Материалдар / Сабақ жоспары, "Адам бақыты" 7 сынып

Сабақ жоспары, "Адам бақыты" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы Ұқыптылық, өзіне - өзі сенімді болу, әдепті болу, әділеттілік қасиеттерін бойларына дарыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: Подстепный №1 ЖОББМ

Мерзімі: 23.10.2020 ж, 21.10.2020 ж.

Сабақтың тақырыбы: № 9-сабақ «Адам бақыты» Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұқыптылық, өзіне - өзі сенімді болу, әдепті болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Зейнгереева Айгул Хайыржановна

Сыныбы: 7 «а,ә,»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс ой, сөз, дұрыс іс-әрекет жасағанда бақыт құшағына бөленетінін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өзіне - өзі сенімді бола білуге үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста әдепті болуға шақыру;

Тәрбиелік: - іс-әрекетте ұқыптылыққа, доспен қарым-қатынаста әділетті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды күйге ену: «Су астына саяхат» шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Келесі сабақ: «Мен досыммен мақтанамын» эссе жазу.

  • Достық деген не? Ол туралы не білесің?

  • Адамдар арасындағы достық қарыс–қатынас не үшін қажет?

  • Достасу неден басталады?

Музыка қойылады


Үй тапсыр масын

тексеру

3. Дәйексөз

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі-бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

1. «Жүрегі таза адам» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Жалпыға бірдей жақсылық тілейсіңдер ма?

Оқушылар

пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

«Бақыт дегеніміз» Бауыржан Момышұлы


  • Автордың бақыт туралы ой-тұжырымымен келісесің бе? Неліктен?

  • «Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы» деген ойын қалай түсінесің?

  • Өзің үшін бақыт деген не?

  • Өз бақытыңды немен байланыстырасың?

  • Адам бақытты болу үшін бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Сұрақ –жауап(пікірталас)








5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып , есте сақтап алу:

  • Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады.

  • Сөздерің тек оң болсын, өйкені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.

  • Әрекеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әрекеттеріңіз – әдетіңіз болады.

  • Әдетіңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.

  • Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

2-тапсырма: Берілген сөз тізбекті дұрыс шешшеңіз бақыт туралы мақал шығады.

  1. Жұмыс, қызмет, іс – 1,2,3,4,5.

  2. Жалғаулық шылау – 6,7,8.

  3. Қуаныш, шаттық – 9,10,11,12,13.

  4. Бірінен-бірін бөліп алуға болмайтын, тығыз байланысты – 14,15,16,17.

1

2

3

4

5


6

7

8


9

10

11

12

13


14

15

16

17

.























Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

1-тест: Парасатты адам:

А) Ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады.

Ә) Қоғамға қызмет етеді.

Б) Айнала қоршаған ортамен ортақ тіл табыса алады.


2-тест: «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкімде ұялта алмайды» деген ойға сенің көз қарасың.

А) Дұрыс айтады, әркімнің ар-ұжданы, ұяты оның бағдаршамы, көзге көрінбейтін жол бастаушысы тәрізді.

Ә) Мені ешкім бақылап жүрген жоқ қой. Адамдар менің мінімді байқамайды деп ойлаймын.

Б) Өзімнен не үшін ұялуым керек?


3-тест: Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойына сенің көзқарасың?

А) Ақиқат көзге көрінбейді, сондықтан мен үшін оның өлшеуіші жоқ.

Ә) Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген, естіген нәрсені дәл жеткізу. Нағыз шындық - ол Ар-ұждан.

Б) Зиянсыз өтіріктерді айтқанда тұрған не бар.


4-тест: Шынайы бақытты адам.

А) Дәулетке кенелу, рахатқа бөлену.

Ә) Парасатты, алдына ізгі мақсат қойып, мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде игілікке бағыттап отыру.

Б) Табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы.

























6. Топпен ән айту

Әні: М.Маңғытаев

Іздедім сені Сөзі:Н.Шакенов

Іздедім сені бімедім сені
Қайдасың қалқам қай жақта
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап
Кез болып маған бейуақта
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап
Кез болып маған бейуақта
Өкініш көміп барады сөніп
Үміттің шоғы азайып
Өңім бе екен түсім бе екен
Қапыда көрген ғажайып
Өңім бе екен түсім бе екен
Қапыда көрген ғажайып
Көлеңкең көлбеп көрінсе сен боп
Қуаныш етер мен пенде
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке
Суретің қалсын кеудемде
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке
Суретің қалсын кеудемде


Мұғалім әнді оқушылар мен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 10 сабақ, "Кішіпейілділік" мәтінін оқу 40 бет,

5-тапсырма 42 бет

Оқулықтан

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Бүгін сабақ қа белсене қатысып,

сыр бөліскені үшін алғыс



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ