жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Ақкөңілділік туралы
Тексерілді: _______________ «____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: _______________
Күні: _______________
№: 11
Мұғалімі: _________________________
Сыныбы: 6
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.
|
Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. http://kz-minusovki.ucoz.kz 3. bilim-all.kz |
|
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №10 – сабақ.Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №11, «Достар» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады. Ш.Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту. Сұрақтар:
|
|
Ағайындылар Бір ауылда екі ағайынды тұрыпты. Үлкені үйленіп, әке-шешесімен бірге тұрады, ал кішісі ауылдың шетінде тұрды. Екеуі де көп еңбектенсе де, өмірлері қиын болды, олар байымады. Бірде қуаңшылық жыл болады. Інісі былай ойлады: «Ағамның жағдайы қиын, әйелі мен балалары, әке-шешеміз - соның мойнында. Өзімнің қорларымнан бірнеше бу бидай апарып берейінші» -дейді. Солай ойлап, жүріп кетеді. Қараңғыда жолда ол өзі сияқты бидай апара жатқан адамды көреді. Ойлағанын іске асырып, үйіне келсе, таң қалады: ондағы жиырма бу бидайы сол қалпында тұр екен. Арқасына қайтадан төрт бума бидай көтеріп, тағы да ағасына кетеді. Тағы да сол бейтаныс адамды көріп, ол өзінің ағасын таниды. Ағасы да солай ойлаған: «Інім қиналып жүр ғой, оған көмектесіп жіберейін». Сұрақтар:
|
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар бес топқа бөлінеді. 1 – топ: «Мейірімділік» Жанұялық көмек 2 – топ: «Жанашырлық» Сыныптастық көмек 3 – топ: «Ізгілік» Өз-өзіме көмек 4 – топ: «Қамқорлық» Табиғатқа көмек Тапсырма: сурет салу арқылы, сахналық көрініс арқылы қорғау. |
|
|
Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №11 – сабақ. Достық, бауырмалдық туралы мақал – мәтелдер жазу. 2. Келесі сабақ. №12, «Ғазизаның балалары» мәтінін оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген