты

Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымы және оның міндеттерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері

Азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымы туралы білімді қалыптастыру; әскери емес азаматтық қорғау құралымдары туралы түсінікті дамыту; бастамашылдыққа, тапқырлыққа, өздігінше әрекет ете білуге дайын болуға тәрбиелеу.

Нені білуі тиіс

Шаруашылық жүргізу (білім беру) нысандарын азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымына не кіретінін; жеке құрылымдардың міндеттерін білуі тиіс.

Нені үйренуі тиіс

Олардың мақсаты мен жабдықталуын есепке ала отырып, әскери емес құрылымдар мен азаматтық қорғаудың алдында тұрған міндеттерді орындауды үйренуі тиіс.

Қарастырылатын тақырыптар

1.Шаруашылық жүргізу (білім беру мекемелері) нысанындағы азаматтық қорғауды ұйымдастыру құрылымы және оның міндеттері.

2.Әскери емес азаматтық қорғау құрылымдары, олардың мақсаты және жабдықталуы.

Сабақты ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі

Сабақты оқушылардың қызығушылығын ояту және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталарын қалыптастыру мақсатында ядролық қарудың пайда болуы мен дамуы, оны жеткізу тәсілдері жағдайында соғыстың нәтижесі азаматтық қорғаныс ахуалына байланысты болатындығын түсіндіруден бастау ұсынылады.

Ядролық қаруды қолданудың салдарын түсіндіру кезінде оқушылардың химия, тарих пәндерінде алған білімдеріне сүйену орынды болады.

Біздің еліміз ядролық қаруды қолдануға қарсы екендігін баса айта кеткен дұрыс. Бұған Семей ядролық полигонын жабу куә бола алады.

Мұғалім оқушыларды азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымымен, «шаруашылық жүргізу нысаны» ұғымымен таныстырады. Шаруашылық жүргізу нысанында азаматтық қорғауды орындауды қамтамасыз ету үшін құралым және азаматтық қорғау штабы құрылады, бұлар нысанда азаматтық қорғау басшысының шешімі негізінде жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Қалаларда нысанды азаматтық қорғау жетекшісі бұдан өзге эвакуациялық комиссия құрады.

Оқушыларда әскери емес азаматтық қорғау құралымдарына не жататындығы туралы түсінік қалыптастыру, бұл құралымдардың мақсаты мен жарақталуы туралы айту керек. Оқушылар жалпы білім беру мекемелерінде оқытудың бейіні, оқытушылар мен оқушылардың саны, білім беру және материалдық базасына байланысты құтқару топтары, радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, пана мен тасаларға қызмет көрсететін азаматтық қорғау топтары құрылуы мүмкін екендігін білулері керек. Олар мұғалімдер, қызметшілер мен оқушылардан құрылады. Оқу орнында ұйымдастырылған азаматтық қорғау құрылымының схемасын тақтаға сызып қою немесе арнайы экранда көрсету және оны оқушыларға өз мектептеріне қатысты толтыруды тапсыру қажет. Сондай-ақ ол өз жұмысында түсініктеме беруі керек. Әр оқушы өз оқу орнында азаматтық қорғау жүйесіндегі орнын білуі және дұрыс бағдар алуы. Кез келген жағдайда өзін дұрыс ұстауы керек.

Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғаудың негізгі құралымы-құтқару топтары (команда, отряд). Олар ірі авария, табиғи және сұрапыл паттардың зардаптарын жоюға, сондай-ақ соғыс уақытында құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.

Рефлексия

«Өзін-өзі бағалау» тәсілі. Мұғалім оқушыларға сабақтың соңында парақшаларға өздерінің сабақтағы қызығушылығына және сабақ мазмұнын игеру деңгейіне қарай ұпай қоюды ұсынады. Сабақ мазмұнын игерудегі өзін-өзі бағалау:

-3 ұпай – мен бәрін өте жақсы түсіндім, маған қызықты болды;

-2 ұпай – маған бәрі түсінікті, бірақ материал толықтай қызықты емес;

-1 ұпай – мен ештеңе (бәрі бірдей) түсінбедім, бірақ маған бәрі де қызықты болды;

-0 ұпай – мен ештеңе түсінген жоқпын және сабақта жалығып кеттім;






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2021
2074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі