Материалдар / сабақ жоспары "Алынбайтын асу жоқ" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары "Алынбайтын асу жоқ" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Күні: 10.11.2017

Сыныбы: 10 Оқушылар саны: 10

Тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ Қасиеттері: адамгершілік

Мұғалімі: Елеусизова Сандуғаш Құндылық: дұрыс әрекет


Сабақтың мақсаты:

Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттерне орай дамытуға жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері:

  • Адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

  • Әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету.

  • Өз мүмкіндіктерінтбағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, кеспе қағаз, музыкалық әуен.

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Тыныштық сәті.

. «Орманға саяхат»

Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орман ға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа  тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай , оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа  шығып, бірнеше минут   тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз.  Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз.  Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз! Рахмет.

«Танысу» ойыны 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру; 
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді. 
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады? 
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың? 
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты? 
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың? 
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б

Дәйексөз.

« Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атуға болады»

Лернардо да Винчи

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндік? Ұлдар екі рет қыздар екі рет қайталап оқиды, барлығы қосылып бірге оқиды.

Мәтінмен жұмыс.

Д. Аллен (шығарама)

Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді деген оймен қаншалықты келісесіз?

Шығармашылық жұмыс.

Бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсаттарын жоспарлап, оларға жету жолдарын дәптерде орындайды.

«Мен – үйде» және «Мен - мектепте» жаттығуы

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

Не себепті айырмашылықтар болады?

Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

«Ғажайып сөздер»-  сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтып, жазады.

Топпен ән айту

«Қайран көңіл» әні

Үйге тапсырма.

Тақырыпқа байланысты ой-толғау жазу.

Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық барлық жерде, бүкіл әлемде....

Бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен ізгі істерді ой елегінен өткізейік.

Жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне орналастырайық.

Көздеріңді ашуға рұқсат. Рахмет.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!