жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Абай Құнанбаев 3сынып
|
Қысқа мерзімді жоспар |
||||||||||
|
Бекітемін: |
|
|||||||||
|
Мұғалімі: |
Отызбаева Жұлдыз |
|||||||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу 2сынып ІІІ тоқсан |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбайұлы |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
1.Абай атамыздың өмірі,шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына,адамның ішкі жан дүниесін түсінуге,ақынның данышпандығын тануына жол салу. 2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын ашу. 3.Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді тани отырып,адамгершілік тәрбиесіне баулу. |
|||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Өлеңді зерттеп талдайды. Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге,өз ойларын анық айтуға,достарының пікірлерін тыңдауға үйренеді. |
|||||||||
|
Сабақ түрі |
Аралас сабақ,топпен жұмыс |
|||||||||
|
Керекті жабдықтар |
Тақта,бор,акт,автордың суреті,сызба,карточкалар |
|||||||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||||||||
|
Кіріспе 5 мин |
Психологиялық дайындық. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең,менше сүй.
I топ-Талап II топ-Еңбек III топ-Қанағат
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Бүгінгі сабақ барысымен танысады.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша бағалау парағы критерийімен танысады
Мұғалімге назар аударып мұғалім нұсқауы бойынша әрекет етеді. |
||||||||
|
Тұсаукесер 10 мин |
Үй тапсырмасын тексеру. «Көріпкел болсам» эссе жазып келу Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыбын жазу. |
Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.
|
||||||||
|
Негізгі бөлім 27мин |
Оқулықпен жұмыс. Автор туралы мәлімет беру. Өлеңді оқушыларға бір-бірлеп,кезекпен оқыту. Өлең туралы түсінігін айтады, сыныпта өлең талқыланады. I топ-Адам болуға кері әсерін тигізетін қасиеттерді ата. II топ-Ақын білім алу үшін қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек дейді? III топ-Адам болып қалыптасу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек? Әр топтың жауаптары тыңдалады.
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда Болады екен он саусақ. Жаза-жаза саусағым Әлсіреді шаршады. Оңға,солға бұрамыз, Сосын қайта жазамыз. Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар: I топ-Бес асыл іс,бес дұшпан.Сөздерді топтастыру III топ-Оқу,білім туралы мақал-мәтел жазу III топ-«Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына әңгіме құрастыру Әр топтың жауаптары тыңдалады. Барлық топқа ортақ тапсырма: Абай кім? (топтастыру стратегиясы). Тест тапсырмаларын орындау. 1)Абай қай жылы дүниеге келді? а)1855 ә)1963 б)1845 2)Абай қай жерде дүниеге келді? а)Семей ә)Алматы в)Торғай 3)Абайдың әкесінің аты кім? а)Ырғызбай ә)Өскенбай б)Құнанбай 4)Абай қай рудан шыққан? а)Жігітек ә)Бөкенші б)Тобықты 5)Абайдың әжесінің аты кім? а)Ұлжан ә)Зере б)Әйгерім
|
Оқушылар өлеңді бір-бірлеп кезекпен оқиды.
Әр топтан өлеңнен түсінгендерін,өз ойларын айтады.
Әр топтан оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар сергіту сәтіне арналған тақпақты хормен айтып, қимылмен көрсетеді.
Оқушылар топ бойынша жауап береді |
||||||||
|
Қорытынды 3мин |
Өзін-өзі критерий арқылы бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыны бағалау.
Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау. |
Оқушылар алдарына берілген критеритерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды. Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
||||||||
|
|
|||||||||||
|
Бекітемін: |
|
||||||||||
|
Мұғалімі: |
Сағындықова Айгерім Жаңабергенқызы |
||||||||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу 2сынып ІІІ тоқсан |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Шимайбек Ш.Смаханұлы |
||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Өлеңді түсініп оқи отырып,оқушылырдың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп,өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету. Оқушылардың байланыстыра сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,өнегелі болуға,мәдениеттілікке тәрбиелеу. |
||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
-Өлеңді мәнерлеп оқи біледі; -Ойлануға берілген тапсырмаларды орындай біледі; -Шығармашылық тапсырмаларға өз үлестерін қоса және жаза біледі. |
||||||||||
|
Сабақ түрі |
Аралас сабақ. |
||||||||||
|
Керекті жабдықтар |
Ш.Смаханұлының суреті,проектр,почта жәшігі. |
||||||||||
|
Сабақтың барысы: |
|||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||
|
Кіріспе 2 мин |
Оқушылармен амандасу. 1)Психологиялық дайындық. Қатар-қатар тізіліп, Оқушыға лайық. Қолымызды жіберіп Түп-түзу боп тұрайық. Жақсы болып сабақта Әдеп сақтау сәніміз. Отыруға нақпа-нақ. Дайындалдық бәріміз: І қатар, жәй отыр, ІІ қатар, тез отыр, Сабақ бастар кез боп тұр! |
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Мұғалімге назар аударып мұғалім нұсқауы бойынша әрекет етеді. |
|||||||||
|
Тұсаукесер 10 мин |
2)Қызығушылығын ояту. Гүлдің суреті көрсетіледі.Осы гүл не үшін керек деп ойлайсыңдар? Гүлдің түсі солғын болып тұрғаны неліктен деп ойлайсыңдар? Ендеше үйтапсырмасын тексеру мақсатында Қанат Қайымның «Мереке» атты мәтінінен түсінгендерін айтқызып, мәтіндегі негізгі ойды анықтау. (Түйінін табу) Жауап алынған сайын гүлдің күлтелерінің түсі алқызыл түске боялып тұрады. Ортасындағы дөңгелекке мәтіннің түйінін табу көзделген. -Түсініктемеге тоқталып өзім сабақты қорытып өтемін. Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыбын жазу. |
Оқушылар гүлді үй тапсырмасын айту арқылы түрлі түске бояйды. |
|||||||||
|
Негізгі бөлім 28 мин |
Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану. Ш.Смаханұлының суреті көрсетіліп, шығармаларына тоқталып, қысқаша мағұлмат беріп кетемін. Ш.Смаханұлы. «Шимайбек» -Өлеңді мәнерлеп оқимын, содон соң хормен оқушыларға оқытамын. -Оқулықтағы сурет көрсетіледі.»(Суретпен жұмыс жүргізіледі.) -Неге бұл өлең осылай аталды деп ойлайсыңдар? Оқушылар ойларын ортаға салады. -Сырнайбектің аты неліктен өзгерді? -Шимайбектің қылығынан маңайындағылар қандай зиян көрді? -Өмірде Шимайбектер бар ма? -Мұндай баланы қалай атауға болады: 1)мәдениетсіз, мақтаншақ бала; 2)Қомағай, қорқақ бала.
Сергіту сәті. Қ.М.Әлидің «Жалқаубек»әнін айтамыз.
Ой толғаныс. «Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді.»(Хат) Хаттың суреті, почта жәшігі көрсетіледі. -Шимайбекке арнап хат жазайық. -Жазған хаттарыңды почта жәшігіне апарып салайық, Шимайбекке хатты оқып жеткіземін. |
Оқушылар өлеңді мұғалім нұсқауымен оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Cұрақ- жауап «Диалогтық әдіс» түрінде жүреді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың критериімен танысады.
Жалқаубек әнін айтады.
Шимайбекке арналған хатты жазып почта жәшігіне салады.
|
|||||||||
|
Қорытынды 5мин |
Өзін-өзі критерий арқылы бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыны бағалау.
Үйге тапсырма: «Шимайбек» өлеңін мәнерлеп оқу, Шимайбекке арнап өлең жазып келу. |
Оқушылар алдарына берілген критеритерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды. Үйге берілген тапсырманы күндeліктеріне жазып алады. |
|||||||||
|
|
|
||||||
|
Бекітемін |
|
||||||
|
Мұғалімі: |
|
||||||
|
Тақырыбы |
Ә.Табылды. «Аппақ бала» |
||||||
|
Мақсаты мен міндеттері |
Оқушылар мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.Балардың ой-қиялдарын, сөздік қорын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу. |
||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Тазалықтың адам өміріне, денсаулығына қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтына сай азамат болуға жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
||||||
|
Сілтеме: Ресурстар: Дерек көздер: |
Әдебиеттік оқу. 2 – сынып Алматы баспасы 2013 жыл Б.А.Тұрғынбаева,З.Муфтибекова Оқулық, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар,жұмбақтар, А форматтағы қағаздарда мәтін бөліктері, суреттер,бағалау парағы Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған суреттер. |
||||||
|
Сабақ барысы |
Әдістер мен тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс әрекеті |
уақыт |
|||
|
|
|
Оқушылармен амандасу. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.Психологиялық дайындық.Балаларға смайликтер көрсету. Оқушыларды топқа бөлу. |
Ынтымақтастық атмасферасын құрады. Сабақ басында бір-біріне тілектер айтады. Топқа бөлінеді |
2 мин |
|||
|
Өткенді пысықтау |
сұрақ –жауап |
«Менің сиқырлы етігім болса...» тақырыбына ертегі құрастыру. |
7 мин |
||||
|
Жаңа тақырыппен танысу |
Қызығушылықты ояту. топпен жұмыс. Ой қорыту Сергіту сәті Суретпен жұмыс |
Аппақ көйлек киемін, Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді, Өзім жақсы көремін! Автор туралы мәлімет.(3мин) Бүгін балалар біз «Аппақ бала» мәтінімен танысамыз. Бұл мәтінде Асан деген бала туралы айтылады. Асан кір қожалақ, үсті басына қарамай қалай болса солай жүре береді екен. Содан ол өз бет әлпетін айнадан көріп қатты ұялыпты. (1 мин) Тақырыппен таныстыру. топқа ат беру. Оқулықпен жұмыс: Мұғалім мәтінді оқуы. Мәтін бөліктерін өз беттерімен оқуға және жұптаса түсінгендерін бір-біріне айту. Топ ішінде талдау.1 топтан 2-3 оқушы оқиды. (15 мин) Сөздікпен жұмыс жасау.(3 мин) Топтарға тапсырмалар..Балалар бүгін біздің сабағымызға,тазалықты жақсы көретін Кірқоймас мырза келіпті. Балалар біз Кірқоймас мырзаны танимызба? Қараңдаршы,балалар Кірқоймас мырза бізге құр-қол келмепті. Қапшығында бізге акелген сыйлығы бар екен.Бірақ, балалар ол сыйлықты алу үшін,біз Кірқоймас мырзаның тапсырмаларын орындауымыз керек. 1 топ: Сұрақтар -Әңгіме не туралы?(Тазалық) -Негізгі кейіпкерлер кімдер?(Асыл ана,Асан) -Екі адамның сөйлесуін қалай атаймыз?(Диалог) 2 топ: Әр бөлімге ат қойыңдар -Асанның бет ажары -Анасының ақылы -Ұялған Асан -«Аппақ бала» 3 топ:Тақырыпқа байланысты сурет салу.(5мин) Жолдарыңа үңіліп, Екі бақа жүгіріп, Секіреді бақ-бақ Ағаштарды аттап. Олар ерте тұрады, Беті-қолын жуады. Жаңылтпаш.Барлық топ оқушыларына айтқызу. Аппақ бала аппақ ба? Сатпақ бала,сатпақ па? Аппақ бала аппақ та, Сатпақ бала сатпақ да.(3мин) Ойын. «Жақсы-жаман» -Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар. 1.Анау бала, бетін қара. Жуынбапты, масқара! Тырнағы өскен,шашы көптен Алынбапты масқара! 2.Шашымды тарадым. Айнаға қарадым. Ерте тұрдым ұйқымнан. Мен мектепке барамын. 3.Тұрысбектің түрін-ай. Көйлегінің кірін-ай. Жейдесі мен шалбары. Бірі балшық, бірі лай. 4.Мен кішкентай баламын, Айтқан тілді аламын. Көмектесем анама, Үйды жинап қоямын. Екі баланың суретін салыстыру. -Кір қожалақ бала. -Мектепке бара жатқан тап-таза бала. Жұмбақтар шешу арқылы кір-қожалақ баланы мұнтаздай таза балаға айналдыру. 1.Жуынам деп жазғаны-ай, Күннен күнге азғаны-ай! (сабын) 2.Дәміде жоқ түсіде жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су) 3.Бәтеңкесін, пальтосын Өзі кие білмейді Бұл баланы кім дейді?(жалқау) 4.Көзінен жас кетпейді Балалардан шеттейді Бұл баланы кім дейді? (жылауық) 5.Шықпай жатып көшеге Үсті басы кірлейді Бұл баланы кім дейді? (салақ) 6.Аузы бүрмелі қызыл қалта, Ішінде 32 малта (тіс) 7.Сүртеді қолыңды,сүртеді жоныңды.Бұл не? (сүлгі) 8.Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе.Бұл не?(айна) 9.Қалтамда жатыр, Тістері бар батыр.(тарақ) Топпен жұмыс 1топ-Тазалықтың денсаулыққа пайдасын айтыңдар. 2топ-тазалық туралы мақал-мәтелдер (3) 3топ-Денсаулықтың достары мен қастары жайлы жазу Балалар біз Кірқоймас мырзаның тапсырмаларын жақсы орындағанымыз үшін ол бізге бестік бағаны сыйға тартты.Оқушыларды бағалау. |
Жаңа тақырыппен танысады Сұрақтар арқылы өз ойларын айтады Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады. Бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды. Балалар жаңылтпаш айту арқылы тілі жаттығады.Жылдамдықтарын тексереді. Топта балалар өздері жұмыс істейді. |
30 мин |
|||
|
Қорытындылау |
|
-Тазалық деген не?Тазалықтың денсаулыққа қандай пайдасы бар? Сымбатты болу үшін не істеу қажет?Мәтін неге «Аппақ бала» деп аталған? |
Өз ойларын ортаға салып қорытындылайды. |
2 мин |
|||
|
Бағалау |
|
Бағалау парағы - мұғалімнің бағалауы |
Бағалау парағын тортырады. |
2 мин |
|||
|
Рефлексия |
Өз ойын білдіру |
Кері байланыс жазады:
|
Сурет арқылы сабақ бойыша өз ойын бідіреді. |
1 мин |
|||
|
Үйге тапсырма |
«Менің күн тәртібім» тақырыбында шығарма жазып келу. |
1 мин |
|||||
|
|
|
|||||
|
Бекітемін: |
|
|||||
|
Мұғалімі: |
|
|||||
|
Тақырыбы |
М.Көккөзов «Бұлақ сылдыры» |
|||||
|
Мақсаты мен міндеттері |
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәтіннің мазмұнын аша отырып, балалардың түсініп оқуға машықтандыру, жақсылық жасауға үйрету. |
|||||
|
Күтілетін нәтиже |
Өз бетімен, топпен жұмыс жасау дағдысын дамыту; шығармашылық мүмкіндігін шыңдау. |
|||||
|
Сілтеме: Ресурстар: Дереккөздер: |
Әдебиеттік оқу. 2 – сынып Алматы баспасы 2013 жыл Б.А.Тұрғынбаева,З.Муфтибекова Оқулық, тақырыпқабайланыстымақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, бағалау парағы. Оқулықтан алынған тапсырмалар, ғаламтордан алынған мәліметтер,тақырыпқа байланысты суреттер. |
|||||
|
Сабақбарысы |
Әдістер мен тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушыныңісәрекеті |
уақыт |
||
|
Кіріспе |
Ойын арқылы |
2. Үй тапсырмасын тексеру. « Менің күн тәртібім» эссе жазу. . -Оқушылар барлығымыз үй жұмысын орындап келдік пе? Ендеше, үй тапсырмасын бір-бірлеп оқып шығайық. |
Оқушылар мұғаліммен ,содан соң ойын шарты бойынша бір-бірімен амандасады.
Оқушылар оқу құралдарын шығарып, үй жұмысын оқиды. |
3 мин 5 мин |
||
|
Жаңатақырыппентанысу |
Қызығушылықтыояту. Сергіту сәті Топпен жұмыс «Бұлақты аш» Ойыны |
Жұмбақ жасыру. Бірде былдыр-былдыр, Сәбилердің тіліндей. Бірде сыңғыр-сыңғыр, Қоңыраудың үніндей, Ән сап жатқан
ерінбей. Балалар, бұлақ дегеніміз не? Біз бұлақ туралы не біліміз? Тақтаға бұлақтың суреті ілінеді. Бұлақ көбіне жаңбыр суларынан пайда болады немесе жиналған жер асты суларының жер бетіне шығуынан пайда болады. Ол өзенге немесе көлге барып құяды. Тақырыппен таныстыру. Бүгін біз Мұрат Көккөзовтың « Бұлақ сылдыры» мәтінін өтеміз.Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күн жадын жазайық. (3мин) Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқушыларға оқып, мазмұнын түсіндіру. Балаларға тізбектеп оқыту. (15 мин) -Мәтін не туралы? -Мәтіндегі ата қандай? - Шөл дала қандай болады?(3 мин) Сөздікпен жұмыс: дәптерге жазып, мағынасын ашу. *Аңызақ жел - ыстық жел. *Зая кетпеу – босқа кетпеу. Топтарға тапсырмалар беру. 1 топ:.Мәтінде адамның қандай жақсы қасиетін бірінші орынға қойған? 2 топ:Шөл адам «Шөлде бәріміз туыспыз» деп неге айтты? 3 топ: Мәтіндегі аталық мейірім қай кейіпкер бейнесі арқылы көрінеді? Осы тапсырмалар бойынша балалар орындарында дайындалып жауап береді. Ал,балалар тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық, Су ішінде қалықтап, Қане жүзіп алайық. Оңға бір,солға бір бұрылып, Серігіп бір қалайық. Шығармашылықты арттыруқа арналған тапсырмалар. 1-топ. Әңгіменің аяқталуын басқаша қалай өзгертер едіңдер? 2-топ. « Мен жасаған жақсылық» тақырыбында эссе жазу. 3-топ. Суретті салыстыыру, әңгі ме құрау. Оқушылар біздің бұлағымызды тастар басып тастапты.Бұлақты ашу үшін бізге таста берілген тапсырмаларды орындау керек екен.Ол үшін бәріміз бірге тапсырмаларды орындайық. Осылайша бұлақтың қөзі ашылады. 1. Ситуациялық жағдай. Сені мұғалім сабақ үстінде тезірек кітапханаға кітап алып келуге жұмсады. Сен кітапханаға бардың, ол кезде кітапханашы апай кітаптарды жинап жатыр екен, сенен кітаптарды көтеріп, тасып беруді сұрады. Сен не істер едің? 2.Дәмі жоқ, Түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. ( Су) 3. Сенің достарың құстың ұясын бұзып ойнап жатыр. Сен бұл істің дұрыс емес екенің біліп тұрсың. Олар сені де ойынға шақырды. Сен олай жасауға болмайтының айтқаныңда олар ұяны бұзып ойнамасаң біз сенімен дос болмаймыз,мүлде ойнамаймыз деді. Сен достарыңмен бірге ойнағың келеді, алайда ұяны да бұзғың келмейді. Сен не істер едің? Жарайсыңдар! |
Жұмбақ арқылы жаңа тақырыппен танысу. Оқушылар бұлақ туралы өз ойларын айтады. Оқушылар дәптерлерін ашып, күн жадын жазады. Оқушылар топқа бөлініп,топтарына ат қояды. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқып шығыады.Сөздікпен жұмыс істейді. Осы тапсырмалар бойынша балалар орындарында дайындалып жауап береді. Топта өздері жұмыс істейді.
Оқушылар қимылды қайталайды.
Балалар оз ойларын ашық айтып,сабаққа белсенді түрде қатысады.
Оқушылар ойланып тақырыпты орындайды. |
10мин 20 мин 1 мин |
||
|
Қорытындылау |
|
Балалар,біз жақсылық жасау арқылы бұлақтың көзін аштық. Яғни, жақсылық жасау өте керемет іс екен.Адамдар жиі жақсылық жасау арқылы жақындасады, достасады.Бір-біріне деген сыйластығы артады.Сондықтан әрқашанда жақсылық жасаап, қамқор бола білейік. Жақсы болу өзіңнен, Жаман болу өзіңнен. Өзіңді-өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?»- деп ойла! |
|
3 мин |
||
|
Бағалау |
|
Бағалау парағы - мұғалімнің бағалауы |
Бағалау парағын толтырады. |
2 мин |
||
|
Үйге тапсырма |
«Жақсылықтың өшпес үні» эссе жазып келу. |
1 мин |
||||
|
Қысқа мерзімді жоспар |
||
|
Бекітемін: |
||
|
Мұғалімі: |
Жанұзақ Ақтоты Ниязбекқызы |
|
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу 2 сынып ІІІ тоқсан |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт» |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке,досқа адал болуғу баулу. Табиғатты сүюге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. |
|
|
Күтілетін нәтижелер |
Ертегінің мазмұнын ашу. Достықтың адам өмірі үшін маңызына тоқталу. Оқушылардың ойлау дағдылары мен шығармашылық ізденіс әрекетін дамыту. Балалардың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру. |
|
|
Сабақ түрі |
Аралас сабақ. |
|
|
Керекті жабдықтар |
Көрнекіліктер,құстар суреттері,музыка . |
|
|
Сабақтың барысы: |
||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
Кіріспе 3 мин |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық.
Әдебиетім ардақтым,
1.Топ - Қарлығаш
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді.Мұғалімге назар аударып мұғалім нұсқауы бойынша әрекет етеді. |
|
|
|
|
|
Тұсаукесер 10 мин |
(Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыбын жазу.) |
Үйге берілген тапсырма сұралады.Оқушылар бір-бірін бағалайды. |
|
Негізгі бөлім 25 мин |
Ертегідегі нағыз достықты қайдан көруге болады? Достық жайлы мақал-мәтелдің қандайын білесің?
1.Жағымды кейіпкелер
2.Жағымсыз кейіпкерлер
1. Топ – Қарлығаш
Қарлығаш пен дәуіт ертегісінің
желісі бойынша қойылым көрсету. Ертегіні жалғастыру немесе қарлығаштың іс-әрекеті.Сөз жұмбақты шешу. |
Жаңа тақырып бойынша оқушылар тізбектеп мәтінді түсініп оқиды және соған сәйкес түсінік айтады.Мұғалімнің қойылған сұрағына жауап қатады,талқылайды. Сөздік жұмысты дәптерге жазып алады.Топтық тапсырмаларды орындайды. |
|
Сергіту сәті 4 мин |
1.Үй құстары 2.Дала құстары |
Ойынды оқушылар ойнап,құстарды тотастырады. |
|
Қорытынды 3 мин |
«Айнымас дос» тақырыбында эссе жазу. |
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын айтады. |
|
Қысқа мерзімді жоспар |
|||||||||||
|
Бекітемін: |
|
||||||||||
|
Мұғалімі: |
Онгарбаева Аяулым |
||||||||||
|
Пәні: |
Информатика |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
"Сызықтық алгоритм" |
||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
А)Сызықтық алгоритмді түсіндіре отырып,оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс -әрекеттерінің алгоритмін құра білуге үйрету. Ә) Оқушылардың ойлауын,компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін,логикалық сауаттылығын дамыт отырып,пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру. Б) Оқушыларды тәртіптілікке,сабырлыққа,еңбек сүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу |
||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер: |
Жаңа сабақ идеясын түсіне отырып ұқыптылық, қамкорлық, мейірімділік сынды жағымды әрекеттерді ұғынады. Жеке ойларын ортаға салады. Топқа ойын еркін жеткізе алады. |
||||||||||
|
Сабақ түрі: |
Жаңа сабақ, топпен жұмыс. |
||||||||||
|
Керекті жабдықтар: |
Интерактивті тақта, АКТ,компьютер,плакаттар,маркерлер,бор. |
||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||
|
Кіріспе 3 мин |
1)Оқушылармен амандасу. 2)Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру. 3)Критериймен таныстыру
4)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.Бүгінгі сабақ барысымен танысады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың критериімен танысады.
Мұғалімге назар аударып мұғалім нұсқауы бойынша әрекет етеді. |
|||||||||
|
Тұсаукесер 12 мин |
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз-еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, «5»-ке қолды жеткізу.
Үйге берілген тапсырманы тексеру. 1) Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі) 2)Алгоритм түрлерін ата? (Сызықтық,тармақталған,циклдік) 3)Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата? (Табиғи тілде,графикалық тілде,алгоритмдік тілде,программалау тілінде.) Дәптермен жұмыс. Күннің жадын , тақырыбын жазу. |
Үй тапсырмасына жауап береді. |
|||||||||
|
Негізгі бөлім 25 мин
|
Ойсергек Сызыктық алгоритм деген сөздегі әрбір әріптерді жеке-жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын. Әрбір оқушы сұраққа жауап беру арқылы сол карточкадағы номер бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда «Сызықтық алгоритм» деген жаңа тақырып шығады. -Балалар қараңдаршы бізде қандай тақырып шықты? -Дұрыс айтасындар.Сонымен бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы Сызықтық алгоритм жайында болмақ. 1) Сызықтық алгоритммен таныстыру. Сызықтық алгоритм-командалары бірінен соңы бірі тізбектеле орындалатын алгоритмді айтамыз. 2)Миды шынықтыру. Топтық тапсырма: 1.Төтенше жағдай тудырмау үшін,"Судың қайнау" алгоритмін дұрыс құру. Алгоритм "Судың қайнауы" Шәйнекке су құю Газдың кранын ашу Шәйнекті плитаға қою Судың қайнауын күту Шырпыны газға апару Шырпыны жағу Газды өшіру. 2.Апаңа жұмыртқа қуыруға көмектес,орындау реттілігін көрсет? Газды жақ Газға табаны қой Жұмыртқа мен майды дайында Табаға майды еріт Жұмыртқаны жар Жұмыртқаның қабықтарын таста Жұмыртқаға тұз сеп Жұмыртқаны 5минут қуыр Газды өшір. 3."Ағашты өсіру"алгоритімінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар? Шұңқырды толтыр Су сепкішті алып,көшетті отырғыз Күрек пен көшетті ал Көшетті шұңқырға сал Күрек пен су сепкішті орнына қой. 4."Гүлге су құю" Гүлге су құятын ыдысты аламын Ыдысқа су құямын Гүлдің жанына барамын Гүлге суды құямын Су құйып болдым Ыдысты орнына апарып қоямын. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз Бір отырып ,бір тұрып, Тез шынығып аламыз. |
Оқушылар өздері таңдаған сұрақтарға жауап береді.Жауап беру арқылы теріс қарап тұрған әріпті ашады.
Оқушылар берілген тапсырмаларға мұқият, нақты жауап береді.
Оқушылар берілген тапсырманы қағазға орындап жазады.
Оқушылар сергіту сәтінде сөздерді хормен айтып,қимылмен көрсетеді.. |
|||||||||
|
Қорытынды 5 мин
|
Өзін-өзікритерий арқылы бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін білу. Үйге тапсырма: Өлеңді жатқа айтып келу. Бағалау. |
. Оқушылар алдарына берілген критерийлер арқылы өз-өздерін бағалайды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады. Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. |
|||||||||
|
Бекітемін: |
|
|
|
Мұғалімі: |
Сапарғалиева Айдана Ерғалиқызы |
|
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Алтын балта 3 сынып ІІІ тоқсан |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Білімділігі:оқушылар ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын ашады. Тәрбиелілігі: Еңбекқор болуға , құрметтеуге тәрбиеленеді, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді; Дамытушылығы: оқушылардың сөйлеу тілі дамиды. |
|
|
Күтілетін нәтижелер: |
1.Оқушылар ертегінің мазмұнын білетін болады 2.Еңбектің, адалдықтың адам өмірінде маңызы зор екенін түсінеді 3.Ертегі кейіпкерлерін салыстыра алатын болады |
|
|
Сабақ түрі |
Аралас сабақ |
|
|
Керекті жабдықтар |
Оқулық бойынша тапсырмалар, суреттер, бағалау парағы,стикерлер. |
|
|
Сабақтың барысы: |
||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
Кіріспе 5 мин |
I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,олардың назарын сабаққа аудару. II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен материалдарды пысықтау. II.Үй тапсырмасын сұрау Оқушыларға сурет көрсету арқылы үй тапсырмасын ,яғни «Көктем» өлеңін жатқа сұрау. |
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.Оқушылар оқу-құралдарын шығарады. Үй тапсырмасына дайындалып, жаттауларын айтады.Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. |
|
Тұсаукесер 5 мин |
Психологиялық дайындық. Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн болсын. Дүйсенбінің сабағы Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын! 1,2,3, Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Дәптермен жұмыс Күннің жадын, тақырыбын жазу. |
Оқушылар психологиялық дайындыққа қатысады, мұғалімнің айтқанын қайталап, жақсы көңіл күймен сабаққа кіріседі. Оқушылар дәптерлерін ашып, күн жадын жазады. |
|
Негізгі бөлім 20 мин 15 мин Қорытындылау 3 мин Бағалау 2 мин |
Тақтаға сурет көрсетіп,жаңа тақырыптың мағынасын ашу.
1. Ой қозғау: Балта деген сөзді естігенде
ойларыңа не келеді? Мәтінмен жұмыс Мәтінді оқу
1.Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін
бе? Балалар біздің қоржынымызға тағы да жаңа сөздер қосылуда,сол сөздермен танысып,есімізге сақтап алайық.
Тапсырмалар 1.Мәтінге жоспар құру 2.Венн диаграммасы 3.Мәтінді сахналау Сергіту сәті «Қызыл гүлім-ай» әуеніне би билейді Балалар оқулығымызда мақалдар берілген 1.Еңбексіз өнбек жоқ. 2.Жаман үлесінен құр қалар 3.Жақсы болсаң- озарсың, Жаман болсаң -тозарсың. Енді өздерің мәтінге байланысты мақал –мәтелдер айтыңдар. Өтілген тақырып бойынша балалардың өз ойларын сұрау. Балалар мәтін кейіпкерлерін атаңдаршы. Мәтінді қаншалықты түсінгендеріңді байқау үшін, мына сұрақтарға жауап берейік. 1. Балтаның иесі кім? 2. Балта кімнің қолына түседі? 3. Судан балтаны алуға көмектескен кім? 4. диірменші қандай балталарды ұсынады? 5. Кедей қандай балтаны алады? 6. Бай қандай балтаны алады? 7. Диірменші кедейге қандай балта сыйлайды? 8. Диірменші байға қандай балтаны сыйға ұсынады? 9. Балалар, қалай ойлайсыңдар, диірменші неге олай жасады? 10. Олай болса ертегі бізді қандай адам болуға шақырады?
Үй
тапсырмасы: Балалардың белсенділігіне қарай оларды бағалау. |
Сынып мәтінмен жұмыс жасайды.Берілген тапсырмаларды орындап ,жаңадан енген сөздерді есте сақтайды.Топпен жұмыс жасап белсене араласады. Өз ойларын ортаға салып қорытындылайды |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген