400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ананас жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ананас жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімдік жоспарлау

Сабақ тақырыбы: Ананас жасау.

Пәні:Еңбекке баулу

Күні:

СЫНЫП:

Мұғалімнің аты:

Жалпы оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға ананас туралы мағлұмат беру,  қағаздан ананасты жасау ретін үйренеді.Оқушылар танымдық  қызығушылықтарын,  шығармашылық ізденіс әрекеттерін дамытады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қатырғықағазбен жұмыс жасауды үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі: Қатырғықағазбен жұмыс жасауды біледі.

Кейбір оқушылар: Қатырғықақағаздан Ананас жемісін жасай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:Істей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: (Ca )кальций,  (K)калий (Cu)мыс, (Fe)темір, (Mg)магний, (P)фосфор және (Mn)марганец

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Ананас,европа,

Талқылауға арналған тармақтар: Бәйтерек деген сөзді естіген кезде көз алдымызға не келеді?

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба? мультфильмді қалай жасайтынын білесіңдер ме?

Жазылым бойынша ұсыныстар: ережелерді жазып алады

Алдыңғы оқу

«Бәйтерек» ашықхатын жасау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Зымыран сұрақтар

1.Ашық  хатты қандай қағаздан жасаймыз?

2.Ашық  хатты кімдерге сыйлаймыз?

3.Ашық   хатқа қандай тілектер жазамыз?

Суреттер

Ортасы

Тақтадан жеміс түрлерінің  суреттерін  көрсету. Жемістердің адам ағзасына келтіретін пайдасы туралы түсіндіру. Жергілікті жерде өсетін жемістерге тоқталу.

Біздің елімізде экзотикалық жеміс ретінде белгілі болған ананасты  танымайтын адам жоқ. Қонаққа барсақ та, қонақ күтсек те дастархан үстінен табылатын бұл жемістің дәмі тіпті бөлек әңгіме. Ал тарихы ше?

Ананастың тарихы. Ең алғаш рет еуропалықтар ананасты 1940 жылы Кариб аралдарынан әкелген. Колумб пен оның  ізбасарлары ананасты Еуропаға әкеліп, мұндай климатта оны өмір сүре алмайды деп ойлады.

Көп жылдар бойы бұл тезбұзылғыш жемісті сән ретінде пайдаланып келді. Тіпті оны ауыздарына алып, дәмін де көрген жоқ.  Үй иесінің қандай бақуатты екенін көрсетіп,  тек дастархан үстіне сән  үшін қойып қоятын болған.  Қазір ананас  жер шарының барлық тропикалық өңірлерінде өсіріледі.

Ананастың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

100г  ананастың шамамен 80  пайызы дәруменге толы. Әсіресе С дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің  қалыпты жұмыс жасауына  көмектесетін  В1 және В6 дәрумендері  де жоқ емес.Ананастың құрамында мынадай минералдар бар: (Ca )кальций,  (K)калий (Cu)мыс, (Fe)темір, (Mg)магний, (P)фосфор және (Mn)марганец.Ананастың 100 грамында 50  ккал калория бар. Оның құрамында май болмағанымен, ас қорыту жұмысын жақсартатын жоғары мөлшерде жасұнық бар.


Түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.

Аяқталуы

Жұмыстың орындалу реті:

1.Сары түсті 7 бет қағаз дайында. Қағаздың бетін өлшемі 7х5 см болатын тіктөртбұрыштарға бөл. Сызық бойымен тіктөртбұрыштарды қиып ал.

2.Қиып алынған тіктөртбұрыштардан  суретте көрсетілген ретпен ананасты  құрастыратын ұсақ бөлшектерді дайында.

3.Бір үшбұрышты сары бөлшекке екі үшбұрышты сары бөлшекті кигізу арқылы жалғастыр. Бір-біріне біріктіру үшін желімді пайдаланған дұрыс.

4.Ананастың астыңғы бөлігін шахмат түрінде біріктіре отырып дөңгелекте.  Ананастың келесі қатарларын осы тәсілмен тұрғыз.

5.Алты жасыл түсті қағаздан 7х5 см өлшемдегі тіктөртбұрыштар қиып ал. Үшбұрышты бөлшектерді дайындап, жапырақ пішініне келтіріп, бөлшектерді бір- біріне кигіз.

6.Дайын болған ананасқа жапырақтарын біріктір.

Қауіпсіздік ережесі

1.Қайшымен жұмыс жасау кезінде сақтауға тиісті ережені еске салу.

2.Желіммен жұмыс жасап болған соң, қолды сабындап жуу керек.

Оқушылар топпен  қағаздан ананасты жасау үшін қажет тіктөртбұрыштарды қиып дайындайды.Жұмыс жасау барысында жеке оқушыларға,  топқа бағыт-бағдар беру, топта 1-2 оқушы  тіктөртбұрышты   қию қалған топ мүшелері үлгі бойынша қағазды бүктеу.  Бүктелген бөлшекті  біріктіру. Әдемі заттар адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды, сендер де әдемі ананас құрастырып көріңдер.

Суреттер

Қосымша ақпарат : Интернеттен алынды.

Саралау – Сіз қосымше көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Панаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Деңгейіна қарай тапсырмалар беремін. Жұмысты аяқтап келу.        

«Бас бармақ» әдісі.

Қазақ тілі,орыс тілі,дүниетану.

Рефлекция.Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1032
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі