Материалдар / Сабақ жоспары Армысың кең дүние 6 сынып

Сабақ жоспары Армысың кең дүние 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2019
922
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армысың, кең дүние!

Мақсаты: Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көз-қарастарын дамыту. Міндеттері: - Оқушыларға «дүние», «әлем» жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету; - Оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету;Ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: аудиокассета. Шаттық шеңбері Оқушылар шеңберге тұрып, Ш.Сариевтың сөзіне жазылған Ж.Тұяқбаевтың «Айналдым сенен, атамекен!» әнін орындайды. әнді оқушыларға аудиокассетадан тыңдатуға да болады. Айналдым сенен, атамекен! Сөзі Ш.Сариевтікі Әні Ж.Тұяқбаевтікі Әңгімелесу Мұғалім оқушылардың «дүние», «әлем», «қоршаған орта» ұғымдары туралы түсініктерін аңғарып, сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтарға назар аудартады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру кезінде өздерін қоршап шексіз кең дүниені көз алдарына елестетеді. Қоршаған ортаға деген өз қарым-қатынастары жөнінде ойланады. Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылай келе, адамның дүниеге саналы, дұрыс көзқарасының орнығуы адам өмірі үшін аса маңызды екенін айтады. Мәтінмен жұмыс Мәтінмен жұмыс ретінде «Бұлбұл, жарғанат және қарақұрт» ертегісін оқу ұсынылады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің басты идеясын түсінуге тырысады. Мұғалім мәтіндегі тіршілік иелерінің кең дүниені қалай қабылдауы, оған өзінің қатынасын қалайша білдіруі сияқты негізгі ойға оқушылардың зейінін аударады. Мәтінде айтылғандай, бұлбұлдың «мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіп, таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алуының» мәні неде, ал жарғанаттың «әлемді тербеткен бұлбұл әнін өлердей жек көріп, таң саз бергенде бұлбұл әні естілсе болды, өзінің қапас үңгіріне кіріп алуының» мәні неде екенін оқушылардың ой таразысына салып, өз пайымдарын айтуына болады. Сондай-ақ оқушылар мұғалімнің нұсқауымен неліктен бұлбұлдың «О, құдіретті күн! Тек шапағыңды жалпақ аңғарға! Жайқалып, жандансын дала, жайнасын жалпақ өңір! Сен бар жерде өмір бар! Сен бар жерде тірлік бар!» - декгенін, ал жарғанаттың «Қараңғылықтың құшағы жақсы ғой. Соны да түсінбейді. Қызық өмір менің үңгірімде», - деп айтуының себебі неде екеніне ой жүгіртіп, өз пікірлерін білдіреді. Бұлбұлдың үнін өшіру үшін жарғанат неліктен қарақұртты таңдады? Бұлбұлдың «Ойлағаным – ізгілік, жарлағаным – жақсылық нышаны» дегенін қай ісінен байқауға болады? Бұлбұлдың әсем әні қарақұрттың да тас жүрегін жібітуінің себебі неде? Деген сұраулардың төңірегінде балаларды ойландыруға болады. Бұлбұл, жарғанат және қарақұрт Ертегі Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдірді?Жарғанаттың кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде? Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етті? Кең дүние өзіңді қандай сезімге бөлейді?Оқу ақпараты Оқу ақпараты оқушылардың әлем, дүине туралы түсініктерін толықтырады. Көп қырлы, сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең дүние - әсем, шексіз әрі мәңгі. Ақ көңіл, таза ниетпен кең дүние келбетін толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін түсініп, орнын табуға көмектеседі. Осы оқу ақпараты арқылы оқушылар әлемге қатынастың, дүниені ұғынудың адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне мән береді. Өз ойларын ортаға салады. Дәптермен жұмыс2-тапсырма өлеңді оқыңдар. өздеріңнің дүниені көзқарастарыңды әңгімелеп беріңдер. Жүректен жүрекке Оқушылар кезекпен бір-бірлеп шеңберге жиналып, барша әлемді, кең дүниені қалай қабылдайтындарын былайша білдіреді: - Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін. әлем маған бар байлығын сыйлайды. Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын».

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ