400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Әдептен озбайық" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне 9 сынып оқушыларына "Әдептен озбайық" тақырыбында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, зертеушлілік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сабақ жоспарында таңдалған ресурстар ғұламалардың әдеп туралы ойларымен байланыстырылып, мәтіндер екі тілде берілген. Қазақ әдебиеті, орыс тілі, өнер сабақтарымен байланыс көзделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қысқа мерзімді жоспар
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының миссиясы
Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы
үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің
инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның
зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің миссиясы
Сапалы білім. Үштілді орта. Болашақ көшбасшы.
3-БӨЛІМ:
САБАҚ: 21-22
Мектеп: Cемей қ.ФМБ НЗМ
Күні: 18-25.02.19 Мұғалімнің аты-жөні: Найманова К
Сынып: 9 Қатысқан
оқушылар
саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Әдептен озбайық
Кәсіби даму мақсаты Өзін-өзі тану сабағында 9а сынып оқушыларының
эмоцияларын басқару дағдыларын өзара әрекеттесу арқылы
дамыту
Оқу мақсаты Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін кеңейту
Сабақ мақсаты Оқушы өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы әдептің
көрінісі болып табылатын әділдігін, адалдығын көрсетуге
үйренеді.
Тілдік мақсаттар Мәтіндерді орыс тілінде оқып, мағынасын түсінеді,
талдайды, сараптайды.
Күтілетін нәтиже Оқушы:
- Әдеп сөзінің мағынасын ажырата білу дағдысы
дамыған
- Өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы әдептілікті
көрсете біледі;
- Әділдік, адалдық және шынайылылық қасиеттері
қалыптасқан
Құндылықтар Дұрыс әрекет қалыптастыру арқылы адамгершілік
қатынастарды–ынтымақтастық, ізгілік, адалдық,
қарапайымдылық пен кішіпейілділікті орнықтыру
Қасиеттер Мейірімділік, ізгілік, шыдамдылық, адалдық, әділдікке
баулу
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, орыс тілі, өнер-арт
Осыған дейін
меңгерілген білім
Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған әрекеттер Ресурстар
Басы



1. Ұйымдастыру кезеңі 1мин.

2. «ПМИ» стратегиясы 5 мин.
Мақсаты: оқушы бір бағытта ойын
Өзін өзі тану
оқулық,9 сынып

Эдвард де Боно


Page 2







шоғырландыру (концентрация) дағдысын
дамытады.
Күтілетін нәтиже: оқушы берілген мәселені +; -;
«қызықты болатын еді» бағыттары бойынша
көзқарасын білдіре алады.
Тапсырма: «Әрбір адам көңіл-күй төсбелгісін
тағып жүру керек пе?» деген сауалға
көзқарасыңды білдір. Ол үшін сіз +;-; қызықты
болатын еді бағыттары бойынша өз ойыңмен
топта бөліс.
Мұғалімнің әрекеті: ПМИ стратегиясын
түсіндіреді, топтың ойларын тыңдайды, бір-екі
топтың ойларын сыныпқа тыңдатып, сұрақтар
арқылы сабақ тақырыбына шығады.
Оқушы әрекеті: берілген тапсырманы жеке
орындайды.
«Нестандартное
мышление»
кітабы
ПМИ
стратегиясы
стр.258-260
Ортасы






1. Дәйексөзді талдау
«ПМИ» стратегиясы 6 мин.
Мақсаты: сыни ойлау, сұрыптау дағдыларын
дамытады.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы дәйексөзді оқып, +;-; қызықты болатын
еді бағыттары бойынша сұрыптай алады, 1
аргументтен келтіреді, топта өз ойын жеткізе
алады.

Дәйексөз: «Біз бойымызда әдепті дамытуға
тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-
оңай айырылып қалуымыз мүмкін».
И.Гете
Тапсырма:
Сынып 4-5 оқушыдан 4 топқа өз қалауымен
бөлінеді. Сынып төрт бұрышта берілген дәйексөз
бойынша +;-; қызықты болатын еді бағыттары
бойынша пікір алмасып, 1 аргументтен
келтіріңдер. Топта 1 оқушыдан уақыт
қадағалаушы және бағалаушы рөлін атқарады.
Берілетін уақыт 3 минут. Әрбір бағытқа 1 минут
уақыт беріледі. Уақыт бақылаушы әрбір кезеңді
қатаң бақылауда ұстап, келесі кезеңге
ауысуларын қадағалап отырады. Пікір алмасу
аяқталғаннан кейін 4 топ екі топқа бірігіп ой
бөліседі. 2 мин.
Бағалау 1 мин. Бағалаушылар топтардың
жұмысына баға береді
Бағалу критерийлері:
2. Дәйексөз бойынша +; -; қызықты
болатын еді бағыттары бойынша 1
аргументтен келтіре алады
3. Уақытты тиімді пайдалана алады.


Қосымша№1

































Page 3

Мұғалім әрекеті: тапсырманы түсіндіреді, қажет
еткен жерде көмекке келеді, қорытындылайды.

Оқушы әрекеті: топқа бөлінеді, дәйексөзді оқиды,
өз пікірін әр бағытта білдіреді. Уақыт
бақылаушыны тыңдайды.

4. «Ғұламалар әдеп туралы» Зерттеушілік
жұмыс. 10 мин.
Мақсаты: талдау, сараптау, салыстыру
дағдыларын дамытады
Күтілетін нәтиже: оқушы бірлескен әрекет жасай
алады, мәтінді талдау, сараптау, салыстыру
арқылы «Әдеп» және «Мораль» терминдеріне
анықтама құрастырады.
Топтық жұмыс: Сынып 4 оқушыдан 5 топқа өз
қалауларымен бөлінеді.
1 топ- Абайдың «Сегізбұрышы»
Тапсырма: Абайдың сегізбұрышындағы
ұғымдарды талдап, саралап «Әдеп» және
«Мораль» үғымдарының анықтамасын
құрастырыңдар
2 топ- «Жұмбақты кесте»
Кестеде Абайдың «Қара сөздері» мен
Конфуцийдің нақыл сөздерінен алынған үзінділер
берілген. Екі философтың ойларының ортақ
тақырыбын анықтап, бірінші «Тақырыптар»
бағанын толтырыңдар. Тақырыптың саны – 5.
Тақырыптарды анықтап алғаннан кейін саралап
«Әдеп» және «Мораль» үғымдарының
анықтамасын құрастырыңдар.
3 топ- Аль-Фарабидің үшбұрышы
Тапсырма: Үшбұрышта Аль-Фарабидің этикаға
деген үш позициясы берілген. Осы үш позицияны
талдап, «Әдеп» және «Мораль» үғымдарының
анықтамасын құрастырыңдар
4топ- Машхур Жусуптың этика туралы ойлары
Тапсырма: мәтінді оқып негізгі идеясын анықта.
«Әдеп» және «Мораль» үғымдарының
анықтамасын құрастырыңдар.
5топ- Аль-Фарабидің 12 адамгершілік қасиеттері
Тапсырма: Аль-Фарабидің «Жомарт қала
тұрғындары» кітабында берілген 12 адамгершілік
қасиеттермен танысып, Әдеп» және «Мораль»
үғымдарының анықтамасын құрастырыңдар.

Бағалау критерийлері:
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
2. Мәтіндегі ұғымдарды саралайды
3. «Әдеп» және «Мораль» үғымдарының
анықтамасын құрастыра алады.






https://allrefrs.ru/
3-1685.html
Основы этики в
казахской
народной
педагогике


Page 4

4. Топ бірлесе әрекет жасай алады
5. Қорғауда шығармашылық танытады

Мұғалімнің әрекеті: сыныпта ынтымақтастық
орта қалыптастырады, оқушыларға ой салады,
сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың
идеяларын тыңдайды, тапсырма береді, «Әдеп»
және «Мораль» терминдерінің анықтамасын
түсіндіреді.
Қосымша №1 слайд

6. ПМИ (АКҚ) стратегиясы 4 мин.(2)
Мақсаты: оқушы мәселені бір бағытта қарастыру
дағдысын дамытады.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы берілген мәселені бір бағытта қарастыра
алады, өз ойын өмірлік жағдаяттармен
байланыстыра дәлелдер келтіре алады.

Топтық жұмыс: сынып оқушылары +;-; қызықты
болатын еді деп жазылған жетондарды
таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Жетондарда
тапсырманың шарты берілген
Тапсырма.
«Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне
байланысты айырмашылықтары болу керек пе?»
өз ойларыңды өмірлік жағдаяттармен
байланыстыра дәлелдер келтіріңдер.
Уақыт аяқталғаннан кейін 2 минут ішінде
сыныппен ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Мұғалімнің әрекеті: жетондарды таратып топқа
бөледі, тапсырманы түсіндіреді, уақыт
бақылаушыны таңдайды. Оқушылардың бір
бағытта өз көзқарастарын білдіріп ой бөлісуін
қадағалайды, көмекке келеді.
Оқушы әрекеті: берілген тапсырма бойынша
топта талқылауға қатысады, өз ойын білдіреді.

7. Шығармашылық жұмыс: 10 мин.(2)
Мақсаты: оқушы шығармашылық, зерттеушілік
дағдыларын дамытады.
Күтілетін нәтиже: оқушы мектепте, көшеде,
театрда, іс-сапарда, қонақта әдеп нормаларын
ұстану туралы креативті идеяларын постер,
интеллект-карта, сурет, мандала, кластер түрінде
көрсете біледі.
Тапсырма:
Әр топ өзіне берілген тақырып пен әдіске сәйкес
әдеп нормаларын ұстану идеяларын көрсету.
Мұғалімнің әрекеті: топқа бөлу, тапсырма беру,


Page 5

көмек көрсету, бағыттау, бағалау критерийлерін
үлестіру, қорытындылау.
Оқушы әрекеті: топқа берілген тапсырманы
бірлесе орындайды, жұмысын қорғайды, топтың
жұмысын бағалайды.
Бағалау критерийлері:
1. Тақырыпқа сай идея ұсынады;
2. Идеяны берілген формада аша біледі
3. Жұмыста шығармашылық қарым-қатынас
көрінеді
4. Уақытты тиімді қолданады
5. Топта бірлескен белсенділік көрсетеді
Соңы
5
1. “Ар-ұждан жолағы” жаттығуы (5 мин.)
Мақсаты: рөлдік ойын арқылы тақырыпқа
байланысты мәселелерге тез шолу жасау, уақытты
үнемдеу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушы рөлге ене отырып,
нақты мәселеге тез шолу жасай алады, уақытты
үнемдей алады, өз көзқарасын білдіре алады,
талдау жасай алады.
Оқушының әрекеті: жұптасады, кейіпкерге
әрекетін түзетуге ұсыныс айтады, аргументтер
бойынша өз көзқарасын білдіреді.
Мұғалімнің әрекеті: оқушыларға жаттығудың өту
тәртібін , шартын түсіндіреді, әрекеттерді түзетуді
қажет ететін адамның рөлін сомдайтын оқушыны
таңдайды. «Ар-ұждан жолағынан» оқушылар
«өзгерткісі» келетін қазіргі заманның жағымсыз
кейіпкерін (әдебиет шығармалары немесе
кинофильм кейіпкерін) «өткізуді» ұсынады.
Оқушыға сұрақтар қою арқылы жаттығуға талдау
жүргізеді.
2. Кері байланыс/бағалау «Екі жұлдыз бір
тілек» стратегиясы арқылы сабаққа кері
байланыс алу және оқушылардың білімін
бағалау (3мин.)
Мақсаты: оқушы өзін бағалау, бір-бірін
бағалау дағдысын дамытады
Күтілетін нәтиже: оқушы сабақта алған
жетістіктерін анықтай алады, ұсыныс жасай
алады.
Оқушының әрекеті: сабақта алған әсерлі екі
жаттығуды айтады, өз тобының бір
оқушысына ұсыныс жасайды.


Page 6

Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың
жетістіктерін бағалайды, кейбір оқушыларға
ұсыныс айтады.
Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту
– көбірек қолдау
көрсету үшін не
істейсіз? Қабілеті
жоғары оқушыларға
қандай міндеттер
қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау –
оқушылардың
берілген
материалды
меңгеру
деңгейін қалай
тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтармен байланыс
Оқушыларды
қабілеттеріне қарай
уақыт бақылаушысы,
хатшы, спикер, басты
кейіпкер ретінде рөлдік
міндеттер
жоспарладым. Бұл
міндеттерді орындау
арқылы оқушы уақытты
тиімді қолдану,
жауапкершілік, негізгі
ойды түртіп алу, ортақ
ойды жеткізу
дағдыларын дамытады.
Бақылау,
қадағалау,
бағалау
критерийлері
арқылы
оқушылардың
өзара бағалауы,
«Екі жұлдыз ,
бір тілек»
техникасы
арқылы
сабақты
бағалау
Жаттығулар оқушылардың эмоционалды
көңіл-күйлерін жақсартуға, шаршамауға
бағытталған. Оқушы қазақ тілі, тарих,
психология, бейнелеу өнері пәндерінің
білімдерін қолдана алады.
Өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы
әдептің көрінісі болып табылатын
әділдігін, адалдығын көрсетуге үйренеді.
Рефлексия
Сабақ
мақсаттары/оқыту
мақсаттары жүзеге
асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені
үйренді? Оқыту ортасы
қандай болды? Менің
бөліп оқытқаным өз
мәнінде жүзеге асты
ма? Мен өз уақытымды
ұтымды пайдалана
алдым ба? Мен
жоспарыма қандай
өзгерістер енгіздім және
неліктен?
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия
жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол
жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді
(оқытуға және үйренуге қатысты)?


Page 7

1:

2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің
келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1:

2:






























Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі