400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. "Адал және ақкөңіл болу" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адал және ақкөңіл болу керектігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ст.Шамалған ҚОМ 13 сабақ

Тақырыбы: Адал және ақкөңіл болу Мұғалім: Сарсембаева У.И

Құндылық :дұрыс әрекет. Қасиеттері: шынайылық, ақкөңілділік,адалдық

Күні Сыныбы: 2

1.Сабақтың мақсаты: оқушыларға адал және ақкөңіл болу керектігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

білімділік:Оқушыларға шынайы болудың қажеттілігін түсіндіру

дамытушылық: Жақын адамдарға ақкөңіл болуға үйрету;

тәрбиелік: шынайылықақ, ақкөңілділікке,адалдыққа тәрб/у;

Ресурстар:

үнтаспа ,оқулық, әріптер жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

2 .Ұйымдастыру кезеңі.

(5 Т ережесі: тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштықты бақылау)

Тыныштық сәті : ойша саяхат.

Мұғалім: Бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Біз қазір достыққа саяхат жасаймыз..Біз достыққа қол созамыз,достық сендерге қолын созады.Бір –бірлеріңнің қолдарыңдысезініңдер.Бір-біріңе күлімдеп қарап, сүйспеншіліктеріңіді білдіріңдер.Осылай жанымыздағы адамдарға достық сыйлаңдар,олрға « біз доспыз» деп айтыңдар..Оларды жақсы көретіндеріңді айтыңдар.Енді достықты жүректеріңе орналастырыңдар. Өздеріңнің бақытты,мейірімді екендеріңді ешқашан ұмытпаңдар. Жаттығу аяқталды енді бір- біріңе күлімдеп қарап, бір –біріңедостығы үшін алғыс айтыңдар..

1.Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақты жағымды күйге келтіру (баяу әуенмен)

3.. Үй тапсырмасын тексеру: : Ғажайып адам.Ертегі

  • Ертегіден не түсіндіңдер?

  • Үнемі жақсы болып жүретін адамдар бола ма?

Жеке оқушымен жұмыс.

4. Дәйексөз : Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

  • Адалдық дегенді қалай түсіндіңдер ?

  • Адамдық дегенді қалай түсінесіңдер.

Нақыл сөз.




5.Мұғалімнің сыйы : Жеті қазынаның бірі

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

  • Адал болу дегенді қалай түсінесің?

  • Қандай адамдар адал бола алады?

  • Неге итті адамға адал дос дейді ?Әңгімелеп бер.

Ертегі.

Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие.


6. Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма. Төменде берілген әріптерді пайдаланып, адал және ақкөңіл адамға тән қасиеттерді құрап, дәптерге жазыңдар.

М І Л К Ы Ш Е Й Д Қ С А П Р Ү Н

2-тапсырма. Төменде берілген сөздерден нақыл сөз құрастырыңдар, мағынасын түсіндіріп беріңдер.

Тиісті сөздер: адалдық, адамдық, жүреді, жерде, жүрген

Жеке жұмыс.

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

7. Топпен ән айту:

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар, деп ойладым.

Ашық жанар-көңілің

Ақ болар, деп ойладым.

Қуанышым-арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман,

Ботақаным, сен үшін.

Не деп енді мақтайын?

Айтуға сөз таппаймын.

Келші, келші, балашым

Әнін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов

Өлеңін жазған: Ескендір Хасанғалиев




8.Үй тапсырмасы: Аманатқа қиянат жасама


Өсиет әңгіме

Оқып келу.46 бет

9. Қорытындылау сәті.


Сабақтан не үйрендік? Сабақтан не түсіндік?






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі