15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Адам-әлем бөлшегі" 8 сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Покровка орта мектебі
Мерзiмі:
Сабақ №19
Мұғалiм: Омарова Динара Аскаровна
Сынып: 8
Оқушылар саны:
Тақырып: Адам-әлем бөлшегі
Құндылық: Акикат
Қасиеттер: адалдық, мейірімділік, жауапкершілік
|
Мақсаты: Адам әлемнің бөлшегі туралы түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Оқушылардың әлем бөлшегі екенін сезіне отырып адалдық жауапкершілік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; 2.Өзін қоршаған әлемді түсіне білу және мейірімділік қасиеттерін дамыту; 3.Жақсы мен жамандықты айыра білуге,әлемге жақсы ой,сөз, іс әрекеттерімен әсер етуге тәрбиелеу; |
Ресурстар:құралдар, мәліметтер,суреттер, инт.тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Оқушылардың көңіл күйінің әсері қандай? Өз ойларын түсіндіреді. 5 « Т» еске түсіреміз Тәртіп Тыныштық Тазалық Талап Татулық 2.Үй тапсырмасын тексеру 1.Оқушы дәптерінің 39 беттегі 2 тапсырмасын тексеру. 2.М.Әуезов. «Қақтығыста»( «Абай жолы»роман-эпопеясынан үзіндіні оқып, ай жұлдызбен сырласқан кезі туралы айтқызу.) |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3.Дәйексөз. ( мозаика арқылы сөзді құрастыру) Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады.Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар. Э.Хемингуэй 3.1.Дәйексөзді оқыту 3.2.Мағынасын ашу Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? 3.3.Дәптерге жазу |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
4.Мұғалім сыйлығы. Таза бұлақ Ы.Алтынсарин
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне
кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен
ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай салқын,
шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан
жеріне бір қазандай тасты біреу ойып, қорғанша қылып, тастың су
ағар жеріне жазу жазыпты: Сұрақтар 1. Жолаушылар тастағы сөзді өз ойымен қалай түсіндірді? 2. Өзіңді таза бұлақтай сезінетін болсаң, айналаңа қандай қасиеттерді таратар едің? 3. Жолаушылардың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады? 4.Қай жолаушының ойын өмірде ұстануға болады деп ойлайсыңдар? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды 2 топка(қызыл,жасыл түрлі-түсті таңдау арқылы)бөліп берілген тапсырмаларды орындайды: 1топқа Эссе жазу «Адам өмірінің жұлдызды сәттері» 2 топқа «Ақиқат» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу. 1.--------нұр жауар (талабыңа) 2.Адамның өз мұратына сәйкес өмірін өзгертуге бағытталған іс әрекеті не?(мақсат) 3.Жақсылық деген сөзді басқа қандай сөзбен алмастыруға болады (игілік) 4Екі адамның бір біріне адалдығын не дейміз? (достық) 5. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» өлеңінің авторы (Абай) 6.Елін,жерін сүйетін адамды қалай айтамыз?(патриот)
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
6.Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов 1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. 2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
7. Үй тапсырмасы * Адам-әлем бөлшегі» тақырыбына даналардың жазған 3-4сөздерін жазып келу. №20 сабақ Қ.Толықпаев «Ақ гүл» әңгімесін оқып сұрақтарға жауап дайындап келу. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. (Баяу музыка орындалады) Біз сіздермен өзіміздің ішкі дүниемізге саяхат жасап көрейік. Өмірде ақ пен қара бірдей болғандықтан әр адамның бойында жақсылық пен жамандық болуы мүмкін. Сендердің алдарыңда екі жол жатыр. Адам оның қайсысына бет бұрса, сол жолға түседі. Жақсылыққа құштарлық, әдемілікті түсіне алу, не нәрсенің қадіріне жету, үлкенді сыйлау, кішіге бауырмал болу, табиғатты аялау, ата-анаға, туыс-бауырға, ұстаздарға, Отанға деген сүйіспеншілік, өнерге бейімделу бұл нағыз адамдыққа апаратын жол. Сендер өз таңдаған жолдарыңнан жоғарыдағы қасиетті көре алдыңдар ма? Асылы, нағыз адамның өлшемі қашан да ел тағдыры болып келген. Ендеше ел қамын жеген азамат болуларыңа тілектеспін. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген