400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ақпарат құралдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-орыс класына қазақ тілінен сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ә. Ж. Достанова

Пән: қазақ тілі

Сынып: 9 орыс

Тақырыбы: Ақпарат құралдары

Күні: 06 .03. 2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Э. М. Курантаева

Сабақ №97

Сабақ мақсаттары:


Ақпарат құралдарының түрлері және олардың адамзатқа қаншалықты дәрежеде қызмет атқаратындығын түсіну, сондай-ақ қазіргі кезде ғаламтордың неге радионы ығыстырып шығарғандығы жайлы білу

Барлық оқушылар орындай алады:

Ақпарат құралдары туралы түсінгенін айта алады, сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінмен жұмыстанып, мазмұнын айта алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтінді мұғалімнің көмегінсіз аудара алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Мәтінді аударады, сұраққа жауап бере алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақпарат, ғаламтор

Талқылауға арналған сұрақтар:

Журналист мамандығы біздің өмірімізге қажетті мамандық па? Қажет болса не үшін? Ақпарат құралдарының адамға әсері қандай? Олардың маңыздылығы неде деп ойлайсыңдар? Болашақта қандай ақпарат құралдарының түрлері пайда болуы мүмкін?

Алдыңғы оқу:

Қайталау. Тақырыптық тест

Жоспар:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар, бағалау:

Басы: (8минут)

Топтастыру

«Түстер»

«Ыстық алақан» арқылы топтасады.

Үй тапсырмасы сұралады. (мәтінді жазбаша аудару, сұрақ-жауап)

Кілтілгіш түстері арқылы топтасады

Ортасы:

ЕРЕЖЕ: Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар.

1.Шартты бағыныңқы Жауын жауса, үйде отырамын

2.Қарсылықты бағыныңқы Қыстың келгені болмаса, қар жаумады

3. Себеп бағыныңқы Күн суық болғандықтан, біз серуенге шықпадық

4. Мезгіл бағыныңқы Екеуі кешке үйден шыққанда, қонақтар әлі тарамаған екен

5. Қимыл-сын бағыныңқы Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді

6. Мақсат бағыныңқы Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады.

«Сәйкестендір» (5 минут)

Топтарға сөздер мен аудармасы беріледі, оқушылар сәйкестендіреді.

Мерзімді басылым – периодические издания

Салыстырғанда – по сравнению

Баяндау – излагать

Деректер – сведения

Тереңірек – глубже

Талдау жасайды – анализирует

Орнығу – укрепление



Жоспарлау – планировать

Кескін – изображение

Айқындылық – четкость

Озық – передовой

Сапа – качество

Қашықтық – расстояние

Жасырмайды – не скрывают

Мәлімет – информация

Әуестену – увлекаться

Кедейлік –бедность

Сенімділік – уверенность

Орынды - целесообразно


«Аудармашылар» (15 минут) Мәтінмен жұмыс

Екі топқа газет, теледидар және ғаламтор жайлы мәтіндер беріледі және аудару сұралады.

1 мәтін.

Журнал – мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журнал газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. бесінші қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – «Айқап» 1911 – 1915 жж. аралығында жарық көрді. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.


2 мәтін.

Қазіргі кезде теледидарды әр үйден табуға болады. Сондықтан өз отбасыңызбен көретін телебағдарламаларды жоспарлап қойған дұрыс. Экраны үлкен теледидарды 2-3 метрдей қашықтықта отырып көру керек. Ал сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қазіргі теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. Мынаны есте сақтаңдар: 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспағаны маңызды.

3 мәтін.

Бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктері аса зор. Ол қолданылуы мен маңыздылығы жөнінен басқа ақпарат құралдарын артқа тастады. Бұл ақпарат көзінен кез келген мәліметті өте оңай тауып алуға болады. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келеді дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. Ғаламторды, оның материалдарын орынды пайдалана білген жөн.

«Қазымыр оқушы» (10минут)

Мәтіндер бойынша әр топ 10 сұрақтан құрастырады.

дәптер, қима қағаздар

Соңы:

«Бағдаршам» түсінбедім, толық түсінбедім, бәрі түсінікті

«Бағдаршам» суреті

Үйге тапсырма:

Радио туралы ақпарат жинау. Сабақтас құрмалас сөйлем туралы ереже жаттау.

Қосымша ақпарат:

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сөзбен мадақтау, төмен дәрежелі сұрақ қою, ойлануға уақыт беру, қайта бағыттау сұрақтарын қою.

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сыни тұрғыдан ойлайтын сұрақ және жоғары дәрежелі сұрақ қою

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспар-лайсыз?

Бірін бірі бағалау, стразбен бағалау, топ басшысының бағалауы





Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Денсаулық және қауіпсіз-дік, АКТ-мен байланыс. (инт. тақтаны орынды қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі) бірін-бірі тыңдау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі