жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Адамзаттың пайда болуы" 6 сынып
Қазақстан тарихы. Сынып: 6. Күні: Бекітемін:
|
Сабақ тақырыбы |
Адамзаттың пайда болуы |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
|
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
|
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Тарихи терминологиялар: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар...... Тілдік мақсат 1. Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы); 2. Оқушылар адам эволюциясы туралы бейнелеген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы); 3. Алғашқы адамдардың өмірі, қола дәуірінің ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдап, көрініс көрсетеді (тыңдалым дағдысы, айтылым дағдысы); 4. Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасап, макет құрастырады (оқылым дағдысы). |
|||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Патриотизм, ұлттық сана-сезім мен ел алдындағы азаматтық жауапкершілікті дарыту. Туған жерге деген құрмет және де атадан мұра болып қалған жерімізді сақтаудағы басымдылықтар айтылады. Себебі өтілетін тақырып бойынша алғашқы адамдардың қалыптасып, осы уақытқа дейін қалыптасып келе адамдардың эволюциялық қалай дамығанын түсінуіне мүмкіндік тудырамын. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүние жүзі тарихымен байланысты сабақ: Алғашқы қауымдық құрылысты дүние жүзі тарихы мысалында да бір қыры ретінде қарастырып өтемін. |
|||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтадан Қазақстанның алғашқы дәуірін таныстырамын, топтық тапсырмаларын нақтылап беріп, отырамын. Сондай-ақ, https://kk.wikipedia.org энциклопедиялық жобасының парақшасынан қажеттті суреттер, карталар және материалдар алынды. |
|||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білімдерін сабақтастыра қарайды. |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Бастапқы уақытта.Өткен сабақты қысқаша еске түсіріп кетемін. Ол төмендегідей: Интерпретация Мұғалім. Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар беремін:
Болжам: деңгейі жоғары оқушылар сұрақты өткен сабақтастыра ашып берсе, орта деңгейлі оқушылар өз деңгейінде тапсырманы толығымен ашып бере алмауы мүмкін. Ал төмен деңгейлі оқушылар мәселені нақтылы ашып бере алмауы мүмкін. |
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж. |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 минут 10 минут
|
Топтық жұмыс.Бірінші іс-әрекет. Оқушыларға «Тас дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша алынған білімді жүйелеу мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы ескертіңіз. Уақыт машинасы бойынша ұяшықтарды таңдауды ұсынамын. Мысалы: алғашқы адамдар, тас құралдары, кен өндіру, қыш құмыралар, петроглифтердің суреттері. Осы суреттер бойынша сол кезеңге ойша өтіп, нені елестеткендерін жазып алады. 1 топ:Журналистер: «Адамдардың шығу тегі» тақырыбында оқиға орнынан репортаж дайындайды; Критерийлері: 1. Пәндік мазмұны: кәсібі, тұрмысы және т.б 2. Өзектілігі: тас дәуірінің ерекшелігі, еңбектің рөлі, адам эволюциясы және т.б. 2 топ: Ұсталар: Тас дәуірініңкезеңдері еңбек құралдарының ішінен адамға ең үлкен пайдасын (қажетті) әкелген еңбек құралын таңдап, оның суретін салып, мысалдар келтіре отырып, өз таңдауларын негіздеу. 3 топ: Қыш құмыра (керамика) жасаушылар: Адамзаттың даму барысын зерттеп, суретін салады, ондағы бейнеленген суреттерді сипаттайды. 4 топ: Этнографтар: Қазақстандағы алғашқы адамдардың пайда болуй және тобырға бірігуі Олардың мағынасын ашып, түсіндіреді. Екінші іс-әрекет. Ежелгі адамдардың өміріне саяхатты мектеп ауласында немесе кітапханада өткізуге болады. Бағалау:«Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ өзге топ өкілдерін бағалайды. Бағалау парақшасына белгілеп алып отырамын. Оқушы үшін: Бұл сабақта оқушылардың білімін жинақтайтын түрлі шығармашылық тапсырмалар орындатуға болады (постер, зерттеу күнделігі, альбом жасату). Топтық жұмыс.Сыныпты шағын топтарға бөлемін. Топтар келесі көріністерді көрсетеді: І топ: ежелгі адамдардың тастардан еңбек құралын жасауы; ІІ топ: терімшілік пен егіншілікпен айналысуы; ІІІ топ: аң аулауы; IV топ: от жағу тәсілін; V топ: ежелгі адамдардың тастарға сурет салуы; VI топ: тоқымашылық, тері өңдеу; VII топ: баспана салу. Оқушылар өздерінің алған білімдеріне негізделе отырып, өзіндік интерпретацияны көрсетеді. Әр топ өз көріністерін сипаттап, таныстыру қажет. Мұғалім.Бұл сабақты таспаға түсіріп, келесі сабақта талдауға болады. Болжам: деңгейі жоғары оқушылар тапсырманы нақтылы орындаса, орта деңгейлі оқушылар мәселені тапсырманы толығымен ашып бере алмауы мүмкін. Ал төменгі деңгейлі оқушылар тапсырмадан ауытқулары болуы мүмкін. |
Т.С.Садыков, А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. – Алматы:Атамұра, 2011 ж.
|
||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Оқушыларға "Не білдім, не үйрендім,
нені білгім келеді?" кестесін толтыруды ұсыну
(бірнеше оқушы өз қалауымен карточкасын оқуы
мүмкін) Үй жұмысы: Оқушылар дәптерлеріне «Ежелгі адамдар» атты тақырыпқа 70-80 сөзден тұратын эссе жазып келуді тапсырамын. Келесі сабаққа арнайы тақырып арналғандықтан аталмыш әдіс арқылы тапсырма беріліп отыр. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинақтап тексеріп, кері байланыс ретінде қорытындысын беремін.
|
Ауызша
Дәптер |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген