Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Адам абыройы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материялӨзін өзі тану пәні мұғалімдеріне өте қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Пән: Ӛзін – ӛзі тану
Мектебі: №23
Күні: _11/11/2019ж
№: 11
Мұғалімі: Конебаева Дина
Сыныбы: 7
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адам абыройы
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттер: жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, ӛз-ӛзіне адал болу
Мақсаты: оқушыларға жауапкершілік туралы түсіндіре отырып, ақиқат
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға ӛз – ӛзіне адал болу керек екенін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жақсыдан жаманды
ажырата білу қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыншыл болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1. http://oilar.kz
2. http://tarbie.org
3. http://bilim-
all.kz
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге
талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді
татулықпен ӛткізейік.
Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бӛлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -
қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Кӛздеріңізді жұмуларыңызды ӛтінемін.
Елестетіп кӛріңіз: Күн нұры сіздің тӛбеңізден ӛтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бӛленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі
істерді істейді және баршаға кӛмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сӛздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сӛз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кӛзімізге де
жетті. Кӛзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана кӛреді. Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бӛленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден
шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да


Page 2

жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, ӛсім діктерге,
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен кӛзіңізді ашуға болады. Рахмет!
2. Үй тапсырмасы.
1. №10 – сабақ. «Абыройлы бол!» «Абыройыңнан айырылма!» деген
үлкендердің бата-тілектерінің айтылу себебін тауып, жазыңдар
2. Келесі сабақ. №11, «Жауапкершілік жүгі» ӛсиет әңгімені оқып келу.
Сұрақтар:
1. Ханзаданың ӛмірден түңілуінің себебін қалай түсінесіңдер?
2. Әкесінің жүрегі не үшін ауырды деп ойлайсыңдар?
3. Ғұлама қой бағып жүргенде қандай сабақ алды?
4. Ғұлама ханға кеңесті қалай берді?
5. Адамның жауапкершілігі неліктен оның алға қойған мақсатымен, ой-
ниетімен байланысты болады?
6. Жауапкершілікті сезінген адамдар қалай ӛмір сүреді деп ойлайсыңдар?
7. Ӛздеріңнің қандай жауапкершіліктерің бар? Оны қалай сезінесіңдер?

3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
«Ӛтірікші бірінші ӛзін алдайды
Халық мақалы
Сұрақтар:
1. Ӛз - ӛзіңізді алдаған кезіңіз болды ма?
2. Болса, ондай кезде қандай сезімді басыңыздан ӛткіздіңіз?
3. Адамдар неліктен ӛзін алдайды деп ойлайсыз?
4. Дәйексӛзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Оқыту жақсы көруден басталады
Бір профессор, социология факультетінің студенттерін Балтимор
қаласының кішкентай бір ауылына жібереді. Сондағы тапсырма–ол
ауылда тұратын 200 ер баланың мінез - құлқын зерттеп, әрбір баланың
келешегі жайлы ӛз тұжырымын жазу болатын. Тапсырманы орындап
келген студенттердің берген бағасы бір болды – балалардың ешбірі “адам”
болатын емес.
25 жылдан кейін социология пәнің басқа бір профессоры осы зерттеу
жұмысын тауып, ӛз студенттеріне жобаны жалғастырып, жобадағы балалар
тұратын ауылға барып, балалардың қандай адам болып ӛскенін қарап келуін
тапсырады. Студенттер ол ауылдан кӛшіп кеткен не болмаса қайтыс болған
20 шақты баладан басқасының бәрін тауып алады. Қалған 176 баланың бәрі
де керемет жетістіктерге жетіп, адвокат, дәрігер, бизнесмен болғанын кӛреді.
Профессор қатты таңқалып, 25 жыл бұрын зерттеу нәтижелерінің
неліктен қате болғанын білгісі келеді. Ержеткен балалардың бәрі әлі сол ӛз
ауылдарында тұрғандықтан, ол жерге барып әрқайсысымен жеке-жеке
сӛйлескісі келеді. “Кішкентай кездеріндегі қиын жағдайларға қарамастан,
жақсы азамат болып ӛстіңдер. Жетістіктеріңді қалай түсіндірер едіңдер?”
сұрағына бәрінен де бірдей жауап алады: “Ауылымыздың мектебінде бір
мұғаліміміз бар еді. Бәрі де соның арқасы.”
Профессор мұғалімді тауып алып, онымен де сӛйлескісі келіп, үйіне
дейін барады. Бетін әжім басқан құрметті ұстаздан жасӛспірімдерді кӛшенің
теріс әсерінен қалай құтқарып, олардың жақсы азамат болулары үшін қандай


Page 3

тәрбие бергендігін сұрайды.
Кӛздерінен мейірім тӛгілген ұлағатты ұстаз, күлімдеп қана: “Оп-оңай”,-
дейді – “Мен ол балалардың бәрін жүрегіммен, шынайы жақсы көрдім“.
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс .
Оқушылар үш топқа бӛлінеді.
Тапсырма:
«Менің – жауапкершіліктерім» тақырыбында зерттеу жұмысын
жүргіз, іске асыр. Ол үшін тӛмендегі қадамдарды басшылыққа ал.
Не істеу керек?
Бұған қалайша жетуге болады?
Іске асырудың жолдары мен құралдарын анықта.
Жүзеге асыр.
Барлығы дұрыс орындалды ма?
Келесі жолы нені дәлірек істеген жӛн?

6. Топпен ән айту.
Адам
Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жӛнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы:
Адам боп ӛтейік,
Адам боп туған соң.
Мақсатқа жетейік,
Мақсатты қуған соң.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

7. Үй тапсырмасы.
1. №11 – сабақ. Отбасыңның, сыныптастарыңның алдында
жауапкершіліктерің туралы тізбектеп жазыңдар.
2. Келесі сабақ. №12, «Нағыз ұстаз» аңызын оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
ӛтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде
ӛзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Кӛзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
08.05.2020
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12