400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ар- ұждан үні" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ өзін- өзі тану пәнінен 8 сыныпқа арналған. оқушыларға танып-білудің қажеттілігін түсіндіре отырып, адалдық қасиеті туралы түсінік беру. оқушыларды алға қойған мақсатына жетудің жолдарын үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу. оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

№19ЖОББМ Мерзімі: №3 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ар-ұждан үні Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Жумабаева Э.С. Сыныбы: 8 «а,б,в,г.»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке толы болса ол адамның жан дүниесі сұлу.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету ;

Дамытушылық: - кешірімді болуға, кеңшілік танытуға баулу;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».



2. Үй тапсырмасын тексеру.

« Қазақтың дара тұлғалары» жайлы жазып келген жұмыстарын қорғау.


3. Дәйексөз

«Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы»

  • Арлы деп кімді айтамыз?

  • Айналаңда сен үшін кім ардақты?

«Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге»

  • Неге ұлдың ұяты әкеге, ал қыздың ұяты шешеге деп айтылады?

  • Сені үйде көбірек кім тәлімге жетелейді? Неліктен?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу Ахат Шәкәрімұлы

Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім

  • Абайдың көксеген қандай арманы бар еді?

  • Шәкәрім Абайға берген уәдесін орындау үшін не істеді?

  • Ең жақсы адам деп қандай адамды айтуға болады?

  • Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  • Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен

Мәтінді оқушылар оқып,сұрақ –жауап.

5. Шығармашылық жұмыс

1 – тарсырма: Сұрақтарға жауап жаз:

  • Ар-ұждан дегеніміз не?

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?

  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

  • Адамның адами қасиеті жаңара ма, әлде ол туа біте ме?








6. Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: « Ар-ұждан» тақырыбында өз өміріңнен мысал келтіріп шағын әңгіме жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі