400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену; дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру; тәрбиелік – ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тубетбаева Бибізада Кыдырбаевна «№166 лицей» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Сынып:

8 Б

Күні:

03.10.2017

Сабақтың тақырыбы:

Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар. 

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену; дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру; тәрбиелік – ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.

Cабақтың типі:

Білім және іс- әрекет тәсілдерін жетілдіру

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО;Блум таксономиясы; жеке жұмыс,

Сабақты ұйымдастыру түрі:

әңгімелесу және практикалық сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер


Оқыту формасы:

жеке-дара, жұптық, топтық. 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Ауызекі сөйлесу
-Қазақ отбасында кімнің орны ерекше? Неге?
-
Ағаның орны қандай?
-Қара шаңырақ кімге қалады? Қай ұл баласына?
-
Інінің алар орны?
ІV. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің сөзі: 
А)Тілдесім. -Сонымен ,балалар, халқымызда үлкенді сыйлау – ұлылық , үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленесің, үлкендердің батасын аласың. 
-Сендер, балалар, үлкендерді сыйлай білесіңдер ме? Кәне ,айтайық.
-Сендердің отбасыларыңда бірінші талап қандай?( Әке мен ананың сендерге қоятын ең бірінші талап-тілегі қандай?)

Үлкенді сыйлау


2.Сабақтың мақсаты айту. 
-Қазақ отбасындағы да бірінші талап қандай екен, мәтінді оқып талдаймыз.
( өздері таңдап алған суреттері бойынша топқа бөлінеді)
1-топ «
Аға » , 2-топ «Іні» , 3-топ «Отбасы» топтары
3.Сөздік жұмысы. Ә)Тыңдалым.Оқылым. 5 минут
Құлағына құйып өсірген( тұрақты сөз тіркесі) –жақсылап айтып түсіндірген , 
тіл алғыш
Имандылыққа, тиянақты, көргенсіз болма, ұқыпты ( сөз тіркесі, сөйлем құрастыру) 
Б) оқылым. Мәтінмен жұмыс (оқулықтың 52-беті)- 8 минут
* жақсы оқитын оқушы немесе мұғалім мәтінді оқиды;
4. Топтық жұмыс. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
І топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру,
3) «әдептілік», деген зат есімге «болады» деген етістікке морфологиялық талдау.
ІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша тірек сызба дайындау, 
3) Көмекші есімдерді пайдаланып екі сөйлем құрастыру.
ІІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтінді мазмұндау, 3) Тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады деген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.
5.Оқушылардың жұмыстарын тексеру. 5 минут
6. Мақал-мәтелдердің,ұлағатты сөздердің екінші сыңарын сәйкестендіріп, оқыған мәтінге сәйкес келетінін түсіндіру.-2 минут
1.Атаңа не көрсетсең дос,ақылыңа ақыл қос.
2.Тәрбиесіз берілген білім алдыңа сол келер.
3.Ашу-дұшпан, ақыл- әдепсіз бала – сорлы бала 
4.Әдепті бала – арлы бала,.. . адамзаттың қас жауы.
V. Сабақты бекіту,қорытындылау. ( 5 минут)
Топ атаулары бойынша қорытынды жасау. 
-Топ атауларыңа байланысты қандай мақал-мәтел айтып сабағымызды қорытындылаймыз.
Мысалы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», (мазмұнын түсіндіру).Ұл бала- қара шаңырақ иесі. Тәрбие тал бесіктен басталады. т.б. 
Сөзімізді қорытындылай келе, ұлы ойшыл әл-Фарабидің : 
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ақылымен сабағымызды аяқтаймыз. 
Осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойыңды дәлелде.
VI. Бағалау.( 2 минут) Топтар бір-бірін бағалайды
-Кімге, кімнің жауабы ұнады? Қандай баға қояр едіңдер. Неге? 
VII. Үйге тапсырма: 53-бет,5-тапсырма (деңгейлік тапсырма).












Бектұрсынова Гүлмира Қасымханқызы «№166 лицей» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Сынып:


Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Алакөл

Сабақтың мақсаты:

Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту. 
Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін арттыру; 
Дамытушылық: есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой –өрісін кеңейту. Зат есімді қайталау. 
Тәрбиелік: Табиғатты суюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру;эстетикалық сезімдеріне баулу. 

Cабақтың типі:

Білім және іс- әрекет тәсілдерін жетілдіру

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО;Блум таксономиясы; жеке жұмыс,

Сабақты ұйымдастыру түрі:

әңгімелесу және практикалық сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер


Оқыту формасы:

жеке-дара, жұптық, топтық. 

Сабақтың барысы. 
I.Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық дайындық) 
Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алакөлдің байлығы.» 
Сабақ алдында мен сендерге сәттілік тілеймін. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ «Жұлдыз», екінші топ «Бұлақ.»Ал енді екі топ бір–біріне тілек тілеңдер. Мұғалім сөзі: Сабақтың эпиграфы: «Адамның табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.» Расында, адам табиғатпен тығыз байланысты.Бүгін біз Қазақстан байлықтары туралы сөйлесеміз,әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.Әр дұрыс жауапқа смайлик беріледі. 
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Табиғат туралы мақал–мәтелдер; 
2. Полиглот ойыны үш тілде (қазақ,орыс,ағылшын) 
1-топ Жұлдыз: Құстар, табиғат, бұлақ, жануар,аң. 
2-топ Бұлақ : Өзен, ағаш,су, гүл, тау. 
III. Жақсы, балалар, қазір біз бейнефильм көреміз. Бейнефильм Алакөлдің табиғаты туралы және біздің қаланың табиғаты туралы. 
1.Бейнефильм «Алакөлдің байлығы» тыңдап көріңіз. 
2.Бейнефильмді көрдік, енді сайысқа кіресейік. Бірінші тапсырма: 
Бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойыңыз. 
1.Табиғат пен адам біртұтас 
2.Су тіршілік көзі. 
3. Табиғат тірі дүние. 
4.Айлақтың аты Байқоңыр. 
5.Жер біздің ортақ үйіміз. 
3.Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқу. Сұраққа жауап беріңдер. 
Алакөлдің байлығы. 
Алакөл көлінің тағы бір байлығы-құстар.Оның көлемі ұлғайған сайын құс саны көбейе түсуде. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл өңірді 300-ден аса құс түрі мекен етеді. Оның отыз сегізі қызыл кітапқа енген.иАл қызғылт қоқиқаз, қарамойнақ шағала (реликт) бүкіл дүниежүзінде осы Алакөл мен Үнді мұхитындағы бір аралда ғана кездеседі екен. 
Қарамойнақ шағала мамонттармен бірге тіршілік еткен құс түріне жатады. Латынша Relict деген сөздің мағынасы жұрнақ,қалдық,ежелден бері тіршілік етіп, бүгінге дейін жеткен, табиғатта сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дегенді білдіреді. Қарамойнақ шағалалардың денесі қарғанікі сияқты, ақ түсті, тұмсығы қошқыл. Көзінің айналасы ақ шеңбермен қоршалған. Ол-жыл құсы. Қазақстанға сәуірдің басында ұшып келеді. Олар шоғырласып, ұяларын адам аяғы баспайтын Аралтөбенің қия тастарының арасына салады. Олар ұяға 1-4 жұмыртқа салып, оны 24-26 күнде басып шығарады, балапандары 40-45 күнде қанағаттанып,ұядан ұшады. Қарамойнақ шағала жәндіктермен қоректенеді, әсіресе масаларды жақсы жейді. 
Демек, ең ежелгі құс- қарамойнақ шағала Қазақстанда қорғауға алынып, Қызыл кітапқа енгізілген. Ол Алакөлді мекен етеді. 

Мәтінге қарай сұрақтар: 
1.Реликт сөзін қалай түсінуге болады? 
2. Алакөл айдынындағы қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарамойнақ шағаланың жойылып кетуі мүмкін бе? 
3.Көл маңында тағы да қандай құстар кездеседі? 
4.Қарамойнаққа сипаттама беріндер. 
5.Қарамойнақ немен қоректенеді? 
6.Қарамойнақ құсы қай жерде мекен етеді? 
4.Берілген етістіктерді қатыстырып,сөйлемдер құраңдар. 
Жазып отыр, ұшып кетеді, тігеді, келді, жүзеді, тазалап берді, шектеседі, көрініп тұр. 
5.Көп нүктенің орнына керекті сһздерді қойып, етістіктерді табыңдар. Олапды түрлеріне қарай ажыратыңдар. 
1.Бағымызға қарай көлік кешікпеі келді де,Алакөлге ... ... .2.Ойнап сөйлесең де, ... сөйле. 3.шешен сөз бастар, батыр қол ... .4. Жаманға жан ... .5.Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік ... .6. Кісі қатесіз болмас.көл бақасыз ... .7. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігіне ... . 
Керекті сөздер: ойлап, жуымас, білмейді екен, болмас, жүріп кеттік, бастар, келе жатыр. 
6.Берілген сөйлемдерді толықтырып,әңгімелеңдер. 
Адам баласы табиғатты... . 
Біз бұлақтардың көзін... . 
Су мол болса, астық та... . 
Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір... . 
Экология төмен аймақтарымыз көбейіп... . 
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады. 
6. Ассоциация құру. 
«Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоциацияларды көз алдына елестетесіңдер? 

Сонымен, «Табиғат» -бұл...( ауа, бұлақ, таулар, өзендер, құстар...) 
7.Миға шабуыл: Қазақстанның қандай тауларын білесіңдер? Қандай өзендерін білесіңдер? Әлемдегі ең ұзын өзен? (Ніл өзені). Ең қысқа өзен? (АҚШтағы Ди өзені). Қазақстанда неше көл бар? (48000астам). Ірі көлдер? (Балқаш, Алакөл, Сасықкөл).Ең ірі көл?(Каспий көлі. Көлемі үлкен болғандықтан, оны теңіз деп атайды). Әлемдегі ең терең көл? (Сібірде орналасқан Байкал көлі). 
8.Ой шақыру: Адам қандай ауамен демалады? (таза) 
Не көп болса, ауа таза болады?(ағаштар). 
Сондықтан не көп отырғызу керек?(ағаш). 
9. Қанатты сөздер: Жер- қазына, су- алтын, мал -байлық. (есте сақтау) 
10.Сергіту сәті: « Сөздік ойын» 
I . Жұлдыз тобы II. Бұлақ тобы 
жер кедр 
окружающая среда чистый 
вред птицы 
мороз дождь 
край озеро 
клюв молния 
11. Тиісті көмекші етістіктерді қойып жазыңдар. 
1 Оның досы ұзақ күтіп ... . келдік 
2 Менің ағам метромен келе ... . жаттық 
3 Тапсырмаларды тез жазып ... тұрды 
4 Көлге суға түсіп ... . жатқан шығар 
5 Онымен аяқастынан кездесіп ... келіп отыр 
6 Құжаттарды үйде ұмытып ... болдым 
7 Жаңа досым туралы айтқым .... қалдым 
8 Көлдің жағасында демалып .... кетіппін 

12.Етістікті қайталау. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Негізгі етістікке нелер жалғанады? Негізгі, туынды етістіктерге мысалдар, сөйлемдер құрастырыңдар. 
13.Аукцион ойыны . 
Мен бүгін тауға...(барамын, аламын, жазамын). 
Біз бұлақтың көзін ...(ашамыз, жазамыз, құямыз). 
IV. Бекіту «Синквейн» стратегиясы (орман , Алакөл) (дәптерге жазу) 
1.Зат есім: Орман 
2.Сын есім: 
3.Етістік: 
4.Сөз тіркесі: 
5. Сөйлем:. 
Үй тапсырмасы: «Алакөл» жайында жоба дайындап келу. 
Балалар, бүгінгі сайыс сабағында біз не туралы әңгімелестік? Біз Алакөл туралы әңгімелестік және оның байлығын білдік. Әсіресе, біздің өзіміздің қаланың табиғаты қандай тамаша! Сондықтан табиғатты қорғауымыз керек . Ал енді, әр топ өз смайликтерін санайды. Қай топта смайликтердің саны көп болса, сол топ жеңіп шығады.

 










































Көрнекілік материал:суреттер,карточкалар,тірек-сызбалар,презентация,смайликтер,эмблемалар, тақтада эпиграф. «Адамның табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» 
Сабақтың түрі: білім сайысы 
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, сұрақ–жауап,іздендіру, дәлелдеу. 
Пәнаралық байланыс:география 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі