Сабақ жоспары: Адам виртуалды кеңістікте 10 сынып өзін-өзі тану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Адам виртуалды кеңістікте 10 сынып өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам виртуалды кеңістікте 10 сынып өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары. Сабақ бұл қысқа мерзімді жоспарды пайдалану арқылы мұғалімге көмекші құрал болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 25

Мұғалімі:

Сыныбы: 10

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адам виртуалды кеңістікте

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Жақсылықтан жамандықты ажырата білу, тек қажетті заттарды айту

Мақсаты: Оқушыларды шынайы және виртуалды өмірді ажырата білуге үйрету. 

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды жақсылықтан жамандықты ажырата білуге үйрету

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жақсылықтан жамандықты ажырата білу қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды тек қажетті заттарды айту тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

  • Табыс (сұқ саусақ);

  • Үлкен (ортаңғы);

  • Барлығында (атаусыз);

  • Барлық жерде (шынашақ);

  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №24 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №25, «Компьютербасты жарты адамдар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Қарт неліктен үш ұлы бола тұрып, «Бір жарым» ұлым бар деді?

Қарттың жалаң білімді ұлдарын «жарты адамға» теңеуінің себебі неде?

Ақын адам қай кезде «толық , кемел адам» болады дейді?

Өлеңде айтылған келеңсіз жағдайлардан қалай шығуға болады деп ойлайсыздар?


3. Сабақтың дәйексөзі.

... Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Абай

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жақсылардың жақсысы

Қ.Толыбаев


Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты.Үйдің айналасы бау-бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи жабық тұрады екен.Сонда әкесіне қызы:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,-деді.

-Оның дұрыс, қызым.Жақсылардың ең жақсысы сонда.Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді қыз есейіп бой жетеді.Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады.Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді.Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлаптұрып:

- Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің.Мен одан ұршық, өрмек,кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

- Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады.Ал кітап оқысаң, білімің артады.Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,-деп түсіндірді әкесі.

  • Сіздер қыздың әкесінің өрмек,ұршық және кітапты«жақсылардың жақсысы» дегенімен келісесіздер ме? Неліктен?

  • Кітаптың адамға берер пайдасы қандай?

  • Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбектің қай түрімен айналысқанды жақсы көресіздер



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

3-тапсырма. Жағдаяттарды оқып, өз шешімдеріңіз бен ойтұжырымдарыңызды айтыңыздар. Жағдаяттардағы мәселелерді анықтап, одан шығудың жолдарын ұсыныңыздар.

а) Айжан сабақтан бос кезде аулаға да шықпайды, сыныптас достарымен серуендеуге, кездесіп уақыт өткізуге құлқы жоқ. Анасына оған уақыт жұмсаудан гөрі, әлеуметтік желіде достарымен көргенбілгендерін әңгімелеп, қажетті ақпараттармен бөлісіп, «фото орнатып», «лайк басып», «пікір білдіріп», «селфи жасап» отырғанның әлде қайда дұрыс екенін айтады. ә) Арман интернет арқылы қарым-қатынаста достардың санын көбейтуге күш салады және соған қуанады. Сыныптас досы Ғалымның «Дос санымен емес, сапасымен, адамгершілігімен құнды» деген сөзіне құлақ та аспайды.

б) Данияр өзінің жанында күнделікті қамқор болып жүрген достарынан гөрі әлеуметтік желідегі достарына көбірек сеніммен қарай бастады. Оның бұл әрекетін аңғарған әкесіне әлеуметтік желілердегі достарының қарым-қатынаста әлеуметтік статусы, материалдық жағы, жас ерекшелігі, қайда тұратындығы кедергі келтірмейтінін, өзіне осы жағдайдың ұнайтынын айтты.

в) Рамазан досы Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшасына қарап таң қалады. Ол түр-келбетіне қанағаттанбайтынын айтып, өз суреттерін қалағанынша өзгертіп қояды немесе өзге біреудің суретін енгізеді. Өзі туралы ақпаратқа шындыққа жанаспайтын жетістіктер туралы қоя салды. Достары да күнде өзгеріп тұрады. Қалаған адамымен тез араласып, тез араларын үзе салу оған қиын емес. Мен досымның әрекеттеріне қарап оның шынайы өмірден алшақтап бара жатқанын сезіндім. Енді не істеу керек екенін ойлап бас қатырып отырмын...


6. Топпен ән айту.

Адам

Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі

Әні Әсет Бейсеуовтікі

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы:

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса, шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №25 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау

2. Келесі сабақ. №26, «Виртуалды әлемде адасқандар» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2021
2300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі