15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Адамның азаматтық тұлғасы 7сынып
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітілді: оқу ісінің меңгерушісі
Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік
Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна
Сыныбы: 7 «а» сынып Оқушы саны-19
Мектебі: Қаракөл орта мектебі
|
Мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: - Азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру; - Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; - Оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) «Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар. |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру Б.Момышұлы естелігі М.Шаханов Төрт ана -Өлеңдегі «тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» деген жолды қалай түсінесіңдер? - Өздерің «Төрт ананы» сақтап, дамытуда қандай үлес қосып жүрсіңдер? |
|
|
Дәйексөз Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,ел үшін өзім не істей алам деп сұра. Джон Кеннеди |
|
|
Мұғалім сыйы Ерте ерте ертеде Иранның кішкентай бір қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: “Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік. Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Кезінде оны маған бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен асыл қазынаға жету жолы жазылған. Оны оқитын менің уақытым болмады. Бірақ сен міндетті түрде оқуың керек – кедейшіліктен құтылып, бай болуың керексің!” Анасының жаназасынан кейін баласы аманат еткен үлкен ескі кітапты қолына алып оқи бастайды. Кітаптың бірінші беттерінде былай жазылған екен “Қазынаға жету үшін кітаптың әрбір бетін кезек кезегімен оқыңыз. Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз. Егер де соңында не бар екен деп, дереу кітаптың соңғы бетіне өтер болсаңыз – кітапқа сиқырлы күш еніп кітап өз-өзінен жоқ болады. Содан кейін қазынаға ешқашан жете алмайсыз.” Осындай кіріспеден кейін бір елді-мекенде сақталған үлкен қазына туралы айтылады. Қазына жатқан үңгір жақсы қорғалуда мыс. Кітаптың бірінші беттері Парысша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен. Өзін қазірден бай сезінген жас жігіт, бұл құнды кітап туралы басқа біреу біліп қоймасын, өзінен басқасы қазынаға жете алмасын деп арапша жазылғандарды аудартуға қимайды. Содан кітапты ары қарай оқу үшін араб тілін меңгеру керек болды оған. Араб тілін үйреніп, кітапта жазылғандарды жақсы түсініп оқиды. Білгілі бір жерден бастап кітап араб тілінде емес, қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Жас жігіт бар ынта мен жігерін қосып кітап қай тілде жазылса, сол тілдердің бәрін меңгереді. Көп тілдерді меңгергені арқасында қаланың ең жақсы аудармашысы атанады. Өмірі реттеле бастайды. Көп тілді беттерден кейін кітапта қазынаның қалай жұмсалу керектігі жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді. Сонымен қоса, қазынадағы асыл тастар мен гауһарлар туралы ғылымды да оқиды. Оқып үйренгендердің бәрін теориядан тәжірибеге еңгізіп жүреді. Оның көп тілді, көп саладан теңдесі жоқ маман екені сол елдің патшасының құлағына да жетеді. Патша жігітті қасына шақыртып, жақсы қызметке тағайындайды. Ұзын алғысөзден кейін кітап негізгіге өтеді: үңгірдегі үлкен есік қалай жасалғаны жайлы, бұрандалары қалай құрылғаны жайлы, үңгірге жету үшін не жасалыну керегі жайлы баяндалады. Осы құпияларды басқа ешкіммен бөліскісі келмейтін жесір әйелдің баласы сол елдің ең білгір, ең оқыған адамы болады. Тіпті кейіннен қаланың сәулетін көркейтетін болады. Патша жігіттің біліміне тамсанып, өз сарайының сәулетшісі ал кейін өзіне ең жақын уәзірі қызметіне тағайындайды. Расында да сол елде сол жігіттен артық білімге жақын бірде-бір адам табылмайды. Осылай жүріп жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы бетін ауыстырғанда бір-ақ сөйлем жазылғанын көреді: “Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!” |
|
|
«Шығармашылық жұмыс» Тапсырма Берілген ұғымдардың анықтамаларын тауып сәйкестендіру
|
|
|
Топпен ән айту. Анамның тілі – аяулы үні
сөзі: Ш.
Смаханұлы Анамның тілі - айбыным
менің, |
|
|
Үй тапсырмасы С.Әшімбаев Азаматтық формуласы |
|
|
Соңғы тыныштық сәті. Ал, енді, балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, отбасыларыңа жақсы тілек тілеп, жүректеріңе түйіп алыңдар. |
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітілді: оқу ісінің меңгерушісі
Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік
Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна
Сыныбы: 7 «а» сынып Оқушы саны-19
Мектебі: Қаракөл орта мектебі
|
Мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: - Азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру; - Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; - Оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) «Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар. |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру С.Әшімбаев Азаматтық формуласы
|
|
|
Дәйексөз «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!» М.Шаханов |
|
|
Мұғалім сыйы Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік , әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. |
|
|
«Шығармашылық жұмыс» Тапсырма «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында эссе жазу |
|
|
Топпен ән айту. Анамның тілі – аяулы үні
сөзі: Ш.
Смаханұлы Анамның тілі - айбыным
менің, |
|
|
Үй тапсырмасы Ғ.Оралбаев Бір шымшым топырақ |
|
|
Соңғы тыныштық сәті. Ал, енді, балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, отбасыларыңа жақсы тілек тілеп, жүректеріңе түйіп алыңдар. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген