Материалдар / Сабақ жоспары "Ағайын – ер ырысы" 11 сынып

Сабақ жоспары "Ағайын – ер ырысы" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ағайын туыс арасындағы сыйластық пен татулық және мейірімділік пен сүйіспеншілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
996
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Мектеп:Б.Нысанбаев орта мектебі

Мерзiм: 6.02.2016ж.

Сабақ: №21

Тақырып: Ағайын – ер ырысы

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: бауырмалдық, мейірімділік, риясыз сүйіспеншілік

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 11 «ә»

Оқушылар саны: 12


Мақсаты:  Оқушыларға туыстық, бауырмалдылық қарым – қатынастар туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:  

Білімділігі: оқушыларға туыс, ағайын арасындағы туыстық қатынас және ынтымақ, береке, бірлікті сақтай білу туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың туыстық қарым – қатынас шапағатын сезінуге, қадірлей білуге баулу.

Тәрбиелігі: оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Кітап, дәптер, үнтаспа, А4, маркер, стикер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?

Үй тапсырмасын тексеру.

Ата – ана туралы нақыл сөздер жазып келу

1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

2.Әкеге баланың алалығы жоқ.

3.Ерке бала екі жылар.

4.Ағайын - алтау, ана - біреу.

5. Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ.

6. Ағайынның алтын сарайынан

Ананың жыртық лашығы артық.

7.Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар.

8.Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

9.Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал.

Сабақ барысын талқылау:


Оқушылар дың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


Дәйексөз

Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағадағы құрақ.

Халық нақылы



Сұрақ:

1.«Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

2.Туыс – туғандардың қадірін алғаш қашан байқадың?

3.Қазақ халқының бауырмалдығы туралы қандай шығармалар оқыдың?

Қорытынды: Қазақ халқы ағайын арасындағы туыстық қатынас және  ынтымақ, береке, бірлікті сақтай білген. Шежіре деген сөз арапша «шаджарат» қазақшаға аударғанда бұтақ, тармақ деген сөз мағынасын білдіреді. Қазақ шежіресі де халықтың шығу тегін, таралуын андайтын тарих ғылымы тармағы.


Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)



Бейнетаспа: «Қарым – қатынасты бағала»

Қорытынды: «…Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас – құралас, алыс – берісті құда – жегжат, жамағайын, жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған бағзы заманнан жеткен ұғым… Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке – бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе, даңқты бабаларының атын ұран қып шақырып, «…алашдың  азаматымыз» десіп бәтуласып, баталасып бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп, бір байрақтың  түбінен табылған….

Қазақта туыстық  қатынас тарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп атайды.

Біріншісі – адамның әкесі жағынан туысатын өз  жұрты, әйелдер төркін жұртым  деп атайды.

Екіншісі – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.

Үшіншісі - әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты…










Сергіту сәті

«Қаражорға»


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ: «Менің туыстарым» өлең шығару

ІІ топ: «Менің туыстарым» сөзжұмбақ құрастыру


Топпен ән айту

«Қазақ осы»

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп жасап жатыр анық той

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне танып қой.

Сәйгүлікті құйрық жалы таралған.

Сүйетұғын қазақ осы қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып ән салып.

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы айтатұғын жел кесір.

О, ағайын халық емес ол кесір

Қазақ осы аңғал – саңғал жабусыз.

Қазақ осы ағыл – тегіл көл көсір.

Қазақ осы дала дейтін күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы көргенінен танбайтын.

Той думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы алудай – ақ алатын.

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр саған да ол кетерде.

Ат мінгізіп жібек шапан жабады.


Үй тапсырмасы.

А.Әбдіразақовтың «Ағайын» шығармасын түсініп оқып, мазмұндау.


Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгін біз, сендермен, отбасы, ата – ана, ағайын, туыс туралы әңгімелестік. «Күннен жылу тараса, анадан мейірім тарайды» деген нақыл сөзді есімізге түсірсек, сүйіспеншілік бар жерде махаббат, қамқорлық, мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті. Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді, алақанымызға салып, барша әлемге сыйлайық! Сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ