400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Ар - ұждан үні 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

№: 3

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ар – ұждан үні

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, шыншылдық, өз – өзіне адал болу.

Мақсаты: Оқушылардың ар – ұждан туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://kk.wikipedia.org

2. kazbilim-edu.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үйге тапсырмны тексеру.

1. №2 – сабақ. М.Әуезовтың «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой – толғау жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №3, «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Адамның көксеген қандай арманы бар еді?

  2. Шәкәрім Абайға берген уәдесін орындау үшін не істеді?

  3. Ең жақсы адам деп қандай адамды айтуға болады?

  4. Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  5. Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы.

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Сұрақтар:

  1. Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. «Ойлы - ұятты», «абыройлы - ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бозорамал

П. Джон

Автобус аялдамасында ешкімді елеместен мұңға батып, жалғыз жігіт отыр. Жолаушылардың кейбірі оған көңіл аударып, қарап өтсе, енді біреулері қарамайды да. Жігіттің оларға мойын бұруға мұршасы да жоқ, терең ойға батқан.

Ол өткен өмірін қайта-қайта есіне алды. Жиырма жылдай бұрын ол келесі көшедегі қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп, бақытты балалық шағын өткізіп еді. Бұл үй мүмкін орнында жоқ та шығар бірақ, қызыл-жасыл гүлдер орнында қалған болар. Ол үйінің маңындағы сол гүлдерді есінен бір сәт те шығара алмады. Үйдің жанында әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек, өзі алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяң жол бәрі-бәрі есінде. Ата-анасы осы велосипедті бірнеше ай бойы еңбек-ақыларын жинап алып беріп еді. Араға оншақты жыл салып, велосипедті мопедке ауыстырды.

Жасөспірім енді ата-анасына төбесін сирек көрсететін жағдайға жетті. Өзі ақша таба бастады, достары да көбейді, ол үшін ата-анасы өмірден артта қалғандай болып, олардан гөрі, достарымен сауық кештерде уақыт өткізу қызықтырақ көрінді.

Жігіт өмірінің осы бір кезеңін есіне алғанда жаны түршікті, оны жан дүниесінің көмескілеу жеріне жасырғысы келді де өне бойы дір ете қалды. Ол сол күні алған қарыздары жиналып қалып, ата-анасына ақша сұрауға келді. Анасы ұлын көргенде құрақ ұшып, барын аузына тосты, әкесі баласына әкелік мейірімін төкті. Ал ұлы әке-шешесінің ақшасын рұқсатсыз алған күйі кете барды.

Осы күннен бастап жасөспірім ата-анасының бет-жүзін көрген жоқ. Өзінің осы қылығынан соң ата-анасының жүзіне қарауға дәті де шыдамады. Сөйтіп, ол өте алысқа кетті...

Ата-анасы баласының өмірінен хабарсыз еді.

Ол кейде түнде айға қарап, өз ата-анасын есіне алатын, «егер ата-анам аман болса, мені көргілері келсе, әйтеуір бір үйіме барармын», - деп ойлайтын.

Жігіт үлкен қалада жұмысқа орналасады, жұмыстан қолы қалт өте қалса, ойына ата-анасы мен үйі түсетін, көзге көрінбейтін бір күш үйіне қарай тарта беретін еді. Көз алдына кішкентай кірпіш үйі мен үйінің маңындағы қызылды-жасылды гүлдер елес болып орала кететін.

Ақыры үйіне қайтуға бел буғанымен, жолға ақшасы болмай, ұзақ жолға жаяу шығады. Жол-жөнекей кездескен көліктерге мініп, жаяулатып үйіне жақын қалған жігіттің ойы сан саққа кетеді.

...Ата-анасының үйіне қайта баруға қақысы бар ма? Өзін жан-төнімен сүйген адамдар жасаған қиянатын кешіре ме?

Жігіт күні бойы ағаш астында отырып өз ойымен әлек болды. Сөйтіп, кеш бата бір күн бойы, бірақ бірнеше сөз ғана жазылған хатты пошта жәшігіне салды. Хатта «Мені көргілерің келетінін ойлау ақымақтық болар. Бірақ қалау өздеріңізден. Бейсенбі күні таң сәріде мен біздің көшеде боламын, мені көргілеріңіз келсе, Босағаға боз орамал байларсыздар. Егер орамал болса, мен үйге кірермін, егер болмаса, туған үйге қолымды ең ақырғы рет бұлғап, өз жөніммен кетермін...» деп жазылған еді.

Міне, күткен бейсенбі күнінің де таңы атты. Жігіттің жүрегі алып ұшып, асығып келеді. Кенет өз ойынан өзі шошып, кілт тоңтай қалды. Мүмкін ата-анасы басқа жаққа көшіп кеткен болар... Босағада боз орамал болмаса ше... Егер боз орамал босағада болмаса, көршілерге кіріп, ата-анамның жағдайын біліп, өз жөніме кетермін...

Өзімен өзі ойға батқан жігіт ағаш маңында бірнеше минут аялдап, көшесіне жасқана көз қиығын салды.

Өз көзіне өзі сенер емес. Анадайдан туған үйі аппақ шағаладай жарқырайды. Үйдің барлық есік терезесі ақ матадан көрінбейді. Үй бозарып атқан ақ таңның сәулесімен шағылысып тұр еді.

Екі көзден парлап аққан жасқа ие бола алмаған жігіт, үйінің босағасына қалай жеткенін де байқамай қалды. Ал оның алдында туған үйдің есігі шалқасынан ашық тұр еді.

Сұрақтар:

  • 1. Әңгіме не туралы? Кім туралы айтылған ?

  • 2. Әңгіменің негізгі ойы қандай?

  • 3. Кім өз өмірлерінен мысал келтіре алады?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Ар»

2 – топ: «Намыс»

3 – топ: «Ұждан»
Тапсырма: «Ойы, сөзі, іс – әрекетінің бірлігімен үлгі болатын адам» туралы мысал келтіріп, айтыңдар.


6. Топпен ән айту.

Сөзі: Мұғалімдер шығармашылығы

«Ертегілер әні» сазымен

1. Ақиқаттың әнін,

Айтатынмын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Қайырмасы:


7. Үй тапсырмасы.

1. №3 – сабақ. Шәкәрім аталарыңа хат жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №4, «Шын бақыттың айнасы» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі