400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Анашым - мақтанышым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне немесе машықкерлерге сабақ уақытында қолдануға арналған. Сабақ жоспары музыка пәніне арналып жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Музыка

Күні: 22-24.11.2017ж

Сыныбы: 0 «Е»

Тақырыбы: «Анашым – мақтанышым»

Мұғалімі: Нұрболқызы Жәннат

ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты:

0.1.1.1. Таныс әндерді қарапайым әуендерден ажырату.

0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүймелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.

0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Таныс әндерді қарапайым әндерден ажырата алады.

көпшілік балалар:

Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

кейбір балалар:

Ән сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады.

Тілдік мақсат

Балалар:

Сүйікті әндері туралы өз ойларын әңгімелей алады.

Әннің көңіл күйін жеткізе алады.

Көптілділік: ана – мама – mother.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Музыкалық шығарма, әуен, ән, музыка.

Пікір алмасу сұрақтары:

Композитор деген кім?

Ән айтқанды ұнатасың ба?

Ән әуеніне сай қандай қимылдар жасар едің?

Өткен сабақтарда алған білім

Балалар өткен сабақта үйренген әндерін қайталайды, сол әуенге сәйкес би қимылдарын жасайды.

Өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй

орнату

0-2 минут

Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

    1. минут

Балалармен амандасу. Өткен сабақта не өткенімізді қайталап, еске түсіру. Қандай музыка тыңдағанымызды және ол не туралы екенін баяндау.

Әлемдегі ең қымбат жан кім деп ойлайсыңдар?

Суреттен түрлі мамандықтарды көрсетіп, ана – аспаз, ана – дәрігер, ана – ұстаз, ана – күтуші екенін түсіндіру.

Ананың аялы алақаны сендерді әрқашан қорғап, қолдап отырады. Бүгінгі тақырыбымыз сол аяулы аналар жайында болмақ.

Аналардың

суреттері, түрлі мамандықта жүрген аналардың суреттері.

ҰОҚ-нің ортасы

Тақырып бойынша

жұмыс

6-27 минут

Музыка тыңдау: «Жан анам» (муз. О. Пелевина, сөзі Г. Құрымбаева). Тыңдаған әннің кім туралы екенін, қандай көңіл күйде жазылғанын сұрау, әңгімелеу. Өз аналары туралы балалардың пікірлерін тыңдау.

Музыканың сипатын сөз ету.

(Т, Ж) Дауыс жаттығулары: «Әлди-әлди» халық әні. Бұл ән ұйықтар алдында айтылатындықтан әнді айғайламай, байыппен, баяу айту қажет.

(Т, Ж) Ән айту: «Ақ мамам» (муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева). Әнді педагог өзі орындап, балалардан сұрақ-жауап алады. Әннің кім туралы айтылғанын, қандай көңіл күйде орындалатынын (көңілді, көңілсіз, баяу, жүрдек) әңгімелеу. Әннің мәтінін қайталап, әуенге қосылып айту. Балалар мәтінді анық айтуын, бір-бірін тыңдай отырып әндетуін қадағалау.

(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Сылдырмақты серуен»

(муз. Ж. Тезекбаев).

Музыка әуеніне ілесіп сылдырмақтың көмегімен ырғақты қимылдар жасау. Балалардың ырғаққа дұрыс ілесіп орындауларын қадағалау. Әуенге ілесіп мәнерлі қимылдар келтіру.

(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Анаң сені қалай еркелетеді? Сен анаңа қандай тілек айтар едің? Сүйікті анаңа сыйлайтын гүлдердің суретін салып, боя.

Бубеннің дауысы қандай? Ол қандай аспаптың түріне жатады (ұрмалы, ішекті)? Суретке мұқият қара. Тасбақа, қоян, қасқырдың жылдамдықтары әртүрлі. Бубенге қайсысы тез жетеді?

2-сабақ. айсұлудың сұрағы: Әннің ырғағы, көңіл күйі қандай? Қандай әсерге бөлендің? Бұл әннің сипаты берілген қай суретке сәйкес келеді?

Таңдаған суретіңді өзің қалаған түстермен боя.

Аналар мерекесінде өз анаңа не сыйлар едің? Әдемі моншақ сыйлағың келе ме? Әртүрлі түстермен моншақтарды боя. «Жан анам» әнінің ырғағына сәйкес келетін сызықтар үлгісін қызыл түспен бастыр.

«Жан анам» әні

«Әлди-әлди» халық әні «Ақ мамам» әні

Сылдырмақтармен музыка әуеніне ілесіп қимылдар жасау Әліппедәптермен жұмыс жасау үшін түрлі түсті қарындаштар

ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия

28-30 минут

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ қалай өтті?

  • Анасына арнап кім ән айта алады? (Сабақтан тыс үйренген әндерінен).Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.

Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
3556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі