400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Аласа таулар 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, студенттерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №14

19.10.2016

География 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Аласа таулар

Сабақтың мақсаты, міндеті

Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру

Оқыту нәтижелері

Ішкі және сыртқы күштердің таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсінеді

Сілтеме

Қазақстанның физикалық географиясы 8

Негізгі идеясы

Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Жұмыс дәптері

Оқуды және оқыту үшін бағалау

Ресурстар

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта

Сабақ жоспары

1.Ұйымдастыру: Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, мақсат қою

2.Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

4.Үйге тапсырма





Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдас

тыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, мақсат қою.

Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді.


Білу

1. Сұрақ-жауап

1. Тектоникалық құрылымдар мен қазіргі жер бедерінің арасында қандай байланыстар бар?

2. Қазақстан үстірттері мен қыраттарының жер бедерін қалыптастыруда ішкі және сыртқы күштердің әсері қандай?

3. Қазақстан жерінде қандай ірі жазықтар бар?

4. Қазақстан аумағында қандай үстірттер мен қыраттар бар?


2. Тест тапсырмалары

1. Тек Батыс Қазақстанды теңіз басып жатқан эра?

а) архей

ә) мезозой

б) протерозой

2. Қазақстанның барлық жерлерінде кездесетін жыныстар?

а) кайнозой шөгінділері

ә) мезозой жыныстары

б) палеозой жыныстары

3. Геологтардың негізгі мақсаты?

а) тау жыныстарын зертттеу

ә) тау жыныстарының құрылысын анықтау

б) тау жыныстарының жасын анықтау

4. Қатпарлы облыстар?

а) Ежелгі Шығыс Еуропа, Сарыарқа

ә) Тянь-Шань, Мұғалжар

б) Тұран, Батыс Сібір

5. Тау түзілісі қай кезеңдерде жүрді?

а) каледон, альпі, мезозой

ә) каледон, герцин, байкал

б) герцин, альпі, мезозой


3. Қазақстанның физикалық картасынан Қазақстан жеріндегі жазықтар мен қыраттар, үстірттерді көрсету.

1. Оқушылар сұрақтар бойынша жауап береді.

2. Тест тапсырмалары берілген оқушылар тестке жазбаша түрде жауап береді.

Түсіну

Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңқыстау таулары жатады.

Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Сарыарқа – Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Сарыарқаның ең биік тауларының қатарына шығыс бөлігінде Ақсораң 1565 м , Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау жоталары жатады.

Мұғалжар Орал тауының оңтүстігіндегі жалғасқан тау жүйесі. Ең биік жері – Үлкен Боқтыбай (657 м).

Маңқыстау таулары – Каспий теңізінің Маңқыстау тұбегінде жатыр. Оған Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тау тізбектері кіреді. Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы 556 м.

Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер:

1. Израиль Өлітеңіз – 395 м;

2. Қытайда Турфан ойпаты – 154 м;

3. Африка Ассалы көлі – 150 м;

4. Египет Каттар – 133 м;

5. Қарақия ойысы – 132 м.

Негізгі ойларды дәптерге түсіріп отырады.

Қолдану

Қазақстанның физикалық картасынан Қазақстан жеріндегі аласа тауларды көрсету.

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс жасайды.

Жинақтау

Таулы өлке

Оған кіретін тау жоталары

Ең биік нүктесінің аты, биіктігі

Сарыарқа

Ақсораң

Қарқаралы

Шыңғыстау

Ұлытау

Ақсораң (1565м)


Мұғалжар

Шошқакөл

Үлкен Боқтыбай (657м)

Маңқыстау

Қаратау

Ақтау

Бесшоқы

(556 м)


Кестені дәптерге түсіреді.

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білуі, сабақ барысындағы белсенділіктеріне қарай бағаланады.



Рефлексия


Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма

§16. Аласа таулар [64-67 беттер аралығын оқып келу]

Қазақстанның аласа таулы өлкелерін кескін картаға түсіру.

Тапсырманы белгілеп алады







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
999
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі