Материалдар / Сабақ жоспары Адам бақыты 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Адам бақыты 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Адам бақыты 7 сынып Оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Жукенова Гульмира Муратовна

Күні:


Сынып: 7

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

7 сабақтың тақырыбы

«Адам бақыты»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Қоршаған орта сұлулығы мен адамды бағалай біледі; оларға деген көзқарасын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетеді


Құндылығы:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

қайырымдылық, қанағатшылдық,

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

- оқушыларға бақыт, бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;

- оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, бақытты бола білуге үйрету;

-оқушыларды қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі




1.Жағымды көңіл-күй

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларды жағымда көңіл –күйге келіп, терең ойлауға бейімдейді.


«Нұрға бөлену» жаттығуын өткізу.

Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

«Нұрға бөлену» жаттығуын орындайды.

https://youtu.be/1wra5jdp0zQ

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

Джеймс Аленнің «Адам қалай ойлайды?» мәтінін оқып келу.

Мұғалім оқушылардан мәтін мазмұнын және рухани тереңдігін қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы анықтайды.


7 сабақ 29 бет

«Адам қалай ойлайды?» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау.

Сұрақтар:

  • Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері-өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіздер?

  • Автордың «Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады...» деген көзқарасымен келісесіздерме? Неліктен?

  • Мәтінде айтылған ойлармен қаншалықты келісесіздер?

  • Өзің «дәл бүгіннен бастап» нені мақсат етер едің? Мәтіндегі ойға тағы да қандай пікір қосар едің?

Оқушылар мұғалім сұрақтарының көмегімен Джеймс Аленнің «Адам қалай ойлайды?» үйге берілген әңгіменің мазмұнын ашады.

Оқулық

29-30бет. Презентация жасау, интербелсенді тақтамен жұмыс

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады.

«Жаны мейірімге толы адам бақытты»

Пифагор

Пифагор ( 570—490 жж. б.з.д) — ежелгі грек философы және математигі.


Сұрақтар:

  1. Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  2. Жаны мейірімге толы дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Өзіңдеріңіз үшін бақыт деген не?


Дәйексөзді талдап, қорытынды жасау арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәні ашылып, оның қасиеттері туралы білімдері толықтырылады.

Оқушылар

Пифагордың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны екі рет қайталайды және дәптерге жазады.






Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиға айту (әңгіме)



Мұғалім алып келген сыйын айтып береді.


Бақытқа барар жол

(Қ.Толыбаев)

Бір құжырға жиналып, әңгімеге кіріскен шәкірттер қыза келе бақыт жайында пікір таластырды.
Әрқайсысы көкейлеріне түйген өз ойларын ортаға салды.
- Бақыт - байлық пен қазына,- дейді біреуі. Оған екіншісі келіспейді.
- Жоқ, бақыт – ойлаған мақсат арқылы көксеген мұратты жүзеге асыру.
- Олай да емес,- дейді үшіншісі,
- Бақыт - ойлаған мақсатыңды күштеп болса да орындап шығу...
Талас ұзаққа созылды. Тиянақ табылмады. Келесі күнгі сабақта шәкірттер осы пікірлерін ұстазы Әбунасырдың алдына жайып салды.
- Ұстаз, бақыт деген не? Сол бақытқа қалай жетуге болады?- деген сұрақ қойды біреуі.
- Бақыт – қолға ұстата салатын зат емес, ол ой мен қиялдың мақсатқа жеткізетін, мұратты орындауға жол ашатын түйіні,- деді де, ұстаз бұл күнгі сабақтағы уағызын осы мәселеге арнауды ұйғарды.
- Олай болса, мен сол бақыт туралы пікірлерімді айтайын...
Бақыт – алға қойған мақсатың мен көксеген мұратыңның орындалуы. Бақыт нышаны ой арқылы танылса, бойдағы талпынтқыш күш арқылы ілгері құлшынуың керек. Қиялдың және сезімнің жебеуімен бақытқа жету үшін сол бақыттың түбін терең анықтап алған жөн. Осы әрекеттер адамды табындыратын күш - қуатпен анықталатын болса - адамдардың барлық қимылы өздерін жақсылыққа кенелтеді. Сол жақсылық
- бақыт.
- Байлық бақытқа жеткізеді дегенге қалай қарайсыз? – деп сұрады тағы бір шәкірт.
Әбунасыр тасқынды оймен шиыршық ата толғанды:
Байлық – тіршілік етуге ғана қажетті қаражаттың молдығы,- деп өзінің пайымын түсіндіре бастады. Байлық – байлық емес. Байлықтың сипаты өгіздің жем - шөпке тойып тұрғаны секілді ғана құбылыс. Ынсап пен адамдыққа жат ниетке тыйым болмаса, байлықтың өзі адамды аздырады. Пиғылын бұзады. Мұратсыз бақыт та жоқ. Көксеген мұратың көптің мүддесімен қабысса, сол жолдағы әрекетің мұратыңның орындалуындағы діңгек болар. Бақытқа жеткенің – мұратыңның орындалғаны. Ұстаздың ұлағатты ойларынан тәлім алған шәкірттер бұл күні өмір ағысының тағы бір арнасынан сусындады.
Сұрақтар:

1. Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?
2. Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
3. Бақыт дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

4.Адам бақытты болу үшін бойында қандай қасиеттер болуы керек?

5. Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылар әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, бақыттың мәнін ұғынады.

http://ustazdar.kz/achyksabak/ozinozi/4705-bayt-shaynda.html

5. Шығармашылық жұмыс



Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды түсіндіріп өтеді.

1 тапсырма:

Бақыт деген-үш игіліктің бірдей толық болуы: бірінші-жанның, екінші-тәннің, яғни денсаулықтың, күштің, сұлулықтың, үшіншіден, сыртқы игіліктің-барлықтың, белгіліліктің т.с.с (Аристотель)

Бақыттың мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында (әл-Фараби).

Бақытты өмір сүру-қуанышты болу, дәулетке кенелу, рақатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы.


2 тапсырма: бірінші тапсырманы толықтыра түседі. Жағдаятты оқып, өз шешімдері мен ой-тұжырымдарын айту.


Мұғалім жағдаятты адам шынайы бақытты өзімен –өзі және айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүріп, өз өмірін жақсы іске арнағанда сезінетінін, мол бақытқа ақ ниетпен ізгі пейіл ғана апара алатынын ұғындыру.

Оқушылар дәптерде тапсырманы орындайды. Бақыт ұғымына берілген анықтамаларды оқып, шынайы бақыттың анықтамасын тауып, өз ойларын дәлелдейді.



Оқушылар жағдаятты оқып, өз шешімдері мен ой-тұжырымдарын айтады.

7 сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану дәптері, 16 бет.

6. Жобалау қызметі


«Ұжымдағы достық» жобасы бойынша 1 кезең мақсатын жазу.



Оқушылар жоба бойынша 1 кезең мақсатын талқылайды.

Бір-біріне сыйластық қарым-қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.


7. Топпен ән айту

«Бақыт»
Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев


Бақыт деген сенің бала күндерің 
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. 
Бақытын да басқасын да білмеуің 
Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің. 

Бақыт жайлы менің мынау білгенім 
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. 
Бақытты сол-тәрік етіп түндерін 
Бақыт іздеп азаптанса кімде кім. 

Бақыт деген әркімдерде бір арман 
Сол арманның шыққан жері құмардан. 
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір 

Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң. 

Оқушылар әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

Ән мәтінін экранда шығару

8. Үй тапсырмасы



Келесі сабақ № 8 сабақ Бауыржан Момышұлы «Бақыт дегеніміз...» мәтінді оқып келу

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

7 сыныпқа арналған, өзін-өзі тану оқулығы, 32 бет.

9. Сабақтың қортынды сәті

Мұғалім оқушыларға сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.

https://www.youtube.com/watch?v=qYNDmpMkBZs





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!