400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Абай Құнанбаев "Базарға қарап тұрсам,әркім барар"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Мусина Нургуль Сагатовна

Күні: 03.10.2018


Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім тақырыбы:

3-4 сабақтар. Сауда жасай білесің бе? Абай Құнанбайұлы «Базарға қарап тұрасм, әркім барар»

Сабақ тақырыбы

«Базарға қарап тұрасм, әркім барар»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1-тыңдалым матьериалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру;

8.5.1.1. Бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар деректерді, тірек сөздерді пайдаланып, дәлелді жауап береді.

Көбі бөлшектік сан есімдерді қолдана алады.

Кейбірі диалог құрады.

Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты мәтінді мәнерлеп оқиды, негізгі ақпаратты таба алады, дәлелді жауап береді, сауда орталықтары туралы ақпарат береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикалық терминология: толем, пайым қылу, маржан.

Диалогпен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: сауда, базар, кіріс-шығысты есепеп береді, сауда орталықтары туралы ақпарат береді.

Бастапқы білім

Ұлы ақын туралы ақпарат береді. Мұғалімнің жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге шаттық шеңберін құрады. Оқушыларға шеңбер құрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Алматы қаласындағы көк базар жайлы деректі фильмді көрсетеді, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдттарды көрсетеді, сұрақтар қояды:Балалар, көк базар жайлы не айтасыңдар? Деректі фильмді көреді, слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді.

Тренинг жазылған парақшалар, оқулық, смайликтер, интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, ғаламтор ресурстары суреттер






Мәтіналды жұмыс. Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. «Сюжетті суреттер» тәсілі бойынша «Сауда орталығында» тақырыбында диалог құрғызу. (1-тапсырма).жазылымға байланысты 2-тапсырманы орындатады, тапсырманың шарты бойынша оқушылар бөлшектік сан есімдерді пайдаланып, сөйлем құрайды.

Дискриптор:

-жаңа сөздерді үйренеді;

- сөздік жұмысын жүргізеді;

-диалог құрады;

-бөлшектік сан есімдерді ажыратады.

Қалыптастырушы бағалау: «Интервью әдісі» бойынша топқа бөлініп, бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Кері байланыс. «Бір+плюс,бір-минус» стратегиясы. Сәтті, сәттсіз шыққан мезеттерді айтады.


Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады. Оқушыларға аудиотаспадан мәтінді тыңдатады,өздеріне оқытады. Оқушылар тапсырманың шарты бойынша мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұны бойынша жоспар құрады., сұрақтарға жауап береді, маудаға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Өлеңдегі ақпаратты « Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады (3,4,5,6,7-тапсырмалар)

Пікір. Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел. Өз пікірің бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Дискриптор:

-мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

-мәтінді мәнерлеп оқиды;

-жоспар құрады:

-мәтінді талдайды.

Қалыптастырушы бағалау: оқушылар бір-бірін түрлі желім қағаздар арқылы бағалайды.

Кері байланыс. «аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді.

Алдымен, біз «...»деп ойладық.

Кейін мынандай мәселе пайда болды:...

Мәселені шешу үшін....жасадық.

Бұдан...біз көрдік.

Демек, бұл ...деген қорытындыға келдік.

Мәтінсоңы. Жазылым мен айтылымға арналған 8,9-тапсырмалар орындату. Әлемдегі ең ірі сауда орталықтары туралы ақпарат жинайды.

Дискриптор:

-сөздердің мағынасын түсіндіреді;

-қосымша дереккөздерді пайдаланады;

-ірі орталықтар туралы ақпарат жинайды;

-аталған орталықтарды жарнамалайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Интервью »әдісі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс. «Бір+плюс,бір-минус» стратегиясы. Сәтті, сәттсіз шыққан мезеттерді айтады.

Оқулық, аудиотаспа, кесте, ғаламтор ресурстары,желімқағаздар

Сабақтың соңы

Топтық жұмыс. Жаңа тақырыпты бекіту үшін сыныпты үш топқа бөледі, екі тақырып (Тұңғыш сауда орындары /Қазақстандағы үлкен базарлар) ұсыну. Оқушылар тақырыпқа қатысты постер жасайды, сынып алдында қорғайды.

Дискриптор:

-жаңа тақырып бойынша білімдерін шыңдайды;

-тақырыпқа байланысты ақпаратты қамтиды;

-көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Кері байланыс: «не қиын,не оңай?»әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.

Рефлексия: оқушылар сабақта алған әсерлерін ауызша бір сөзбен айтып шығады.

Үйге тапсырма: үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 5-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қалай екендігі түсіндіріледі.

Микрофон

Қосымша ақпарат



Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме?

Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде?

Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім? Не себепті?


Төмендегі бос ұяшыққа өз пікіріңізді жазыңыз. Сұрақтарға жауап беру. (сабақ жүйелі жоспарланғандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады) Оқушылар оқу мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді, сабақ жоғары деңгейде өтеді, сабақ мақсаттар дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайланып, саралау жұмыстары да орындалады)

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды?

Сабақтың өзіне ұнаған екі тұсын анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырды?

1:

2:

Сабақтың барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған екі әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі