400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарында күз мезгілінің ерекшелігі, күзгі еңбек туралы айтылады. 1 сынып бағдарламасы бойынша -р және 2 санымен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Б.Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің арнайы педагог маманы Тасқалиева Нұрлы Жанболатқызы



Сабақ тақырыбы: Алтын күз

Сыныбы : 1 сынып (топтық түзете-дамыту сабағы)

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Күз туралы түсінігін кеңейту. Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі еңбек түрлері жөніндегі ақпарат беру. Р дыбысы және 2 санымен танысу. Олардың жазылуы мен дыбысталуын үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Топпен бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түзете-дамытушылық: Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Балалардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Санау дағдысын қалыптастыру. Логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық белсенділіктерін арттыру. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтандыру. Жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.

Сабақ көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, АКТ, дидактикалық тапсырмалар, лэтбук.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып алайық,

Киіз үйді құрайық.

Қазша қанат жазайық,

Аққуша мойынымызды созайық

Алақанды соғайық

Орнымызды табайық.


(Балаларға сандармен белгіленген сурет қиындылары беріледі. Суретті сандардың реті бойынша құрастыру қажет.) Құрастырылған сурет бойынша сұрақтар қойылады:

-Балалар, қане айтыңыздаршы қандай сурет шықты?

-Бұл жылдың қай мезгілі? (күз мезгілі)

-Қандай табиғат ерекшеліктерін байқап тұрсыңдар? (жаңбыр жауып жатыр, жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр)

-Балалар не жинап жатыр? (көкөністер мен жемістер)


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алтын күз» деп аталады.


Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері, табиғат құбылыстарының өзгерістері туралы айтылады. Жемістер мен көкөністердің атаулары, күзгі еңбек түрлерімен таныстырылады (АКТ).

Р дыбысымен танысу


Тақтаға «жапырақ» (-р дыбысының үстінде қолшатыр тұрады) сөзі ілініп тұрады. Балалар сұраққа жауап беру арқылы –р дыбысын табуы қажет.

1 тапсырма: Р дыбысын дәптерге жазу

2 тапсырма: «Мені тап» ойыны. Берілген суреттердің ішінен –р дыбысы бар суретті тауып көрсет. /сөздерді дәптерге жазу/


Сергіту сәті:

Қоюланып қара бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақтарды жайылып,

Бұға қалды көбелек.


2 санымен танысу

Балаларға жұмбақ оқылады. Шешуінде бүгінде сабақта танысатын санымыз шығады.


Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі.
Толқып қанша жүрсе де,
Тұрады екінші үнемі «2 саны»


2 саны және цифрымен таныстыру. Дәптерге жазу.

1 тапсырма: «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру.

2 тапсырма: «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сандардың ішінен 2 санын тауып, қызыл түспен белгілейді.


Қол моторикасын дамытуға арналған тапсырма.

Күзгі жапырақты А4 форматқа бейнеленген ағаштың суретіне жапсыру.


Қорытынды: бүгінгі сабақта өтілген тақырып бойынша «Біз не білдік?» :

Күз мезгілінің қандай ерекшелігі бар?

Жемістер мен көкөністерді қай мезгілде піседі?

Р дыбысы қандай сөздер білеміз






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.01.2023
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі