сабақ жоспары Ана тілі 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары Ана тілі 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бәрінен де жақсы тақырыбының мазмұнын ашу, жаттығулар орындау балаға қосымша сұрақтар беру арқылы ойын толық нақты жеткізуге жетелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

12-сабақ


Бөлім:

Дыбыс және әріп

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бәрінен де жақсы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсінеді.

Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Балалар, сендер аналарыңды қалай қуантасыңдар?

Аналарыңды қуанту үшін не істейсіңдер?

Ендеше, бүгін сабаққа белсенді қатысқан балаларға аналарын қуанту үшін мынадай әдемі гүлдерді тарту етемін.


«Гүлмен тілек»

Ширату және топқа біріктіру мақсатында себеттерге салынған гүлдер бойынша топқа бөлінеді.

1-топ. «Түймедақ». 2-топ. «Қызғалдақ». 3-топ. «Раушан».

Гүлдердің артында мынадай сұрақтар болады:

  • Дыбыс деген не? Әріп деген не?

  • Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  • Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

  • Қоян, аю, шахтёр, әже, таға т.б. сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.

  • Сабақты жақсы оқып, ақылын тыңдаймыз.

  • Айтқан тілін алып, көмектесеміз.

  • Құшақтап, бетінен сүйеміз.

  • Гүл сыйлаймыз. Гүлді қолдарына ұстап тұрып, бір-біріне тілек айтады. Гүлдің артына жазылған сауалдарға жауап береді.

Топтық жұмыс ережесін естеріне түсіреді: Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз. Уақытты үнемдейміз.

Нақты, дәл жауап береміз. Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз.

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.

Сұрақтарға жауап беріп,

ұпай жинайды.













Топ мүшелері басқа топ оқушыларын

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Гүлдердің суреті


Себетке салынған гүлдер

57



58


Ортасы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу ауызша орындалады. Автор жайында қысқаша мәлімет беріледі. Интербелсенді тақтадан ақынның суреті көрсетіледі.



https:// adebiportal.kz/ kz/authors/ view/1166


Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, ақын.

Балалар әдебиетінің атасы, «дала қоңырауы», ең алғаш қазақ қыздарына арнап мектеп ашты, әліпби жазды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен

ерте айырылған соң, атасы Балқожаның қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім болды. Көп оқыды.

Мұғалім «Бәрінен де жақсы» әңгімесін дауыстап оқиды. Оқушыларға әңгімені тізбектей оқытады.

  • Ана сөзін тағы қалай айтуға болады? (апа, шеше)

  • Кішкентай қыз қайда адасып қалды?

  • Ол не істеді?

  • Адамдар қызды не деп жұбатты?

  • Одан не сұрады?

  • Қыз оларға қалай жауап берді?

Дәптермен жұмыс

Мұнда мұғалім и дыбысының сөздің басында, ортасында, кейбір сөздерде ғана сөз соңында келетінін айтады.


2-жаттығуды көру диктанты ретінде жатқа орындатуға да болады. Мақалды хормен, дауыстап бірнеше рет оқытып, жатқа айтқызады. Содан кейін жатқа жаздыруға болады.

«Ананың құшағы жылы» дегенді қалай түсінесіңдер? Ең аялы алақан кімдікі? Ең мейірімді жүрек кімдікі?

Ыбырай Алтынсарин жайлы мағлұмат алады.










Оқушылар мәтінді тізбек- тей оқиды. Мұғалімнің көмегімен мазмұнына талдау жасайды. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.



Көркем жазу

Жұмыс дәптеріндегі көркем жазуды жазады. И И И И И И И

и и и и и и и и

2-жаттығуды көру диктан- ты ретінде жатқа жазады. Мақалды хормен, дауыстап бірнеше рет оқиды, жатқа айтады. Содан кейін жатқа жазады.















ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бағалау.














Тақтадағы жазу үлгісі


Сұрақтарға жақсы жауап берген белсенді оқушыларға гүлдер таратылады.

Сергіту сәті.

Артикуляциялық жаттығу орындату.

3-жаттығуда жоспар бойынша өз отбасы жайлы әңгімелейді. Жұппен жұмыс жүргізіледі.

  1. Отбасында қанша адам бар?

  2. Ата-анаңның аты кім? Олар қайда жұмыс істейді?

  3. Ағаң, әпкең бар ма? Оның аты кім?

  4. Бос уақытыңда немен айналысасың?

Шығармашылық тапсырма.

Әр қақпаға тиісті әрпі бар допты енгізіп, шыққан сөздерді жазады. Екі қақпаға жиналған сөздердің дауысты дыбыстарын салыстырады.




Артикуляциялық жаттығу жасайды.

3-жаттығу. Әр оқушы өз отбасы жайлы әңгімелейді.



Шығармашылық тапсырма.

Қақпаға жиналған сөздер: дәптер, қалам, әке, күй, балық, жаңғақ, аға, дала.



Соңы

Постер жасап, оны қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау.

Топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр топқа түрлі бағыттағы тапсырмалар ұсынылады. Тапсырма үлгілері: Отбасы мүшелеріне топтастыру жасату.

Постер жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Топтық жұмыстары топта оқылады. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бағалау.

Ақ қағаздар, маркерлер

59




Кері

Кері байланыс:

Сабаққа, бір-бірінің


Кері байланыс

байланыс

Смайликтер арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

жасаған жұмыстарына

тақтайшасы



кері байланыс береді.

Стикерлерге жазып жапсырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
15465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі