400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Алғашқы адамдардың өмірі" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы адамдардың пайда болуы, олардың түрлері, тіршілігі, еңбек құралдары жайлы мәліметтер беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар 5.1.А

Мектеп: Абай атындағы «Мектеп – бала бақша» кешені КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Матышева Ф.Ж.


Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Алғашқа адамдардың өмірі

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Сабақ негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

-Алғашқы адамдардың эволюциясын сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

-Алғашқы адамдардың бірлестік формаларын, айналысқан кәсіптерін атайды

Кейбір оқушылар:

- Алғашқы адамдардың бірлестік формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра біледі.

Бағалау критерийі

Алғашқы адамдардың бірлестік формаларын, айналысқан кәсіптерін атайды

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін суреттейді

Алғашқы адамдардың бірлестік формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра біледі.


Тілдік мақсаттар

1. Түрлі ақпарат көздерінен мәлімет алады, тұжырым жасайды, пікір алмасады оқылым, тыңдалым, айтылым дағдылары).

2.Ауызша ақпараттарды, мұғалімнің нұсқауларын және сыныптастарының сұрақтары мен жауаптарын тыңдайды(тыңдалым дағдысы)

3.Тапсырма талаптарын, терминдердің анықтамасын оқиды (оқылым дағдысы)

4.Постер құрады (жазылым).

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

Homo sapiens, homo sabilis, homo erectus

Құндылықтарға баулу

Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып, «Мәңгілік Ел» «жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына сәйкес еңбек сүйгіштікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы, география

Алдыңғы білім

Алғашқы адамдар туралы түсінік бар, алғашқы адамдардың бөлінуі және кезеңдерге бөлінуі туралы біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

(5 минут)




















Сабақтың ортасы

25 минут


7 минут














8 минут





















































10 минут

























Сабақтың соңы

10 минут



5 минут




3 минут






2 минут

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық ахуал, карточка бойынша 4 топқа бөлу


Кіріспе. «Миға шабуыл»

Мұғалімнің жұмбақ жасыруы:

Орманда туып, жетілемін,

Талдан талға секіремін.

Айуан болып өскеніммен

Тамақ жеймін қос қолыммен.

Әттең үйде тумағанмын,

әйтпесе ғой құдды адаммын.( маймыл)

Өте жақсы, балалар, сендер менің жұмбағымды жылдам шештіңдер.

Енді өздерің бір-біріңе жұмбақ жасырыңдар.

Ол үшін менің алдымда жатқан карточканы топ басшысы алады, сонда қандай ежелгі адам түрі жазылған. Соны сендер суреттеп айтуларың керек, қарсылас топ табуы керек.

/ Таба алмаса келесі топ шешуін айтуына болады. /Ескерте кетейін, қолдарыңдағы карточкада жазылған сөзді басқа топқа көрсетпеулерің керек.



І. тапсырма: «Жұмбақ» жасыру.

1. Ол адам Африканың Олдувай деген жердің тұрғыны, жасының мөлшері 1млн 750 мың бұрын өмір сүрген екен бұл қай адам? Ағылшынша атауы? /картадан көрсету/

2. Оны ғалымдар "Тік жүретін адам" дейді, Бірақ оның жасындағы адамдар қытайда да өмір сүрген екен. Бұл қандай адам?

Ағылшынша атауы? /картадан көрсету/ 3. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу,

маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келеді екен. бұл қай адам? Ағылшынша атауы? /картадан көрсету/

4. Ол алғаш рет Франциядан табылған, жасы 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген, қазіргі адамға ұқсас /картадан көрсету/

Тамаша! Жарайсыңдар!

ҚБ «Бағдаршам» әдісі


ІІ тапсырма: Постер құру.

Оқушылар берілген сұрақтарды мұқият оқып, талқылап, постер арқылы қорғайды

І топ: Адамзаттың қалыптасу тарихының кезеңдері

ІІ топ: Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстыру. «Т» кестесі арқылы

ІІІ топ: Алғашқы адамдардың кәсібі, еңбек құралдары

ІҮ топ: Ежелгі діни наным-сенімдерді сипаттаңдар


М.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын

төменде көрсетілген критерийлерге аударады:

Бағалау критерийі:

- Постердің эстетикалық талғамға сай болуы;

- Нақты дәлелдемелердің болуы;

- Тақырыптың ашылуы;

- Уақытты тиімді пайдалану;

Дескриптор:

- Адамзаттың қалыптасу тарихының кезеңдерін атай біледі

- Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстыра алады

- Алғашқы адамдардың кәсібі, еңбек құралдарын атайды

- Ежелгі діни наным-сенімдерді сипаттайды

- тотемизм ұғымының анықтамасын біледі;

- анимизм ұғымының анықтамасын біледі;

- фетишизм ұғымының анықтамасын біледі ;

- магия ұғымының анықтамасын біледі.

- тозақ, жұмақ ұғымдарының мағынасын ажырата біледі

ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек»


ІІІ тапсырма: Жеке, жұппен жұмыс.


1. Сызбаны толтыр: «Алғашқы адамдардың кәсібі»

№

Алғашқы адамдардың кәсібі

Еңбек құралдары












2. Терминдерді сәйкестендіріңіз: /Интерактивті тақтамен жұмыс/

1

Тобыр


Еңбек құралдары ортақ, белгілі бір аумақта бірлесіп еңбек ететін туыс адамдардың біріккен ұжымы

2

Ру

Бірнеше ру бірлестігінің бірігуі

3

Ру бірлестігі

Бірнеше тайпаның бірігуі

4

Тайпа

Адамзат қоғамының ең алғашқы

ұйымдық түрі

5

Тайпа одағы

Үш-төрт рудың біріккен тобы

Ойын: «Ыстық орындық»

1. Ежелгі қоғамдағы аңшылықтың түрлері.

2.Иемденуші шаруашылық дегеніміз не?

3 Адам санының күрт артуы қай кезеңде болды? Ежелгі палеолиттің тұрақтары?

4.Адамның пайда болуы туралы туралы қандай көзқарастар бар?

5. Өндірушілік шаруашылықтың түрлері?

6.Егіншілік пен мал шаруашылығының аңшылық пен терімшіліктен артықшылығы неде?

7.Австралопитектің маймылдың ең жетілген түрінен қандай айырмашылығы бар?

8.Қай шаруашылық тиімді: Тұтынушылық па, әлде өндірушілік пе?

9. Неолит дәуірінің археологиялық мәдениетіне не жатады?

10.Ежелгі адамның өмір сүру ұзақтығы 20-22 жас болған. Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен?

11.Ежелгі палеолиттің кезеңдері?

12. Энеолит кезеңінің археологиялық ескерткіші

Бағалау критерийлері:

-Тас дәуірінің кезеңдерін біледі, хронологиясын айта алады.

- Алғашқы адамдардың эволюциясын сипаттайды.

- Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін анықтайды

- Өз пікірін дәлелдей алады.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі

ОБ: Кері байланыс: «Нысана» әдісі

Оқушылардан бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын білу.

Жасыл түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Сары түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Қызыл түсті шеңбер «маған көмек қажет»



М: Кері байланыс:

Мұғалімнің білім алушыларды мадақтау және білімге деген дұрыс бағыт бағдар беру арқылы құштарлығын ояту.

МБ «Жетістік баспалдағы» әдісі


Үйге тапсырма: (сараланып беріледі)

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Барлық оқушылар: алғашқы адамдардың еңбек құралдарының суретін салу

Оқушылардың басым бөлігі: Алғашқы адамдардың қай жерде мекендегенін картадан көрсетеді.

Кейбір оқушылар: «Алғашқы адамдардың өмірі» әңгіме құрап дәптерге жазып келу.



Карта







Қазақстан тарихы.

Жалпы білім беретін мектептің

5-сыныбы оқулық жобасы С.Р. Ахметова,А.М.Ибраева,А.А.Құлымбетова,А.С.Мағзұмова,А.М.Марқабаева және т.б Астана:Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ,2017 ж





























Тапсырма

жазылған үлестірме қағаздар.

























Қазақстан тарихы оқулық

12 бет



Тақта, кескін карта киындылары, түрлі түсті стикерлер, қалам, маркер, скотч







































Қалыптастырушы бағалау парағымен жұмыс

Бөлім

Тақырып

Алғашқа адамдардың өмірі

Оқу мақсаты

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Ойлау дағдыларының

Деңгейі

Білу және талдау,қолдану

Бағалау критерийі

Алғашқы адамдардың бірлестік формаларын, айналысқан кәсіптерін атайды

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін суреттейді

Алғашқы адамдардың бірлестік формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра біледі.


Тапсырма


І. тапсырма: «Жұмбақ» жасыру.

Мақсаты: Алғашқы адамдардың даму эволюциясын атай білу.


ІІ тапсырма: Постер құру.

Оқушылар берілген сұрақтарды мұқият оқып, талқылап, постер арқылы қорғайды

І топ: Адамзаттың қалыптасу тарихының кезеңдері

ІІ топ: Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстыру. «Т» кестесі арқылы

ІІІ топ: Алғашқы адамдардың кәсібі, еңбек құралдары

ІҮ топ: Ежелгі діни наным-сенімдерді сипаттаңдар

Бағалау критерийі

Дескриптор

- Адамзаттың қалыптасу тарихының кезеңдерін атай біледі

- Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстыра алады

-Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін анықтайды

- Ежелгі діни наным-сенімдерді сипаттайды


- Адамзаттың қалыптасу тарихының кезеңдерін атай біледі

- Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстыра алады

- Алғашқы адамдардың кәсібі, еңбек құралдарын атайды

- Ежелгі діни наным-сенімдерді сипаттайды

- тотемизм ұғымының анықтамасын біледі;

- анимизм ұғымының анықтамасын біледі;

- фетишизм ұғымының анықтамасын біледі ;

- магия ұғымының анықтамасын біледі.

- тозақ, жұмақ ұғымдарының мағынасын ажырата біледі










Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Аралас гендерлік топтар құру. Топтағы жұмыс барысында қабілетті және үлгерімі орташа оқушылармен жетістікке жету үшін сыртқы саралауды пайдалану, «диалог және қолдау көрсету» жоспарланды. Тапсырма орындау барысында кейбір оқушыларға ойланту және қажетті жауапты алу үшін қолданылады («Венн диаграммасы», суретті сипатта). Өзгелерді оқыта отырып, өзі оқуы үшін ерекше қабілетті оқушыларға мүмкіндік беру. Сынып ұжымының толық қатысуын қадағалау.


«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Бағдаршам» «Нысана»

«Жетістік баспалдағы»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Бағалау критерийі, дескрипторлар /танымды аспект)


Денсаулық сақтау педагогикасы мен СЭС талаптарын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе:

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақ барысында мен жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиыншылықтары туралы нені анықтады? Келесі сабақта нені жетілдіру қажет?



1 ресурс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының парағы

Бөлім

Тақырып

1А бөлімі. Терімшілер аңшылардан бастап Егіншілер мен мал өсірушілерге дейін.

Алғашқы адам қалай пайда болды

Оқу мақсаты

5.4.1.1 – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну, талдау, қолдану.

Бағалау критерийі

Адамдардың пайда болуы туралы теорияларды анықтайды

Тапсырма

1. Сызбаны толтыр: «Алғашқы адамдардың кәсібі»

№

Алғашқы адамдардың кәсібі

Еңбек құралдары




Дескриптор

Алғашқы адамдардың кәсібін сипаттайды, еңбек құралдарын атайды

2 ресурс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының парағы

Бөлім

Тақырып

1А бөлімі. Терімшілер аңшылардан бастап Егіншілер мен мал өсірушілерге дейін.

Алғашқы адам қалай пайда болды

Оқу мақсаты

5.1.1.2. адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа, тайпа одағы секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийі

Адамдардың алғашқы бірлестік формаларының ұқсастық пен айырмашылықтарын ажыратады

Тапсырма

1

Тобыр


Еңбек құралдары ортақ, белгілі бір аумақта бірлесіп еңбек ететін туыс адамдардың біріккен ұжымы

2

Ру

Бірнеше ру бірлестігінің бірігуі

3

Ру бірлестігі

Бірнеше тайпаның бірігуі

4

Тайпа

Адамзат қоғамының ең алғашқы

ұйымдық түрі

5

Тайпа одағы

Үш-төрт рудың біріккен тобы

2.Терминдерді сәйкестендіріңіз: /Интерактивті тақтамен жұмыс/














Дескриптор

Алғашқы бірлестік формаларының түрлерін сәйкестендіреді

Алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап көрсетеді





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
161 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
7799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі