Материалдар / Сабақ жоспары "Алып Ер Тұңғаны жоқтау" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Алып Ер Тұңғаны жоқтау" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып мұғалімдеріне әдебиет пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
9901
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Алып Ер Тұңғаны жоқтау



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.3.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау


Сабақтың мақсаттары

Алып-ер  Тұңға   туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады


Бағалау

критерийлері

Шығарма мазмұнымен танысады;

Тақырыбы мен идеясын анықтайды. ;

Жырдың композициялық құрылымын талдайды.


Тілдік мақсаттар

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамытады;

Пән лексикасы және терминология: астарлы ой

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау



Осыған дейін меңгерілген білім

Алып Ер Тұңға жырының сюжеті


Жоспар


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Сабақтың басы








8 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушылар назарын сабаққа аударамын,сабақ мақсатымен ,тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді)

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=_pOgd96qfpc

Мұғалім қойған сұрақтарға оқушылар жеке-жеке ламинат параққа жауап жазады.

  1. Батырлық туралы жырларда не туралы бейнеленеді? Батырлық

  2. Қазақтың батырлары қазақ елінің қандай ұлдары? Ең ардақты

  3. Жырлар қандай сөзбен айтылады? Көркем сөзбен

  4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен? Жатқа айтылу арқылы

Жырдан үзінді тыңдайды.

«Болжау» стратегиясы арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясына болжам жасайды.

  • Жыр не туралы болуы мүмкін?


Оқушылар пікірі сұралады.

Сабақтың ортасы



22 минут

Берілетін тапсырмалар:

І тапсырма

Кесте толтырады.Оқушылар жинақтаған ойлары мен жасаған болжамдары бойынша кестені толтырады.

Шығарма аты

тақырыбы

идеясы

тәрбиелік

мәні







Дескриптор

Шығарманың тақырыбын ,идеясын табады


Тәрбиелік мәнін табады.


Жыр туралы анықтама

(Дәптермен жұмыс. Оқушылар жыр туралы анықтаманы дәптерге жазады)

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.

Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар...

 Сөздікпен жұмыс:   Тұңға- алғашқы,бірінші деген мағынасында

                             Опасыз дүние-бұл дүниеде ешкім мәңгі қала алмайды   деген мағынада


Берілетін тапсырмалар :

1 Жұпта талқылайды.

  • Жырдың тәрбиелік маңызы қандай?

  • Жырдан қандай әсер алдыңыз?

1.«Кейіпкерлер әлемі» кестесін құру.

«Тапсырма-сабақ» 
«Күлтегін» жыры тарихи тақырыпқа жазылған дастан. Қазақтың батырлық эпосына тән шынайы белгілерді анықтау. 
Кестемен жұмыс №1 
«Күлтегін» жыры Батырлар жырына тән қасиеттер 
- батырдың текті ортадан шығуы; 
- жастайынан халық қамын ойлауы; 
- өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы; 
- нағыз батырға лайықты тұлпар таңдауы; 
- елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы; 
- батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы; 
- халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді. 
Ал бұл қасиеттердің бәрі Күлтегін батырдың бойынан табылады 
Күлтегін 
«Сандар сөйлейді»... 
1. 7 жас ... Әкесінен айырылады. 
2. 10 жас .... Ер атанады. 
3. 16 жас.... Әскербасы болады. 
4. 21 жас... Чача Сеңүнмен айқасты 
5. 26 жас ...қырғыздарға қарсы аттанды. 
6. 27 жас... Қарлық халқы еркіндіктің нәтижесінде жауы болды. 
7. 30 жас ... Қарлықтарды жеңді. 
8. 31 жас... Аз халық жау болды. Қара көлде соғысты. 
9. 47 жас... қаза болады. 

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді

Кестені толтырады

Алған әсерімен бөліседі


2. Жырдан алған әсерін сипаттап жырды шығарушыларға (ата-бабаларымызға) хат жазады.

Хаттың жазылу үлгісі түсіндіріледі.

  • Хат белгілі бір адамға жазылады(адресаты болады)

  • Хаттың жазылу мақсаты жазылады

Соңында хат жазған адамның аты-жөні , күні көрсетіледі


Дескриптор

Жырдан алған әсерін сипаттайды.

Жазылу үлгісін сақтап хат жазады


Сабақтың соңы

10 минут

ІІІ. Ойтолғаныс

Сабақты бекіту үшін оқушылар өздері білетін батырлар туралы ойларын қортындылайды.

Менің батырым кім?

Қазақ жерін мекендеген тайпалар туралы тарихпен байланыстыра әңгімелеңдер.

- Ежелгі түркі әдебиеті мен ауыз әдебиетін салыстырыңдар.

- Алып Ер – Тұңа мен Алпамыс батырды салыстырыңдар.

- Оқушыларды ынтасына қарай бағалау, үй тапсырмасын хабарлау.


Бағалау

5 минут

  • Бүгінгі сабақта алған маңызды ақпарат?

  • Шығармадағы көтерілген мәселе?


Үй тапсырмасы

Жырдың толық нұсқасын оқып келу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!