15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сабақ жоспары "Ар-намыс керек адамға" 9 сынып
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Покровка орта мектебі Мерзімі:.
Мұғалім: Омарова Динара Аскаровна
Сынып:9
Оқушылар саны:
Сабақ №11
Тақырып: Ар-намыс керек адамға
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: абыройлы, өзіне өзі есеп беру, шыншыл
|
Сабақ мақсаты:Ар-намыс, ұят, шындық ұғымдарының мәнін түсіне отырып, Ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: 1. Ұят, ар, намыс ұғымдары туралы білімдерін кеңейту; 2.Шыншыл, намысшыл болуға ықпал ету; 3.Өзіне өзі есеп беріп,әр істі абыроймен атқарып өмір сүруге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) оқулық, дәптер, музыка, А3 – үш топқа, фломастерлер, маркерлер |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен) Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын » Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Тыныштық сәтінен алған әсерлер туралы пікір алмасу. |
|
|
|
Ұят – ар сақтайды, арлыны ел мақтайды. Халық мақалы 3.1. Дәйексөзді оқыту 3.2. Дәйексөздің мәнін ашу. - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Дәптерге жазу. |
|
Балқар аңызы (халық аңызы) ...Алғашқы қар жауған күн екен. Таңертеңмен бір қария үйден шығып, айналаға қараса, аппақ қар жатады және өздерінің үйінің есігінен шығып кеткен бір ізді көреді. «Астапыралла, отбасымның барлық мүшесі әлі ұйықтап жатыр емес пе? Сонда үйден шығып кеткен бұл кім екен?» - деп әлгі іздің соңынан түсіп жүре береді. Үйден біраз ұзағанда біреуді кезіктіреді. Ол – Нәсіп екен. Ақсақал «Сен қайда бара жатырсың?» - деп сұрайды. Сол кезде Нәсіп «Мен осы күнге дейін сіздердің үйлеріңізде болдым. Енді басқа үйлерге кетіп бара жатырмын. Оларға да баруым керек қой» - деп жауап береді. Ақсақал Нәсіпке кетпеуін, үйге қайта келуін өтінеді. Сонда Нәсіп «Мен сенің бір тілегіңді орындайын, айтыңыз» дейді. Ақсақал болса «Жүр, үйге жүр. Отбасыммен ақылдасып отырып тілегімді айтайын.» - дейді. Алайда Нәсіп осы жерде күтетінін, ақсақалдың өзі барып отбасы мүшелерімен ақылдасып келуіне кеңес береді. Амал жоқ, ақсақал асығып, алып-ұшып үйіне келеді. Әйелін, бала-шағасын оятып, ақылдасуға шақырады. Бәрі жиналып әртүрлі тілектерін айтады. Біреуі алтын керек, ақша керек, енді бірі жылқы және басқа мал керек дейді. Ақсақал соңында «Ал бәрің айтып болдыңдар ма?» - деп сұрайды. Сол кезде біреуі «анау шымылдықтың ар жағында отырған келін қалды. Сол айтқан жоқ» дейді. Атасы жас келіннің тілегін сұрап келуге кіші қызын жұмсайды. Бір кіші қайын сіңлісі тілмаш секілді отбасы мен келіннің арасында делдал болып жүреді. Сөйтіп, жас келіннен қандай тілегің бар деп сұраса, ол «абырой, намыс керек» депті. Оны естіген ақсақал «Бәріңнің манадан айтқан ойларың көңілімнен шықпады. Жас келініміздің тілегі ерекше екен. Мен осыған тоқтам жасап отырмын. Барып Нәсіпке айтамын» - деп, тұра жөнеліпті. Нәсіпке келіп, «Байлығымды, дүние-мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой, намысты қалдырсаңыз болғаны», - дейді. Мұны естіген Нәсіп «Мен кеткелі тұр едім. Ал мына тілектеріңмен аяқ-қолымды байлап тастағандай болдыңдар. Енді мен ешқайда кетпей, сіздермен бірге бола беремін. Абырой, намыс болған жерде, бақыт та, береке де болады. Адамға абырой, намыстан асқан рухани құндылық жоқ» - депті. Сөйтіп, Нәсіп ақсақалға ілесіп, үйлеріне келген екен. Сұрақтар: 1. Әңгімедегі ақсақал Нәсіпті қалай үйіне қайтарды? 2. Неліктен абырой, намыс болған жерде бақыт та, береке де болады? 3. Өзіне өзі есеп беріп, өзінен өзі ұяла білетін адамның бойында қандай қасиет болады? 4. Қай кезде өз бойыңдағы ар-намысыңның күшін анық сездің? |
|
Топқа бөлу.Қима қағаздармен: «Қыз ары», «Ер намысы», 1 - топ.«Қыз ары» - қазақ тарихынан және біздің заманымыздан «қыз ары» үшін болған оқиғадан мысалдар келтіру. 2 – топ. «Ер намысы»- қазақ тарихынан және біздің заманымыздан «ер намысы» туралы болған оқиғадан мысалдар келтіру. Әр топты тыңдау, қолдау, түсіну, пікір айту. |
|
Ән: «Ертеңіме сенемін» Роза Рымбаева Өмірімнің мәні өлеңім – Жайқалғанда жасыл желегім. Мен өміріме, өлеңіме сенемін, сенем. Жайқалғанда жасыл желегім – Ертеңімді табар қорегім, Мен ертеңіме, ертеңіме сенемін сенем. Қайырмасы: Сенемін бақытқа бастайтын жолға, Арманым жетелер алға- Тағдырдың бесігі – көнемін, көнем, Көнемін Ыстығы-суығы қатар, Жаныма аяздай батар Ғажайып ертеңге, ертеңге сенем. Ертемін мен ойлар ертемен, Мәңгілікті жарып өртенем. Жырларыма, нұр бағыма сенемін, сенем. Өмір сүйіп жаяр өркенім - Өмірімнің күйін шертемін. Ертеңім менің, ертеңім, ертеңіме сенем. Қайырмасы: Сенемін бақытқа бастайтын жолға, Арманым жетелер алға - Тағдырдың бесігі – көнемін, көнем, Көнемін Ыстығы-суығы қатар, Жаныма аяздай батар Ғажайып ертеңге, ертеңге сенем. |
|
№11- сабақ бойынша ұят, ар, намыс туралы өзің ұнатқан даналардан екі даналық ой және өзің ойдан құрастырған бір даналық ой жазу. № 12-сабақ бойынша Абайдың «Ойға түстім толғандым» өлеңін оқу, оқулықтың 73-74 беттері. |
|
Енді көзімізді жұмып, сабақ бойы естігендерімізді ойша қорытуға тырысайық. Бойында ар-намысы мол адам - Ақиқатқа жеткені - Ол, адамның нағыз шынайы болмыс «мені». Осы сәтті түсінетін, мақсат жолы бар адам, Біртұтас әлемменен әрқашанда үйлесімді. Құрметті оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді, әсерлерімізді жүрек түбіне түйіп қояйық. Ар-намысымызды өмірде жоғары ұстайық. Сабағымызды осымен аяқтаймыз. Сау болыңыздар. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген